12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Көп балалы сотталған әкеге ұлы өлең арнады

Қылмыстық-атқару жүйесінің Қызылорда облысындағы № 68 мемлекеттің мекемесінде ұзақ мерзімді кездесулерге сотталғандардың тек жұбайлары мен жақын туыстары ғана емес, балалары да келеді.

Бүгін алты баланың әкесі Ш. есімді бұл азаматқа екі ұлы мен әйелі ұзақ мерзімді кездесуге келді.

Жазасын өтеуші Ш. ҚР ҚК- нің 188- баптың 1- бөлігімен (мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған.

Ол Шиелінің ауданының тумасы. Сотталғанға дейін тұрақты жұмысы болмаған.

Бүгінде мекеменің шаруашылық бөлімінде дәнекерлеуші болып жұмыс жасайды.

Еңбек жалақысының бір бөлігін сот шешімі бойынша бекіткен төлемін ақтаса, бір бөлігін әйелінің шотына аударып отыр.

  • Жолдасым осында түскелі еңбек жалақысының жарты бөлігін менің шотыма аударып келеді.

Алты баланы асырау оңай емес. Қазір бәрі қымбат.Жұмыссызбын

Балаларымды бір сиырдың сүті мен жәрдемақыға асырап отырмын. Күйеуімнің жіберген ақшасы да қосымша болып, керек-жарағымызға жарайды.

Жолдасымды жұмыспен қамтығаны үшін мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.

Бүгінгі кездесуге екі кіші ұлыммен келдім. Әкесі сотталып кеткенде кенжеміз бір жасқада толмаған болатын. Әкесін көрмеген соң суық болып өспесін деп, әкеліп тұрамын.

Ұл бала үшін ер адамның қатал әрбиесі керек-ақ.

Үлкен ұлым өлең арнап шығарып жазып жіберді. Бұл бір парақ қағазда оның жүрек жарды сағынышы бар.

Кездесуге бара алмадым бүгінгі

Ақ қағазға түсірдім ақ сезімді

Жүрегімнен жалынды жыр төгілді

Сағынышым өлең болып өрілді
Бір кісідей түсініп келем өмірді
Мұңаймаңыз,жоғалтпаңыз сенімді
Әке сенің алып жүрмін тегіңді
Жаман атқа қалдырмаймын өзіңді

Медициналық мекемеге мәжбүрлі жатқызу: психиатриялық сараптама және сот рөлі

Егер тұлғаның ақыл-есі дұрыс еместігіне күмән туындаса, тергеу судьясы...

Каждое Послание Главы государства на контроле у депутатов Мажилиса и Правительства

В преддверии очередного Послания Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу...

№75 мекемесінде арнайы шара өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы...

Индекс благополучия детей в Казахстане вырос на 2,5 пункта

По результатам подведения итогов 2024 года в Казахстане зафиксирован...

Еліміздегі Балалардың әл-ауқат индексі 2,5 пунктке артты

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексінің тұрақты...