Маңғыстау облысының маманы Президенттік жастар кадр резервіне енді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ақпараты бойынша, Маңғыстау облысынан жобаға барлығы 807 өтінім түсіп, олардың 177 тестілеу сынақтарына жіберілген.

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу, ситуациялық тапсырмалары шешу, ассесмент-орталық, құзыреттілік бойынша сұхбат, комиссия мүшелерімен әңгімелесу, Ұлттық комиссияның отырысы кезеңдерінен сәтті өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне Маңғыстау облысынан Алия Уралова енген.

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жыл сайын жоспарлы түрде өткізіліп келеді.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Ал Уралова Алияның таңдаған бағыты – экономикалық және қаржылық саясат. Алия Шынтасовна – 1988 жылы дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Эссекс университетін аяқтаған. Еңбек жолын KPMG компаниясында аудитор болып бастады. Қазіргі таңда «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ «Бектұрлы» жобасы бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары болып қызмет атқаруда. Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту және жастар үшін әлеуметтік лифтіні жасақтау. Президенттік жастар кадр резервінің өкілдері саяси, «А» корпусы және «Б» корпусының басшылық лауазымдарына конкурссыз негізде тағайындала алады.

Айта кетейік 2023 жылдың 22 желтоқсанында Ұлттық комиссия отырысының нәтижесінде республика бойынша Президенттік жастар кадр резервіне 50 үміткер іріктелген.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...