12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес аудандық пробация қызметінің қызметкерлері жиі жасап тұрады.
Есепте тұратын сотталғандардың құқық бұзушылық жасауының алдын алатын шараның бірі. Осындай шараның күнделікті өткізілетінін білсе де, білмеген кейіп танытып, кешкі уақытта белгіленген уақытта үйінде болмай, ауылдан шығып кететіндер де кездеседі. Сотталғандардың мекен жайын тексеру барысында Келес аудандық пробация қызметінде тіркеуде тұрған бір азаматқа ескерту жарияланды. Бүл сотталған азамат сот жүктеген міндетті орындамайтын болса, оған тағайындалған бас бостандығынан шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатын болады. Яғни, өзінің өтелмеген мерзімін темір торда өтейді.
Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Жұмыс уақтысынан кейін тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, отбасындағы туыстарымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыс жүргіземіз. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, аудандық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды. Осындай профилактикалық шара барысында сот жүктеген міндетті орындамаған бір азамат анықталды. Оған қатаң ескерту жасалды. Енді оның тарапынан осындай қателік орын алатын болса, онда іс сотқа жолданатын болады, — деді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Аширбаев.

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...