Кәсіби визажист сотталған әйелдерге арналған мастер — класс өткізді

Петропавл әйелдер колониясында сотталғандарды кәсіптік оқыту және табысты қайта әлеуметтендіру шеңберінде СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті макияжды және шаш үлгісін жасауды қамтитын толық бейнені жасау бойынша мастер-класс форматында оқыту курсын ұйымдастырды, оны өткізу үшін «Vildana Beauty Studio» бейнелеу стилисті және сұлулық студиясының басшысы Вильдана Багадат шақырылды. Көрнекі мысал үшін модель ретінде екі сотталған әйел таңдалды.

Бірнеше сағат ішінде, тәжірибелі визажист және шаштараз өзінің білімі мен дағдыларымен бөлісті. Мастер-класс барысында әйелдерге олардың даралығын атап өту және тұлғаның бет-әлпетінің ерекшеліктерін көрсету үшін макияжды қалай дұрыс таңдау керектігін үйретті. Тоналды құралдарды дұрыс қолдануға, контурлауға және көзді ерекшелеуге ерекше назар аударылды. Сотталғандарға бюджеттік, бірақ сонымен бірге сапалы косметикалық өнімдердің ассортименті ұсынылды.

Макияждан басқа, әйелдер шашты сәндеудің және шаш үлгісін жасаудың әртүрлі тәсілдерін үйренді. Мастер-класс қатысушылары қажетті нәтижеге жету үшін шашқа қалай дұрыс күтім жасау керектігін және құралдар мен сәндеу өнімдерін қолдануды үйренді. Іс-шараға қатыса отырып, сотталғандар өзгеруге және өздерін ерекше сезінуге мүмкіндік алды.

Бірақ бұл мастер-класстағы ең маңыздысы-сыртқы келбетті өзгерту ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың өзін-өзі бағалауы мен сенімділігін арттыру. Олардың тіпті темір тордың артында болса да, әдемі болып көрінуі және әйелдік күшін көрсетуі мүмкін екенін, олар үшін болашаққа деген үмітті сақтауға көмектесетін нағыз жетістік болды.

«Менің ойымша, бұл мастер-класс өткен қателіктерімізге қарамастан шынымен де бізді қолдауға дайын адамдар бар екенін көрсетті. Бүгінгі сұлулық сабағы біздің өмір жолымызды түзетуге ғана емес, болашақта жұмыс табуға, сенімділікті арттыруға және қоғамның толыққанды мүшесі болуға сөзсіз көмектеседі», — деп бөлісті қатысушылардың бірі.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...