Мейірімділік әлемді құтқарады

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында елорданың қалалық сотының бастамасымен «Ізгілік жолы» қоғамдық бірлестігі әзірлеген пилоттық жоба аясында ведомствоаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың қайталануының алдын алу шараларын қабылдау, кәсіптік бағдар таңдауда, бос уақытын ұйымдастыруда көмек пен қолдау көрсету.

Бұл жоба бойынша «Ізгілік жолы» қоғамдық қорының қызметкерлері өз жұмыстарын бастады.  Орталыққа кәсіби психологиялық көмек көрсету үшін Байқоңыр ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмаған сотталған азамат шақырылды.  Алдағы уақытта онымен ұзақ мерзімді жұмыс жүргізіліп, психологтың қабылдау күндері белгіленіп, сотталушының мінез-құлқына тиімді ықпал ету мақсатында ата-анасымен де бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.  Кәмелетке толмаған сотталғандар жауапты тұлғалардың ерекше санаты болғандықтан, олардың болашақта қылмыс жасамай, өмірден өз жолдарын табуы маңызды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...