Коммуналдық қызметке тарифтер қашан және қаншаға өседі? Министр жауабы

Шілдеден бастап елімізде электр энергиясына тариф көтеріледі. Ал күзде қазақстандықтар жаңа тарифтермен есептелген жылу мен ыстық су түбіртектерін ала бастайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуантыровтың айтуынша, республика бойынша тарифтердің орташа өсімі аймаққа және табиғи монополия субъектісіне байланысты 10-нан 30 пайызға дейін болады.

«Негізгі үлес бюджеттік ұйымдарға түседі, мұны халыққа барынша жеңіл істейміз», — деді Қуантыров Мәжіліс қулуарында.

Алдағы өсім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және тозығы жеткен желілерді жаңғырту қажеттілігіне байланысты. Осыған байланысты электр және жылумен қамтамасыз етуден бөлек, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері де қымбаттайды.

«Суға (өсім. — еск.) жоспарланып отыр, өйткені сумен жабдықтау және канализацияда да өте тозған желілер бар, оларды жөндеу керек. Әсіресе — суды бұру. Ол жерге қазірдің өзінде үлкен инвестиция қажет», — деді министр.

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...