«Консультативті кеңесші орган отырысы»

       2016 жылдың 30 желтоқсанында «Пробация қызметі туралы» заң қабылданып сотты болған азаматтардың әлеуметтік жағдайын оңалту бойынша атқарылатын жұмыстар міндеттемесі бекітілген болатын. Осы бағытта Үржар аудандық № 1 пробация қызметі өз есебіндегі сотталғандардың жұмыспен қамтылуын және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасауда. 
2023 жылдың наурыз айының 28 жұлдызында Үржар аудандық әкімдігінің бастамасымен сотталғандарды әлеуметтік оңалту бойынша жергілікті атқарушы органдармен пробация қызметінің атқарған жұмыстарын қортындылау үшін аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Консультативті кеңесші орган отырысы өткізілді.  Отырыс барысында аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Башимбаев  сотталғандарға бөлінетін бір реттік материалдық көмек мөлшерін көбейтуді аудандық жұмыспен қамту орталығына тапсырды. Сонымен қатар сотты болған азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартып аларды қоғам ортасына бейімдеу басты міндет екенін айтып өтті. 
Сотты болған азаматтардың әлеуметтік жағдайына баса назар аудару,бұл қоғам ортасындағы қайталама қылмыстылықтын алдын алу болып табылады. Сондықтанда пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстарын бұдан әрі атқара бермек.

Муканов Қайрат, Үржар аудандық № 1 пробация қызметінің
инпекторы әділет майоры

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...