Адам кез келген лауазымда тек еңбек дағдыларын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар этикалық және моральдық нормаларды да сақтау қажет.
Бірқатар кәсіп үшін олардың өкілдеріне белгілі бір еңбек дағдыларын меңгеру жеткіліксіз. Сондықтан, олар белгілі бір моральдық және ерікті қасиеттерге ие болуы керек. Олар адамдармен қарым-қатынасты реттейтін белгілі бір қағидалар мен мінез-құлық ережелерін өз ортасында тәжірибе жүзінде қолдануы керек.
Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдардағы міндеттер мен функцияларды іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі. Оны атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің имандылығына, әдептілігіне және адамгершілік қасиеттеріне жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты 2015 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген №153 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі қабылданды.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық мінез-құлқына қойылатын негізгі талаптар, олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы жалпы мінез-құлық стандарттары және мен қызметтік қатынастардағы нормалары көрсетілген. Мемлекеттік қызметшінің әдебі моральдық мәніне, оның мемлекетпен және азаматтық қоғаммен қарым-қатынасына моральдық талаптарды білдіретін қағидаттарды, ережелер мен нормаларды қамтиды.
Мемлекеттің беделін және қоғамның оның қызметкерлеріне деген құрметін арттыру мен қорғау мақсатында әрбір мемлекеттік қызметші әдеп кодексінің мінез-құлық стандарттарының талаптарын сақтауға және өзінің жоғары мәртебесіне сәйкес болуға міндетті.
Сот жүйесінің мемлекеттік қызметшілеріне моральдық-адамгершілік талаптарды арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген имиджі мен сенімін нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік этика нормаларын сақтау мақсатында республика соттарында тұрақты түрде мамандардың қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы, қолжетімділігі, ашықтығы, олардың қызметінің сапасы, моральдық-этикалық нормаларға сәйкестігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты саясаттың негізі ғана емес, сонымен қатар халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттырады.
БҚО, Тасқала аудандық соты
әкімшісінің басшысы
М.С.Темиргалиева