Күртеше астарынан есірткі табылды

Тергеу изоляторында қамауда отырған айыпталушыға жіберілмек болған ер адамның сырт киіміне есірткі жасырып өткізбекші болған.

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің сәлем — сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлердің қырағылық танытып, өз қызметіне жауапкершілікпен қарауы нәтижиесінде тиым салынған заттың ішке кіріп кетпеуіне жол берілмеді.

Сәлем сауқаттарды қабылдау бөлмесінің бақылаушы қызметкері ҚР ҚК – нің 306 бабының 3- бөлігімен қамауда отырған айыпталушыға келген С. есімді азаматтың әкелген сәлемдемесінің арасынан шыққан күртешені өлшеу барысында салмағының тұрақсыздығынан күдіктенеді.

Бірден 102- ге хабарласып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Күмән тудырған күртешенің астарын тіліп тексеру барысында арнайы тігілген мата қалталарға салынған жасыл түстес есірткі зат табылды.

Сот сараптамасының зерттеу нәтижесінде жалпы салмағы 123,13 гр кептірілген марихуанна екендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...