Кәсіби бағдар жұмысы

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Серік Едресов СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің кадр саясаты тобының қызметкерлерімен бірлесіп Петропавл қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Серік Асылбекұлы ҚР ІІМ Қостанай Академиясында жоғары білім алудың талаптары мен артықшылықтары туралы айтып, сондай-ақ оқушыларға оқуға түсу үшін толық ақпараты бар буклеттер табыс етілді.

              СҚО бойынша ҚАЖД

              №66 мекемесі

              КСБ бастығы

              әділет капитаны 

Р.Ж. Айсенова

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...