12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Керемет»  студенттерге қызмет көрсету орталығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстандағы көшбасшы білім ордасы. Әлемдік QS рейтингінде  жоғары деңгейде тұрақтаған, университеттің дамуы және өркендеуі өте жылдам жүріп жатыр. Бұл біріншіден университеттің ішкі құрылымына байланысты. Сонымен қатар,  ҚазҰУ әлемдегі ең озық технологиялық 50 университеттің бірі. Белгілі «GreatValueColleges» халықаралық ұйымының рейтингінде қазақстандық университет ТМД елдерінің ғана емес, сонымен қатар Шығыс және Орталық Еуропаның жалғыз өкілі болып табылады. ҚазҰУ-дың тағы бір керемет жетістігі «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы. «Керемет» кешенінде студенттер қажетті құжаттарын ресімдеуге, заңгерлер мен білікті мамандардың кеңесіне жүгінуге, қызметке орналасу үшін құжат тапсыруға, тіпті, медициналық көмек, интернет-кафе, ұшақ және теміржол кассалары, кинотеатр, шағын супермаркет секілді аса қажетті қызметтің барлық түріне қол жеткізе алады. Орталықтың инфрақұрылымы 7300 шаршы м. орналасқан және 8 павильоннан және 5 сектор мен бөлімдерден тұрады.Көпфункциональдық секторлардың бірі «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс атқаратын оқу секторы. Мұнда студенттер мен оқытушы-профессор құрамы үшін келесі бөлімдер қызмет ұсынады: студенттік, халықаралық, тіркеуші кеңсесі, паспорт үстелі және қаржы қызметі.Сонымен қатар,орталыққа дәрігерлер құрамы да жасақталған. Ем шараларын терапевт, бала дәрігері, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог, уролог, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог, кардиолог, сынықшы-ортопед дәрігерлер жүргізеді.Білім алушы жастар мен оқытушылар құрамына медициналық тексеру үшін халықаралық Қазақстан-Корея диагностикалық орталығы  да ашылған болатын. Университетті аяқтағаннан кейін де студенттер жұмыспен қамту мәселелері бойынша «Керемет» әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық секторы мамандарының қолдауына жүгіне алады.

Орталықта жастар саясаты мәселесі де өз шешімін тапқан. Студенттік қоғамдық ұйымдар жастар секторында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып,уақыттарын тиімді пайдалануда.

Қазақ Ұлттық университеті өз алдына бір қалашық болғаннан кейін, қара шаңырақтың ішкі сұлулығы да, табиғи көрінісі де студенттер үшін таптырмас демалыс орны.Түрлі жәдігерлермен, мүсіндер және археологиялық ескерткіштермен көмкерілген университет бүгінгі заман талабына сай білім ордасы.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Шалхарова Сара-заң факультетінің студенті

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...