Ұлыстың Ұлы мерекесі – Наурыз мейрамы Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен 37 мекемесінде аталып өтті.
Шараны Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев ашып, қызығынан қиындығы көп қылмыстық -атқару жүйесі қызметкерлерін Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтап, бүкіл Шығыс халықтарына ортақ мерекенің шығу тарихы мен мән-жайына кеңінен тоқталды. Мұнан соң Наурыз мерекесіне арнайы ақ тілектерін айтып, бата берілді.Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері дәріптеліп, қызметкерлер арасында арқан тартыс тәрізді спорттық ойындар ойнатылды. Тоқшылықтың басы, береке бастауы – жеті түрлі дәмнен жасалған Наурыз көже таратылып, мерекелік шашу шашылды.
Мерекелік шара соңында «Бір тал кессең,он тал ек»қағидасын ұстанған ҚАЖ департаментінің басшылығы, қызметкерлер мекеме аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.


