Мекеменің психолог маманы сотталған әйелдермен сұхбат жүргізді

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің психологы Ақгүл Аманова жаза мерзімін өтеп жүрген әйел азаматшалармен тренинг жүргізді. Қазіргі таңда мекемеде 13 азаматша жазасын өтеуде. Олар абайсызда қылмыс жасап, сот үкімімен 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылғандар.

Тренинг барысында психолог маман қандай жағдай болмасын күйзеліске жағдайларына берілмей, өмірдегі барлық жаңа сынақтардан сүрінбей өтіп, жаңа бір ортаға қалай тез бейімделіп кету, оны жеңуге болатынын айтып, психологиялық кеңес берді. Әйел азаматшалар да белсенділік танытып, өз ойларын ашық айтып, маманға сұрақтарын да қойды.

«Тренинг барысында көптеген қызықты әрі пайдалы кеңестер алдық Жазамды өтеп жатқаныма бір жылдан асты. Алаяқтық бабымен сотталдым. Бостандықта жүріп қу ақшаның соңынан еріп, ақымақтық жасадым. Отбасым, балаларым бар. Олар да мені асыға күтуде. Кейде күйзеліске де түсіп, мекеме психологына жүгінемін. Әрдайым психологиялық көмек беріп, тығырықтан шығуымызға көмектеседі,-дейді сотталған азаматша.

Біздің басты міндетіміз- жазасын өтеушілердің өмірге деген құлшынысын арттыру. Сотталған арасындағы ахуалды дер кезінде анықтап, оларды ұйымшылдыққа шақыру жұмыстарын да атқарамыз. Түрме қабырғасында жүріп күйзеліске түсіп кететін әйелдер де аз емес. Осындай психо-эмоционалдық қиын жағдайда оларға психологиялық көмек көрсетеміз», дейді психолог маман.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...