Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «Болашақ» колледжінің студенттерімен кездесті

Өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс жүргізу аясында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «Болашақ» колледжінің студенттерімен кездесті. Іс-шараның мақсаты — ішкі істер органдарында жастар арасында қызметті насихаттау, түлектерді ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына түсуге бағдарлау.

Кездесу барысында ҚАЖД Пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Ғабит Чутабеков, кадр бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Әйгерім Ибраимова болашақ түлектерге ҚР ІІМ жүйесінің оқу орнына түсу тәртібі, оқу процесінің ерекшеліктері, Қостанай қаласындағы академияға түсуге шешім қабылдаған кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып берді.

Балалар ҚР ІІМ қызметіне кандидаттарды іріктеу кезінде олардың білім деңгейіне, моральдық-іскерлік қасиеттеріне, денсаулық жағдайына және дене шынықтыруға ерекше көңіл бөлінетінін білді. Жоғары сынып оқушыларына ҚР ІІМ жоғары оқу орындары туралы буклеттер таратылды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...