Ирандағы Әзербайжан елшілігі жұмысын толығымен тоқтатты

Әзербайжанның Ирандағы елшілігінің дипломатиялық қызметі толығымен тоқтатылды. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Trend-ке сілтеме жасап.

«Дипломатиялық өкілдіктің әкімшілік ғимараты мен мүлкін қорғау үшін елшілікте бес адам қалады, бірақ олар дипломатиялық қызметпен айналыспайды», — деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Еске салайық, Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне 27 қаңтарда Баку уақытымен таңғы сағат 8:30 шамасында шабуыл болды. Шабуылшы күзет бекетінде Калашников автоматынан оқ жаудырып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тауып, елшіліктің екі күзетшісі де жараланған.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...