Келесте құқықбұзушылық саны азайды

Шымкен қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Келес аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 10-нан астам сотталғанның мекенжайы бойынша тексерді. Тексеру барысында сотталған азаматтардың кешкі уақыттағы тыныс-тіршілігімен танысты.
Келес аудандық пробация қызметі есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты орындарын анықтау мақсатында кешкісін мекенжай бойынша тексеру жүргізді.

Осы іс-шара барысында пробация есебіндегі сотталғандарға тұрғылықты жері, жұмыс істейтін жағдайы, жұмыс орны әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдардың басқа да есептері бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бір күнде есепте тұрған 10 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Тексеру барысында барысында бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу анықталмады.

Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз.

Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылып ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға, үшіншіде ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады, — деді Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...