Кір сабын ішінен телефон табылды

11.05.2023 жылы жергілікті уақытпен сағат 9 : 15 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесінің № 1 БӨБ- інде реннтген аппараты арқылы сырттан келген азаматшаның сөмкесін тексеру барысында, күдікті зат бар екені байқалды.

Аппаратты басқарып тұрған бақылаушысы, әділет аға сержанты Жампоз Ғалымжанның қырағылығының нәтижиесінде, ішке алып өтуге тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алды кесіліп, құқық бұзушылыққа жол берілмеді.

Бекет бақылаушылары лезде РжКБ қызметкерлерін шақырып, әкелінген сәлем- сауқаттары арасындағы кір сабынды бөліп қарау барысында 1-дана «Nokia mini» маркалы телефоны мен 3 дана сим картасы табылды.

Заңға қарсы іс- әрекетке бармақ болған тұлға 2004 жылы туылған азаматша екені анықталды.

Бұл жас қыз ҚР ҚК- нің 99- бабы 2-бөлігімен айыпталып, мекеме қамауында отырған, 2002 ж туылған Д есімді азаматтың қарындасы болып шықты.

Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...