Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Кентау қалалық прообация қызметі мен қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен қалалық пробация қызметі бөлімінің есебiнде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотты болған азаматтарды жұмысқа орналастырды.
Жұмыссыздақтың салдары адамдарды көбінесе қылмысқа итермелейтіні белгілі. Осы орайда Түркістан облысы бойынша Кентау қалалық Пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар саны он пайызға азайды.
Атап айтар болсақ, Кентау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып келеді. Мәселен, «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдау «Ұлттық жобасы» аясында, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 74 пробация есебінде тұратын адамдар оның ішіндегі 14-і Халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен тартылған, Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Атап айтқанда, ақылы қоғамдық уақытша жұмысқа 7 адам, Бастау бизнес оқу кетке 3 азамат, Тұраұты жұмыспен қамтылған 1адам және күміс жаспен қатысқан 1 адам Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 4 отбасы алады. Сонымен қатар, 2023 жылы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды,жұмысқа орналастыру бойынша бекітілген квотаға сәйкес, 2 азамат жолданды. Атап өтер болсақ, «Кентау -сервис» ЖШС -1адам. «Ащысай су» -1адам квота бойынша тұрақты жұмысқа жолданғаны. Сонымен қатар, өткен жылы 29 жастар қатарында Мемлекеттік гран алған азамат бар өз кәсібін дөнгелетіп жүргізіп отыр.
Біз қазіргі таңда Кентау қалалық пробация қызметімен бірлесіп, сотталған азаматтарды квота бойынша жұмысқар орналастырудамыз. «Уақытша ақылы қоғамдық» жұмысқа орналасты. Ал, «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орнына» Мемлекет тарапынан оларға айына 30 МРП төленеді. Сондай-ақ, олар 1 жыл Жұмыспен қамту орталығының жіберген мекемесінде жұмыс жасап, отбасына көмектесуге мүмкіндігі бар. Егер, жұмысшы сол мекеменің талабына сай болса, мекеме басшылығы тұрақты жұмысқа қабылдай алады. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарды және білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмыспен қамту квотасы да берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам, жастар практикасына 1 адам, қоғамдық жұмыс орындары 1 адам, тұрақты жұмыс орындарына 1 адам орналасты. , Кентау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Пробация қызметі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында тоқсан сайын жәрмеңке өткізіліп тұрады. Аталған жәрмеңкеге Кентау қаласының тұрғындары мен пробация есебінде тұрған сотталғандар қатысты, — деді Кентау қалалық Жұмыспен қамту орталығының маманы Ұлжалғас Белдіғараева.
Пробация және Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында есепте тұрған сотталғандар тұрақты жұмысқа орналасып отбасына жәрдем беруге мүмкіндік алуда. Сонымен қатар, есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азайып, оң нәтиже көрсетір отыр.
Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету — халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Жаза басып, қоғамда қайта орнын тапқысы келген сотталған азаматтар үшiн бұл — үлкен мүмкіндік. Сол себепті пробация қызметiнiң қызметкерлері бұл шараға аудандағы кәсіпкерлер, жұмыс берушi мекеме басшылары болашақта да белсендi қатысады деген сенімде, — деді Кентау қалалық пробация қызметi бөлімінің бастығы әділет әділет майоры Атабек Исаев.
Жаза басып қателікке бой алдырған сотталған азаматтар жұмысқа орналасып, «Екі қолға бір күрек» деп өздерінің ісін бастап та кетті. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға дән риза болған сотталған азаматтар да бар.
Әрине, өзімнің жасаған қателігім үшін қатты қысыламын. Өзім жіберген қателігімнен сабақ алдым. Алдағы уақытта жұмыс жасап ата-анама көмектескім келеді. Маған жұмыс тауып беріп, жұмысқа орналастырып, қоғамға бейімделуіме көп көмегін тигізген Кентау қалалық пробация қызметінің қызметкерлеріне және қалалық Жұмыспен қамту орталығына алғысымды айтамын, — деді сотталған Берік есімді азамат.


