«Кішкентай полицейлер» Ардагер- полицейлерді құттықтады…

Жақсы дәстүр бойынша Халықаралық қарттар күнінде кылмыстык-атқару жүйесінің жас қызметкерлерінің балалары ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады.

Ардагерлерді 21 мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Д.Биғазиев құттықтап, барлық қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлеріне қажырлы еңбектері үшін, жүйенің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, болашаққа деген сенімдеріне қажымас қайрат тіледі. Ардагерлерге мекемедегі жас қызметкерлердің балалары «кішкентай полицейлер» де келді. Жылы тақпақтар оқып, сыйлықтар беріп, денсаулық, көтеріңкі көңіл күй тіледі. Ардагерлер сөзді қызығушылықпен тыңдап, өз ойларын ортаға салды.

Бұл акцияның мақсаты – балалардың бойында адамдарға деген қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық, үлкендерге көмек көрсетуге деген құштарлық пен құрметті тәрбиелеу. Ардагерлеріміздің еңбегі келешек ұрпаққа өнеге екенін сезіндіру.

Казахстанский стартап с технологией для здоровья спортсменов занял второе место в США

Казахстанский deep-tech стартап Mirai Tech занял второе место на WT Innovation...

АБАЙ УНИВЕРИСТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматыда 16–18 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай педагогикалық университетімен...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап, адмагершілігмен,...