Мамандық әлеміне саяхат!

2023 жылдың 10 сәуірі күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде  «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» апталығы аясында университет пен мектептер арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Психологиялық қызмет» секторының психологтары «№71 мектеп-лицейінің» 10-11 сынып оқушыларына «Мамандық әлеміне саяхат» атты тренинг жүргізді.

Тренингтің мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификациясы, мамандықтардың тобы мен оларды таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

Оқушылармен байланысты орнату мақсатында тренинг «Өзіммен пикникке не аламын?» таныстыру жаттығуынан басталды. Тренинг барысында оқушылар бір-бірін жақын танып, қарым-қатынас дағдыларын игерді. Тренингтің негізгі бөлігінде Е.А.Климовтың классификациясы бойынша ойын-жаттығуы жүргізілді. Жаттығудың мақсаты- қатысушылардың қабілеті мен деңгейіне қарай, мамандық таңдауына бағдарлану болып табылады.

Тренинг соңында қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында рефлексия жүргізіліп, оқушылардан жағымды әсер алып, кері байланыс орнатылды.

«Психологиялық қызмет» секторы

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен Ахмет Байтұрсынұлы...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

ҚазҰУ — сапалы білімнің бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі...