Маңғыстау аудандық сотының төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жыл 11 желтоқсандағы Жарлығымен Утебалиев Дәурен Дәулетұлы Маңғыстау аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Утебалиев Дәурен Дәулетұлы 1987 жылы 11 қарашада Түпқараған ауданында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы оқу орындарында заңгер, құқық магистрі, экономика және бизнес мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2009 жылы Түпқараған аудандық сотының бас маманы қызметінен бастап, 2010-2012 жылдар арасында Түпқараған аудандық сотының аға сот приставы, 2012-2014 жылдарда Маңғыстау облыстық соты кеңсесінің бақылау және құжат айналымы бөлімінің бас маманы, 2014-2020 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, 2020 жылдан осы кезге дейін Мұнайлы аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарған.

Обжалование подзаконных актов в АППК

17.12.2025 года Законом «О внесении изменений и дополнений в...

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...