12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиа тренд – заманауи мобилография

Заман дамыған сайын еңбек нарығыда өзгерістерге ұшырап, қоғам СMM, копирайтер, таргетолог, мобилограф, байер сынды жаңа мамандықтармен толығу үстінде. Әрине, заманға сай қоғамның өзгеруі заңды құбылыс.  Тіпті, мұндай маман иелерін жанымыздан табуда қиын емес. Себебі, қазір цифрландыру заманы болғандықтан бір ғана  ұялы телефонның көмегімен табысқа кенеліп, әлемді бағындырып жатқандар бар. Оның үстіне, ұялы телефонға  «еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәрігедейін» тәуелді десек артық болмас.

Осы орайда, мобилография туралы айтсақ, «мобилография» ұғымын ең алғаш ресейлік суретші Дмитрий Резван енгізген екен. Ал, «мобилография» сөзі «мобиль» – «мобильді телефон», «граф» – «жазу, сипаттау, суреттеу» дегенді білдіреді. Мобилография – кәсіби фотоаппараттың көмегіне жүгінбей, қолымыздағы телефонды қолдану арқылы сапалы бейне жасайтын жаңа саланың түрі. Ал, мобилограф – таспасына іліккен кадрларды жинау арқылы әдемі дүние жасайтын адам. 2004 жылы Дүниежүзілік мобилографтар қоғамы құрылған.

Бүгінде мобилография біздің де күнделікті жұмысымыздың ажырамас бір бөлшегіне айналып отыр. Себебі,  жеделділікті талап ететін ортада соттарда ақпараттарды сапалы әрі дереу қоғамға жеткізуде мобилография қажет-ақ.

Маңғыстауда қатысушыларды сот ақпаратын қоғамға сапалы визуализация арқылы жеткізуге баулу, жаңа контентке машықтандыру мақсатында «Медиа тренд – заманауи мобилография» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы, «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық ҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Р.Бейсенов, Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы А.Калпаков, өңірдегі БАҚ-пен байланысты үйлестіруші судьялар, сот әкімшілері, баспасөз қызметкерлері қатысты.

Семинар-тренингте Р.Бейсенов «Бүгінгі таңда қоғамда сұранысқа ие, актуалды бағыттың бірі мобилография. Сондықтан, заманға сай заманауи трендті үйрену, ақпараттарды сапалы әрі жедел визуалиция арқылы қоғамға жеткізу маңызды», — деп қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан әрі А.Калпаков сот жүйесінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығы өңір соттарының жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылатынын назарға алды. Сондай-ақ, департамент басшысы бүгінгі семинар-тренингте айтылған мәліметтерді тәжірибеде шыңдап, қатысушылардың алдағы уақытта сот ақпараттарын жылдам әрі қызықты етіп жеткізетіндіктеріне сенім білдірді.

Іс-шарада спикер шолу видеолары бойынша мастер-класста дұрыс фото-видеоға түсіру, оны монтаждау, әрлеу, әуен қою және т.б. ұялы телефонның көмегімен жасалатын мүмкіндіктерді көрсетті. Сонымен қатар, ол құралдарды фото-бейнеге түсіруге баптау, түсірілім кезіндегі негізгі элементтер, қосымшалардың қызметтері туралы айта отырып, қатысушыларға тапсырмалар берді.

Қатысушылар тапсырмаларды уақытылы орындап, тәжірибеде жасап, өздерінің жылдамдықтарын көрсете білді.

Нұршат Өтеулиева, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын...

Судья – әділдік айнасы

Қазақстан – құқықтың мемлекет болғандықтан, мемлекетіміздің басты кейіпкері соттар...

Электрондық бақылау құралдары

Электрондық бақылау құралдары (ЭБҚ) — қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарды бақылау...

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню в...

№3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

ҚАЖ Департаментінің №3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын...