Көктемде қанша қазақстандық әскер қатарына шақырылады?

Көктемде қанша қазақстандық әскерге шақырылуы керек екені белгілі болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 1 наурызда Қазақстан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шаралар басталды. Процедура 18 бен 27 жас аралығындағы ер адамдарға қатысты.

Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының бастығы, полковник Артықов Бауыржан биыл көктемгі мерзімді әскери қызметке барлығы 18 мыңға жуық азамат шақырылуы керек екенін айтты.

«Оның ішінде 7 мыңнан аса адам Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінде, 6 мыңнан астамы — Ұлттық ұланда, 3 мыңнан астамы — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, ТЖМ-де — 300-ден астам, ал Мемлекеттік күзет қызметінде — 80-нен астам адам қызмет етеді», — деп қосты Артықов Бауыржан.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.