Келестік көпбалалы сақшы аруға күміс алқа табыс етілді

Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Б.Қаныбеков, полиция бөліміндегі әйел қызметкерлерді 8 — наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады. Ішкі істер органдары қатарында қызметтің ауырлығына қарамастан қажымай еңбек етіп, елдің қауіпсіздігін сақтап жүрген аудандағы 13 нәзік жанды аруға «Алғыс хат» салтанатты түрде тапсырылды. Әрбір шенді арудың отбасыларына бақыт пен бірлік тілеген келестік полицейлер, әйелдер мерекесіне арнайылап ұйымдастырылған іс-шара барысында өздерінің жүрек жібітер жылы лебіздерін арнады.

Іс-шарада қызмет пен отбасын қатар алып жүрген көпбалалы ана көші-қон қызметі тобының инспекторы полиция майоры Гүлжан Құралбековаға ҚР Президентінің арнайы «Күміс алқа» төсбелгісі тапсырылды.

Одан бөлек полицейлер, қызметтік борышын атқару кезінде қайтыс болған Мұхтар Сарбаевтың үйіне барып, полицейдің анасы мен жұбайын құттықтады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толебийский районный суд переехал в новое современное здание

▪️В Туркестанской области в рамках государственно-частного партнерства завершено строительство...

Кассациялық сот сатысы 

Кассация -латын тілінің quasso – талқандаймын, қиратамын, cassatіon – жою,...

Апостиль түсінігі және қолдану тәртібі

Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан...

Республика күні – тәуелсіздіктің темірқазығы

Республика күні халқымыздың тарихындағы айрықша маңызға ие, мемлекетіміздің қалыптасуы...