12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КӨЛЕҢКЕ

Жақында дәм тартып Алматының іргесінде орналасқан елді мекеннің мейрамханасында жақын досымның жолдастарымен дастарқандас болдым. Көңілді отырыста небір әдемі әзілдер орнымен айтылып жатты. Шамамен барлығымыз жас жағынан құрдас боп шықтық. Әңгіменің негізгі тақырыбы коронавирус індеті, сол баяғы денсаулық, бала-шаға және де саясат (басқосуда бұл міндетті түрде көтерілетін жәйт) жөнінде өрбіді. Не керек, әйтеуір жастарға ренжіп, денсаулыққа өкпелеп, саясатты шашып тастадық. Менің бала кезден білетін досым тумысынан қарапайым, көп сөйлемейтін биязы, айтылған әзілге күліп қойып отыра беретін жігіт. Ол ол ма, мінезіне сай отыз жылдай «үш әріпте» қызмет етіп, сол мекемеден жақында зейнетке шыққан болатын. Ойпырмай, қанша сырлас болып жүріп, досымның қызметі жайлы бір әңгімесін, не болмаса мақтанғанын естімеппін (кейінгі кезде кейбір жас қызметкерлер, қайда істейтіндерін ашық айтып, паңданып кететінін көріп жүрміз ғой). Содан не керек, отырыстың бір мезгілінде қуақылау келген бизнесмен курстасы досыма қалжыңдап тиісе кетті. – Әй, бауырым, өмір бойы «үш әріпте» қызмет жасапсың, зейнетке ерте шықтың. Ал, не таптың? Сенің бойыңдағы қабілетіңмен аз дегенде ауылдың әкімі болып, бізге бір пайдаң тиер еді ғой! – деді қағытып. – Енді міне, денсаулығың шамалы, алатының бір пенсия, қызметіңнің аясында ауылыңа да атың шықпады, – деді онысымен қоймай. – Осы біздің Президент пен үкімет адамдарының талай шет елге ресми сапарлары кезінде өзіңді теледидардан еш көрмедік. Сені сол жерлерде жүр деп естуші едік, – деді екінші бір танысы байыппен, бірақ сынаған сыңаймен. Досым бұл сөзге жымиды да: – Құрғыр, бұл жұмысты да біреу істеу керек шығар, – деп қысқаша жауап қатты. Артынша өз жауабын азырқанғандай: – Сендердің айтып отырған «үш әріп» қызметінің жұмысы өнердің ішіндегі өлең іспетті, бірақ әні күрделі ноталармен жазылғандай. Не естіген адам құлшынып тыңдай алмайды, авторы да, әннің орындаушысы да беймәлім, – деді күліп. – Сонда не, барлау да өнер ме? – деп енді кластасы шап ете қалды. Осы тұста, маған жан досым Бектің әңгімесі еске түсіп, ойым дастарқан үстіндегі тартыстан тыс өз жайымен өрбіп кетті. Бәрібір биязы досымның өз қызметі жайлы ашылып ақпарат бермейтінін біліп тұрмын ғой… Шынында, барлау кәсіп пе, жоқ өнер ме? Өнер емес, бірақ өлең сияқты өмірде қызық та қиын «шығармашылыққа» ие. Кәсіп пе? Олай болса, сегіз қырлы бір сырлы адам іспетті құбылыс. Байқасаңыз, барлау бәрімізге тән қасиет, өйткені, кейде өзге туралы ақпарат жинап, шаруамызды шешеміз. Керек десеңіз, біреулерді сөзбен-ақ үгіттеп, бірге жұмыс та істеп, тұрмыс та құрып жатамыз. Ал кейде барлаушыны «әртіс» деп те айтады. Олай болса, әлгі жоғарыда атап өткен досымның марқұм әкесінің арманы орындалыпты, себебі кезінде баласының әртіс болғанын қалаушы еді. Тарих пен саясатты білмеймін, бірақ барлаушылар үшін «қырғи-қабақ соғыс» 1991-де Кеңестің ыдырауымен бітпеді десек қателеспейміз. Жаңадан саяси аренаға шыққан егемен республикалар мектепті енді бітірген оқушылар сияқты «Енді қай бағытта жылжимыз, не істеуіміз керек?» деп сыртқы саясатта жеке мүдделеріне ауадай қажет ақпаратқа мұқтаж еді. Тек біздің барлаушылар емес, күллі жаңа мемлекеттердің барлау қызметтері де «көлеңкедегі көрінбейтін» жұмыстарын жалғастырумен болды. Әрине, АҚШ, Қытай, Еуропа сияқты саяси салмағы бар елдердің барлау қызметтері сол тарихи кезеңде екі есе қарқынмен жұмыс істеді десек тағы да жаңылмаймыз. Өйткені, біздің елдің басшылығы «Кім не ойлайды, қай бағытқа бет бұрсақ?» деген ойда болса, ірілері «Енді бұлар не істемек» деген нақты сұрақтарға жауап іздеген болатын. Үкімет басшылары ресми кездесулерде «бет сүйіссе», барлаушылар «белдеспей» күресіп жатты. Әріптесіңе сену абзал, бірақ ішкі құпия өзіңде қалсын деген ұстаным болды. Қазір де ақпарат – саясаткерлер үшін оттегі іспетті. Мемлекеттер бір-бірімен қанша жақын болса да, әрқайсысының өз мүддесін жоғары қоюы табиғи жағдай. Бұл жай сөз емес, белгілі шындық. Кеңес заманында дипломаттар барлаушыларды, ал өз кезегінде барлаушылар оларды әзілдеп «көршілер» деп атайтын. 90-жылдардың ортасынан бастап Сыртқы істер министрлігінде қызметте болғанымда, «көрші» азаматтармен таныс және кейбіреуімен талай дастарқандас та болдым. Небір жоғары шендегі «үш әріп» қызметкерлері көбімізге мәлім емес пе?! Әлгі бизнесмен әзілдегендей, «аты шықпаған, сыныптасына септігін тигізе алмаған кейбір «үш әріп» қызметкерлері «өзге тілде үндемей, өзгеге өз тілін үйреткен» десем артық кетпеймін. БҰҰ-ның алты ресми тілінің, ең аз дегенде, үшеуін білген «үш әріп» қызметкерлері – барлаушылар. Осы саладағы адамдарды жеке-дара «материал» деп бекер айтпаған шығар, сірә. Біз «көзге түспейтін майдан жауынгерлері» жәйлі көбіне Кеңес Одағы кезеңіндегі кинолар мен кітаптардан ғана білеміз. Бала кезде, тіпті, соларға еліктеп те өстік. Олар туралы барлық мағлұматқа мұрағаттар ғана қанық. Бірақ, қазақша бұқаралық ақпарат құралдарында барлаушылар туралы мағлұматтар тым аз. Бұл – обьективті жағдай болар. Дегенмен, егер «үндемес» досым әкім болғанда «көлеңкеден» шығып, азды-көпті қоғамда белгілі адам болатын ба еді? Ал белгілі адам болуы оны бизнесмен сыныптастарының алдында сыйлы етер еді-ау, шіркін, деп те ойланып қойдым. Десе де, соңғы уақытта қадірі кете бастаған бұл қызметте де жұмыс істейтін біреу керек-ақ. Біреуі несі…, олар менің биязы досым немесе басқа да аты аталмай жүрген білімді де қарапайым ағалар сияқты азаматтар болуы қажет. Ұлттық қауіпсіздік мәселесі жәй бір нақты нәтиже емес, ол тынымсыз, күнделікті іске асырылатын процесс. Ендігісі «үш әріп» мекемесі өз концепциясы мен кәсіби саясатын жаңа заманның сұранысына сәйкес әрі қарай жаңылмай ұстана білсе, нұр үстіне нұр. Тарихшы болмағандықтан бұл мекеменің өткендегі жетістіктері мен сұрапыл қателіктерін талдауды мамандарға қалдыруды жөн көрдім.

Бахытжан ТАСТАНБЕКОВ

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...