Күзгі демалыс — 2023: Қазақстанда оқушылар неше күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігі оқушылар күзгі каникулда неше күн демалатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын.

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда оқушылар 7 күн демалады: 30 қазаннан 5 қарашаға дейін.

Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы болады, қысқы демалыс 10 күн болады, ол 2023 жылы 29 желтоқсанда басталып, келер жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады.

Министрлік оқушылардың күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында төмендегі іс-шаралар жоспарын ұсынады:

  • Жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;
  • «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;
  • «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, «Педагог-бала-ата-ана» бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;
  • Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай «Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу» тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;
  • Оқушылар арасында «Өнегелі өмір» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;
  • Оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп «Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;
  • «Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбында «Жас ақындар айтысы» байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.

Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...

Қазақстанда жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады

Жеңілдетілген ипотека бағдарламасы Қазақстанда негізгі салалардың бірінің өкілдеріне арналған. Үкімет...

Атыраудағы түрмеде төбелес шыққан: сотталғандардың бірі көз жұмды

Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шығып, салдарынан бір...

Қандай жағдайда көлік айдап келе жатып телефон ұстауға болады? ІІМ түсіндірді

Қазақстанда жүргізушілерге рөлде отырып телефон қолдануға болмайтыны ескертілді, -...

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.