Адамның жүрегі бар жерде, қазына болады.
Ницше
Бірінші бөлім
1 тарау
Генерал және басқалар
Күн шақырайып тұр. Аспан жерге түскендей ыстық . Тамшы тамбағалы қашан. Сыртқы есіктен шыға берген бас тергеуші Райс Сапарұлының ұмытып бара жатқан маскасын қолына ұстап жұбайы көрінді. Күнде осы .Бір жапырақ шүберекті жанында алып жүруге үйренбей- ақ қойды.
–Алмасам да болар еді. Генералға барам. Науқастанып қалыпты. Халін сұрап шығайын ,–деуі мұң екен. Шолпанның жүзіне үрей ұялады.
–Пандемея емес пе? О не еткеніңіз , сұрамадыңыз ба? Ол сексеннің ішіндегі үлкен кісі ғой.Жұқтырып алсаңыз, қайтесіз?
–Қылмыспен күресіп шыныққан ерің қайдағы бір қаңғыған вирустан қорқады деп кім айтты?Жалпы қорықпаған адамға бәле жоламайды.
–Жоқ. Реке, сақтансаң сақтармын деген . Маскаңызды шешпеңіз.Бұл пәле майдай жұғады дейді. Не ауру екенін сұрап , анықтап білмедіңіз бе?
–Жүрегі. Ол кісінің бұрынан жүрегі ауырады .
–Дегенмен, сақ болғаныңыз жөн.
–Жарайды.Мүмкін түскі асқа келе алмаспын..Ана кісінің көңілін аулап , әңгімелесіп отырып қалармын.
Арқан бойы көтерілген күн шыжғырып барады. Соңғы жобамен салынған үйлердің ауласындағы ағаштар мен гүлзарлар қолдан суарылатын болғандықтан , жайқала жайнайды. Көлігіне отырған соң жүргізушісіне « көкжалдың үйіне» деп белгі берді. Жас жігіт бірден түсініп:
– Супермаркетке соғайын ба ?– деді.
– Әрине, « Қазақстан» конягін ал , бал болса қара .Жеңгең дүкеннің балы да жаман емес деген.
– Иә, базардағыдан супермаркеттегілер тәуір .
Өткен ғасырда салынған саяжай күннің ыстығы жетпейтін , желдің ызылы естілмейтін су жағасындағы қалың ағаштың арасында. Кеше кешкілік ескертіп қойғандықтан , ашаң жүзді орта бойыл жігіт қарсылап алып, алға түсті.Саяжай үйі жарық , кең. Холлдағы ағаш керует үстінде жатқан ірі денелі генерал басын көтеріп , тұрудың қамын жасады. Ол кісінің бәйбішесінің бұдан біраз жыл о дүниелік болып кеткенін білетін Райс:
– Саушылықта болыңыз ,–деп ресми амандасты да . –Қозғалмаңыз, жүрегіңіз ауырса , қозғалмағаныңыз дұрыс, – деді жанына жақындады.
– Көп , рахмет! Райс , қай жерім ауыратынын өзім де білмеймін.Маған тым жақындамағаныңыз дұрыс. Маскаңызды да киіп отырыңыз.
– Дәрігерге көрінбедіңіз бе?
– Міне , жүр ғой , дәрігер ,– есік ашқан жігітке қарап, иегін қақты.
– Бұл сіздің балаңыз емес пе?
– Дәрігер де сол.
– Оо…онда сенімді қолда екенсіз …Тез сауығып кетесіз.
– Мықты болса , анасын алып қалар еді…
– Әке.. ол кісінікі тіпті өзге ауру..Сіз..
– Менікі пандемея солай ма?!
— Жоқ.Сіздікі қант диебеті..сосын жүрек..
– Жарар. Онда бізді оңаша қалдыр.
Бұрын келгенде , жүзін бермейтін кәрі тарланның , бұл жолы жағы суалып, қабағы кіртиіп, бет-әлпеті сарғыш тартыпты , тармыстанған арық саусақтарында діріл бар. Райс «сірә , науқасы жанына батқан болар «» деп ойлады.Бұл жолы үстел үстіне қойылған коньякке көңіл аудармады.Сәлден соң зорланғандай , қарлығыңқы үнмен :
– Ал, қалайсындар ,–деді .– Қылмыс азайды ма , ашылып жатыр ма ?Қалай жұмыс жасап жатсыздар , сіздер де онлайындасындар ма , милиция онлайнмен жұмыс жасай ала ма?!–қарлығыңқы үнмен , сауалын жүйдемелете қойды.
– Полиция деңіз?
– Мәтемәтикеде әлгі бір ереже бар еді ғой қосылғыштардың орны өзгергенмен қосынды өзгермейді деген. Есіңде ме?
– Иә, аты өзгергенмен , заты өзгермейді дейсіз ғой..
– Солай болып жүрмесін.
– Дұрыс айтасыз ,аты өзгергенмен атқаратын қызметі өзгермейді ғой. Негізі сол сіздер салған сүрлеумен келеміз.
– Ол сүрлеу тозды ғой. Қазір жаһандану дәуірі .Ол сүрлеу жаһанданудың жаламына жоқ болмай қалды ғой.Солай емес пе?!
Кәрі тарлан сәл сырыл енген кеудесін көтеріп , тіктеліп отырды. Райс оның бір нәрсе айтқысы келіп отырғанын сезініп, құлағым сізде дегендей ықылас білдірді.
– Сүрлеу дейсің бе?! Ол сүрлеуді біздің алдымыздағылар салған еді.Біз сонымен жүрдік. Біздің уақытымызда кісі өлімі деген ең маңызды қылмыс болып есептелетін. Белгісіз біреудің мейті табылса, тіптен ол көшеде жүрген қаңғыбас , қайыршы болсын, бүкіл құқық қорғау органдары аяғынан тік тұратын. Ол қылмыс ашылмайынша , біз күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалатынбыз. Бір-біріміздің қанымызды теспей сорып, ешкімге тыныштық бермейтінбіз. Тап сол қылмыстың болғанына өзіміз кінәлідей, иығымыздағы погонымызды біреу сыпырып алатындай , аласұратынбыз. Осы күні сондай хал-ахуал бар ма?! Әлде кісі өліміне кірпіні басып кеткендей болып қарайтын болдыңдар ма?!
– Сауалыңыз өте орынды . Және қазіргі хал-ахуалды өзіңіз біліп , өзіңіз жауап беріп отырсыз.
– Иә, теледидарды көремін, телепонды қараймын . Соны біліп отырып, ауру жүрегім ауырған үстіне ауырады.
– Енді өзіңіз білесіз, бір қоғамдық формациядан екінші қоғамдық формацияға өту кезеңдерін басынан кешіргендер ең ауыр кезеңді өткеріп, сан құбылған өзгерістің сұрыптал тұсын ұстай алмай, әуре- сарсаңға түседі екен. Біз сондай өткелдерден титықтаған жолаушы тәріздіміз. Иә, қазіргі кезде ауыр қылмыс көбейді. Жасыратыны жоқ, оған сіздердің кезеңдеріңіздей сергектікпен селт етпей, үйреншікті нәрсе деп қарайтын болдық. Бірақ, тергеу жұмыстары жүргізіліп, қылмыс түбінде ашылуда.
– Сонда қылмыс толық ашылып, қоғамда әділдік орнайды деп айтпақшымысыз?!
– Меніңше, бұл екеуі екі бағыттағы нәрсе.Тек қана қылмыс ашумен қоғамда әділдік орнайды деп айту қиын.
– Ал, сіздіңше , қылмыс неден болады ?Әділетсіздіктен болмай ма?!
– Әрине, оны зерттеу керек.
– Ол түсінікті.Зерттемей- ақ кез келген қылмыстың мотиві неде деп ойлайсыз?
– Әділетсіздікте .
– Міне , мәселе қайда жатыр. Кез келген қылмыстың түп-тегі әділетсіздікте. Қоғамда орнаған әділетсіздікте.
–Демек, қылмысты болдырмау үшін немен күресу керек?!
–Әділетсіздікпен.
Райс өзін қатал мұғалімнің алдында сабаққа жауап беріп тұрған шәкірттей сезінді. Іштей «Енді неге әділет орнатпайсың?» дейтін болар деп қысылды. Бірақ, маңдайы жібсіп,өңіне қызыл шырай енген генерал ол сауалды қоймады. Жеңіл тыныстап , терезеден төніп тұрған қарағайдың жапырағына көз салды.
– Солай ,–деді .– Әділетсіздік көп болса, қылмыс та көп болады.Ал, әділеттілікті орнату сіздердің қолдарыңнан келмейді.
– Қатал заң керек ,–деді тергеу басшысы генералдың жанары ауған терезеге қарап.
– Ол да дұрыс емес. Сталин қатал заң шығарып, елдің қаймағын қырып тастаған жоқ па?! Адамның сана сезімін жетілдіретін тәрбие керек.Сол тәрбие арқылы адам өзі өмір сүріп отырған ортадағы заңға , қоғамға , адамға , өзге көзбен қарауды үйренуі керек.Өзімшіліктен жеру керек.Өзін- өзі ұстай білуді үйренуі керек.
– Солайы солай ғой.. Бірақ өмірде түрлі жағдайлар болады.Адамдар соның қысымына шыдамайды.Қиындықтарды жеңе алмайды.
– Демек, жеңуге тәрбиелей алмай отырмыз деген сөз.
Райс сәл қобалжып,кібіртіктеп қалды.
– Сіз сияқты мен де екі дәуірдің жемісін де , жеңісін де, жеңілісін де көрдім. Мен де көбі неге олай , неге бұлай деген сауалдарға жауап іздеп қиналамын. Мысалы , қазір жол көлік оқиғасы бұрынғы кездердегіден екі есе , үш есе өсті. Бұл жоқшылықтан болып жатыр ма? Жол көлік оқиғасын жасаушылар қымбат джиптердің рөлінде отырғандар. Тоқшылықтың топалаңы.
– Ал, мен сіздің бұл сауалыңыздың жауабын тауып берем. Өзімшілдік. Екі жүргізуші жолға таласып, бір- біріне жол бермейді.Сосын өзімшілдік екеуінің де түбіне жетеді. Кімді соттайсыз?! Кім кінәлі?!Өркөкіректікті! Соны соттайсыз.Соттаңыз!!!
–Мысалы, дейсіз тұрмыстық қылмыс .Ері мен әйелі төбелесіп, ері әйелін өлтіріп алды .Немесе әйелі ерін өлтіріп алды. Тағы да кім кінәлі? Ері әйелін тыңдамайды.Әйелі ерін тыңдамайды. Ақыры ұрыстың аяғы төбелеске ұласады. Төбелестің ақыры өлімге ұласады. Кім кінәлі?! Өзімшілдік.Өркөкіректік. Ал сіздер болсаңыздар, тергеу жүргізіп, жауап алып , сараптамаға салып , шала сабыласыңдар..Ақыры тірі қалған кінәлі болып шығады. Өлінің өзімшілдігі өзімен кетеді. Ал , кінә тәрбиеде ме, тәрбие де..Қазір шет елден көріп отырмыз , шет ел емес, мына тұрған Қазанда мектептің бұрынғы шәкірті , жазықсыз оқушыларды атып , қырып тастады емес пе?! Әлімсақта, оны осы мектепте оқып жүргенде, мұғалімдер шеттетіпті-міс. Ау , сол мұғалімді тауып алып, содан өшін алмай ма? ..Жазықсыз жандар да несі бар. Себебі , оның кеудесін өзімшілдік уы жайлап алған .Сол у өн бойын улап , көзіне шел болып біткен. Ол тек өзін ғана ойлап, өзгелерге өлім уын шашқан улы жылан.Ондай улы жыландардың көшеде толып жүрмесіне кепілдік бар ма ?! Міне қазіргі қоғам осынысымен қауіпті. Біз тәрбиеден кемшін қалдық, адамдар тек қана өзін сүюге, тойымсыздыққа, тоғышарлыққа , бюрократтыққа бой алдырды. Айтпақшы, қазіргілерді бюрократ дейді .Бюрократ емес, олар өркөкіректер. Өздерінен басқаны ойламайды. Көрмейді. Естімейді.
Өз кезінде «көкжал » атанып кеткен атақты генералдың бұл сөздері Райстың құлағына өсиеттей, өзіне кейінгілерге сен жеткіз деп айтқандай естіліп, жүрегі суынды.
« Е… сіздей басы ашықты басып- басып айтатын азулы ақсақалдар қалмай бара жатқанда, әділдік туралы сөзді әріден қозғау да сын.. » деп ойлады. Генерал шаршады ма, қалғып кетті.
Тұла бойын ауырлық басып,орнынан әрең көтерілген Райс қарттың суалып, сарғылт тартқан жүзіне тесіле қарады да, басын иіп ,қош айтысты.
Дала бұрынғыша күйіп тұрды.
***
Көлігіне отыра бергенде қалта телефоны дыз етті.Желі де маңызды істер жөніндегі тергеуші :
– Жолдас генерал, бір бойжеткеннің із-түссіз жоғалғаны туралы анасы арыз қалдырып кетті.Басқалай оқыс оқиға тіркелмеді,–деп баяндады.
Райстың есіне генералдың сөзі түсті. Шынында да, осы күні жастар ата-аналарына ескертпей, бет алды құла түз жүре береді. Қазіргі жастар өзі би , өзі қожа. Әке-шешелеріне айтпай, ізім-қайым жоғалып , тұрмысқа шығып кетіп жатқан қыз қаншама , үйленіп, балалы болып жатқан жігіттер қаншама. Ал, оларды іздеп, зар қақсап жүрген отбасы қанша ма ?! Бәрінің суреттері , арыздары құқық қорғау органдарында қаттаулы. Осы жастардың қатыбас қылуасын неге жоруға болады.Бұл да жаңағы қарт сыщик айтқан өзімшілдік !Кәрі тарланмен кездесуден кейіін кеудесін зіл басып, оңала алмай қалды. Жаһандану лебін бірден қабылдай алмаған, әлі де қабылдап үлгермеген , солай болса да, сол ағымның ығына еніп, сойылын соғып жүргендердің бірі өзі. Әуелгіде бәрі түрпідей тиген. Бара-бара еті өліп, бай мен жарлысына , базары мен супермаркетіне , түрлі маркалы мәшинесіне ,элита аудандарына, ойын- сауық орталықтарына – бәрі-бәріне кәдуілгідей үйрене бастады.. Сол тәрізді ,уақыт өткен сайын кісі өлімі , кісі жоғалуы , бала зорлануы тәрізді қылмыс түрлері де таң қалудан қалдырды. «Адам тозаққа да үйренеді» деген рас екен-ау….
Өзінің осы кезге дейін қарамағындағылардың қаққанда қанын , соққанда сөлін шығарып «қылмысты аша алмайсыңдар, алдын алмайсыңдар» деп тұқыртатыны есіне түсті. Енді қалай? Сонда не деуім керек? Оларға тәрбиелеңдер деуім керек пе? Жалпы бұл құқық қорғау органдары айналысатын іс пе? Қаны бұзылған қаскөйді қайта тәрбиелеу мүмкін бе? Олардың қаншасы абақтыда.Ол жақтан түзеліп шығып жатыр ма? Керісінше, жамауына жамау жамап, бұзылып шығып жатыр ма, оны кім зерттеп жатыр дейсіз…
Көлігінің терезесінен патрульде жүрген полицейлердің жаңадан тіктірген формаларына көз тоқтатып қарады. Бұрынғыларының матасы қатты ма, кигенде жарасып тұратын тәрізді еді. Мыналарының матасы болбыр ма , жас полицейлердің иықтары салбырап, размері үлкен біреудің кимін шатыстырып, үстіне іліп алғандай әсер етті. Жалпы полиция деген әскери қызмет «болатын бала боғынан» деп оған баланы жасынан баптау,бағыттау керек тәрізді. Жасынан жинақылыққа , тәртіпке үйренбеген жастардан полиция шықпайды деп түйген генерал көлігінен түсті
Екінші бөлім
2 тарау
Шерлок Холмс және басқалар
Мақсаттың заңгер мамандығын таңдағаны кездейсоқтық болғандай , әрі-сәрі күйде жүретін кездері жие. Негізі қанына тартпағанның қары сынсын дегеннің де жаны бар. Әкесі органда қызмет істеп , содан зейнеткерлікке шықса да, баласын өз жолын қууға үгіттемеген. Мектеп бітіргенше, филолог болам деп жүрген ол аяқ астынан майдай бұзылып, құжаттарын заңгер даярлайтын факультетке тапсырды. Жолы болып, конкурстан да өтті. Содан бері итжығыс. Өзі тергеушімін дегенмен , ішінде тағы біреу отырған сияқты. Өзі көп оқыған философ, әрі тарихшы « Еуропа заңмен өмір сүреді, Шығыс дәстүрмен өмір сүреді.Ал, Ресей белгісіз мақсатпен өмір сүреді» деген екен. Ал енді осы екі аралықтағы еуразия кіндігіндегі біздер қалай өмір сүріп жатырмыз? Болмай қалған философ осы сауалға жие жауап іздеп , тығырыққа тіреледі.
« Біз заңмен өмір сүріп жатырмыз» деп өз пайымын дәлелдегісі келеді. Дәлелге дәйек керек .Ойына бір данышпанның тәмсілі түсе қалады . «Барша халықты біраз уақыт алдауға болады.Біраз халықты барша уақыт алдауға болады.Бірақ, барша халықты барлық уақытта алдау мүмкін емес».Кім еді осыны айтатын?! Аһ , Линкольн екен ғой..
Мақсат ақпаратты жібермей қарайды. Ресей мен Украина арасында шиеленіс басталғалы тіпті қалдырмайды. Бүгін АҚШ президенті Жапонияға барыпты…Сірә оның Қытай жағына қисая кетуінен қауіптенетін тәрізді. Сөйтіп Ресейдің жақтастарының көбейуінен қорқама кім білсін.Жапондықтар Байденге наразылық білдіріп ереуілде отыр. Қызық бұлар ереуілге де отырып шығады. Халықтың ұлттық болмысы білініп тұрғандай көрініс. Әзірбайжан мен Әрменнің арасындатағы келіссөз тағы басталыпты… АҚШ –та метрода атыс болып, жиырма шақты адам жараланыпты. Ал, президенті шет елде қыдырып жүр.Сондай төтенше жағдайға да олардың еті үйреніп кеткен. .Бізде де дәріхана жарылып, жас босанған аналар мен нәрестелер құрбан болыпты… Мұндай оқыс жағдайларға бара-бара біздің де етіміз үйреніп кететін болар…
Ол саябақ ішінде серуендеуді ұнатады. Тұнып тұрған тыныштық. Айнала жасыл желең. Қыштан қиюлап салынған тегіс жолмен аяңдап, бір сәтте болса да ашылмаған қылмыс бар екенін, әділдік үшін күресіп, әділетсіздіктен жеңіліп пұшайман күйге түсетін пенделердің бар екенін ұмытып, тылсым табиғатпен тілдесіп, беймарал күйге бөленеді.Осындай оңашада бастауы мен тастауы құйтырқы тергеу әлеміне араласып, күн сайын түрлі қылмыскерден жауап алып, қай жерінен мүлт кетем деп арпалысып жүрген аласапыран тіршілігіне қайта оралғысы келмей , бетінен басады. Анау өзгелердей алшаңдап басып, асығы алшасынан түсіп, өмір сүре алмағанына кім кінәлі екенін де біле алмай дағдарады.
–Мақсат ,–деген дауыстан селк етті.– Генерал! Ол кісі де осы саябақтың тұрақты қонағы.
– Саушылықта болыңыз жолдас генерал!
–Амансың ба?
Жанына келіп қатар аяңдаған Райс Сапарұлы :
–Тергеуші ойлай білмесе , тергеуші емес, оңашада ой қорытып жүрмісің?
–Жолдас генерал, мектепте жүргенде филолог болам деп армандаған едім.
–Солай ма? Ал қалай тергеуші болып шықтыңыз? Және қандай тергеуші! Әріптестерің Шерлок Холмс деп бекер айтпайды.
–Қайда ..Асыра мақтап жібердіңіз..
–Шындық .Егер сіздей тағы бір екі-үш тергеушіміз болса, біздің маңдайымызға шаң тимес еді.Сонымен, қалай тергеуші болып кеттіңіз?
–Менің атам да ,әкем де органда жасаған.Өзім филолог болам дегенмен, әржағымда бір күш солай қарай тарты да тұрды.
–Демек, сіздің қаныңызда сондай тектілік болғандықтан, тұқым қуалашылық қасиет басымдық жасаған. Оған өкінуге бола ма?
–Дегенмен, ол кісілердің заманы да , заңы да басқа болатын.
–Әрине, уақыт бір орнында тұрып қалмайды. Заман өзгерді, заң өзгерді. Бірақ адам өзгермейді. Қоғамда екі түрлі ағым болады. Бірі қылмыс жасамайтын, онымен қаны қас адамдар.Екіншісі, қылмыс жасауға бейім, жасамаса жүре алмайтындар. Біздің қылмыс жасамайтындармен шаруамыз жоқ. Екіншісімен — қылмыс жасайтындармен күресеміз.
–Солайы солай ғой. Адам істеген ісіне қанағаттанарлық сезімде болып , қанаттанып жүрсе , әр қадамы сәттілікке ұласар еді.
–Мақсат, сіз жалпы интеллектуальды еңбекке жақын мамандар туралы көп ойлайтын тәріздісіз.
– Иә, Райс Сапарұлы, егер мен филолог болсам, Абайдан бастап ,Толстой, , Бальзак, Мопассан, Шекспир, Байрон тәрізді дүниежүзінің ғұламаларының шығармаларымен шәкірттерімді қанықтырып , содан өзім рухани ләззат алар едім.
Генерал тергеушісінің жүзіне ойлана көз салды да :
– Түрлі қылмыс жасаушылармен шынында да , сіздердей ойлай білетін тергеуші айналысатын болса, біз сияқтылардың рухани ләззат алатынына ешбір күмәнданбаңыз. Әйтсе де , сіз өз ортаңызда беделді, білгір мамансыз , неге көңіліңіз көншімейтінін түсінбедім.
–Түсінбейтін тұстар жетерлік. Мысалға, заңның кейбір тармақтары ізгілендіру деген желеумен жеңілдетіліп, қылмысқа ұзын арқан, кең тұсау салынып, талаптың босаңсытып жіберілуі , керісінше, қылмыстың өршуіне әкеліп соқтыратынын, заң әрпін шаққандардың ескермейтіндігі.. Немесе, ескергісі келмейтіндігі. Мысалға, адам өліміне соқтыратын жол оқиғасының жәбірленушілері мен айыптанушылары өзара тараптық келісімге келіп, қылмыстың тоқтатылуына , қысқартылуына ықпал етеді. Осындай келісімпаздықпен адам өліміне кінәлі қылмыс жасаушы лайықты жазасын алмағандықтан, белгілі мерзім өткенде, сол қылмысын тағы қайталайды.
–Дұрыс айтасыз. Сіздің бұл ойыңызға толық қосыламын.Дегенмен , бұл арада жол көлік оқиғасына кінәлі жүргізушілердің әлеуметтік жағдайы есепке алынып, олардың бұрын жол ережесін бұзғандығы , бұзбағандығы , отбасылық жағдайы – бәрі ескеріліп барып, тараптық келісімге келуі қарастырылған.Ал егер , кез келген адам өміріне қатер туғызушы қатаң жазалануы керек деген байламға келетін болсақ, екі жақты келісім деген тарапты алып тастауға тура келеді. Әрине, қоғамдағы қылмыстық жағдайлардың хал-ахуалын зерттеп, заңның кейбір баптарына реформа жасау қажеттілігі туындауда.. Өкінішке орай , бізден тек қылмыс ашуды ғана талап етеді.Сіздің осындай философ екеніңізді бұрын аңғармаппын. Жалпы керемет тергеуші болу үшін философ та, психолог та болу керек. Сіз соны өзіңіз мойындамайтын тәріздісіз. Бірақ, сіздің тергеуші ретіндегі мықтылығыңызды біз мойындадық. Сол себепті, барлық шешілуі қиын істер сізге жүктеледі. Бұл сізге көрсетілген үлкен сенім.
– Сеніміңізді ақтауға тырысамын ,– деп ықылас білдірген тергеуші генералымен көңілді қоштасты.
Аяқ жолдың оң айырылымына түсіп, ұзап бара жатқан генералдың жауырынды тік тұлғасына көз салып тұрған тергеушіге « осы кісінің жасына келгенде , мен де генерал болар ма екем » деген ой келді де, «құлдың көңілі құртқа шабады» деп мырс етті.. Әйтсе де ол туралы шефі: « болашақ генералдар осылардан шығады » деп ойланып бара жатты…
***
Мәдинаның есіне жоғалаған қыздың анасынан жауап алатыны түсіп , тез жинала бастады.
Мэри,Мэри қазақ қызының атын қалай қойған. Мұндай есімді бірінші рет естуі.
Студент кезінде Мэри деген студент сабаққа мини юбка киіп келгенде, оған жақтырмай қараған дәріс оқушы профессор:.
–Сен білесің бе 1963 жылы Мэри деген бикеш белдемшесін балтырына келтіріп қиып тастап, миниді ойлап тапқаны үшін, Британ императоры оған орден таққан ,– ол кекете күлімсіреді.
–Ту… ту ..солай ма…рас па екен?! –студенттер шу етті.
– Тіпті сенің белдемең оныікінен да қысқа ,–деді Андрей, –Саған бар ғой орденнен де жоғары бірнәрсе береді, давай бәстесейік.
–Сандалама , қай жақтың ордені ?
–Шын айтам ,Оля, энциклопедияны қарап шық.Мини юбкені ойлап тапқаны үшін орден бергені рас ,– тағы бір студент профессорды қолдады.
–Ақымақтық.
–Императорды ақымақ деп айта алмайсын ғой.Ол уақытта әйелдер ұзын көйлек киген.Ал қысқа белдемшенің реформа болып көрінгені сонша,. Император өзінше ерлік жасаған қызға орден бергізген.
–Оля, сен мына белдемшеңмен суретке түс те, Путинге жолдап жібер. Ол саған орден береді ,– деп күлді Андрей.
–Ой,ол мини юбка көрмегендей…
Ал, Мәдина жиырмасыншы ғасырдың императоры туралы «көрмегенге көсеу таңсық болған ғой »деп ойлаған.
Жоғалған қыздың анасынан жауап алуға жиналып , сол оқиғаны есіне алды.
Бүгін бір түрлі елегізіп, мектепте алғашқы сезімін оятқан ұяң жігіт Асанды есіне алды.Ол мұның өмірінде қалай пайда болса ,солай ізсіз-түссіз жоғалған. Мектептің ауласында қыздар мен балдар болып баскетбол ойнайтын. Әбден доп лақтырысып, сілелері қатқан соң, арқалы орындыққа отырып , дем алатын. Сол кезде көрші мектептен келген ұяң бала ылғи Мәдиненің жанынан табылатын. Екеуі де сөйлемейтін. Бірақ жанарлары ұштасса, жымиып, жүректері лүпіл қағатын. Мектеп бітіру салтанатын екі мектеп екі бөлек атап өтсе де, екеуі сол кешті мектеп ауласындағы бақта өткізген . Аузынан әр шыққан сөзді суыртпақтап тартып алмасаң сөйлемейтін үндемес балаға сауалды Мәдинаның өзі қоятын.
–Енді қайда барасың,оқуға түсесің бе?.
–Иә, Алматы тау-кен институтына.
–Политехникалық па?
–Білмеймін , әкем солай дейді.
–Бұл не, әкеңнің қалауы ма?
—Біздің үйде бәріміз тек сол кісінің қалауымен жүреміз.
–Иә, –деді,– Мәдина күрсініп, – Санкт Петрбургке оқуға баратынын әлдеқашан шешіп қойған әкесін есіне алды.
–Сен қайда барасың?
–Менің де қайда оқитынымды әкем шешкен. Біздің жақта заңгер дайындайтын оқу орны онша емес. Ресей жақсы даярлайды деді…
–Ол жақта Ресейдің заңын оқисындар ғой…Сонда қалай жұмыс жасауға да сонда қаласың ба ?
–Жоға… сен үндемегенмен бәрін біліп отырсын ғой.
–«Үндемегеннен үйдей бәле шығады» деген есіңде болсын.
–Асан, мен ондай қиын сөздерді біле бермеймін.
–Заңгер болсаң , үйренесін ғой.
–Тау- кен институтын бітірсең , кім боласың?
–Білмеймін.Геолог болам шығар.Өзім соны қалаймын. Тау-тасты аралап, кен іздегім келеді.
–Алтын , күміс…
–Мүмкін ….
–Сен оқу бітіргенше , жер асты мұнайы таусылып қалмаса…
– Таусылмас…Мәдина ….
–Ау…
–Енді біз кездесер ме екенбіз..Мен сені күнде көргім кеп , мектебіңе жүгіретінмін…Бір түрлі осы кеткенімізден, бір-бірімізбен көрмейтін тәріздіміз..
Балаң жігіт жұқа көйлекпен отырған қызға өзінің педжәгің жауып, қымтаған. Қыз одан сайын қалтырады. Өзі әлі түсініп болмаған, бірақ көзінен таса болса іздейтін балауса сезімінің иесінен енді аз күнде көз жазып, екеуі екі жаққа жол тартатыны есіне түссе , жалғызсырайды.. Алматы қайда ? Санкт–Петербург қайда? Қыздың жүрегі сыздады. Әжесі: « ел жоқ күн жоқ , бір жақтағы сары орыстың ортасына қыз балаңды жалғыз жібересің бе, анау елдің бәрі оқып жатқан Алматыда , Астанада бір оқу табылмады ма, қызың сол жақта бір жолата қалып қойса қайтесін»– деп әкесіне ұрысқан. Қайда…. оның әкесі қадалған жерінен қан алады. Өз айтқаны болмаса, өл десең де қайтпайды. «Жалғыз жалмауыз жаудан қатты» деп әжесі де онымен теке –тіресуден шаршаған.
Бұл күнде мейірімді әжесі де , қатал әкесі де келместің кемесіне отырған. Анасы мен екеуі олардың қимас қылықтарын әңгіме етуден жалықпайды.
Әкесінің де білгені бар екен, Қазақстанның заңгерлік дипломымен жұмыс таба алмай жүргендер қаншама ?! Мәдинаны бірден облыстық ішкі істер бөлімінің жанындағы тергеу басқармасына машықтанушы етіп қабылдады. Мектепті үздік , институты қызыл дипломмен бітірсе де көп қиыншылықты басынан өткерді. Қазақстанның заң актілерін, қазақ тілін қайтадан оқыды. Әйтуір , қазір толық қанды тергеуші. Сөйтіп қызметтегі кедергілерді жеңем деп жүріп, жеке басының қамын ойламапты. Ойламаған емес, ойынан шығып, жүрегін лүпіл қақтыратын жігітті кездестірмеген. Бауыржанның өзін ұнататынын сезгенмен, оған деген ешбір сезімі оянбаған соң,ыңғай бермеген.
Сөйтіп жүргенде, келіншегін жоғалтып, іздеуге арыз берген журналист жігітке ғашық болды. Бұл қадамына анасы барынша қарсы шығып, қазақта «бүлінгеннен бүлдірге алма» деген сөз бар. –Ол әйелін жоғалтып, сіздерден көмек сұрап келген жәбірленушің болса, оған жармасуың ұят,– деп қатты айтып көрді. Мәдина жүрекке әмір жүрмейді дегенді сонда түсінген. Өз сезіміне өзі тұсау сала алмай , көзсіз көбелекке айналғанмен, Аңсардың «қасыретіңді жеңілдетушіден айрылма» деген алданыш сезімнің жетегімен өзіне үйлене салғанын бара-бара сезініп , бармағын тістеген. Жігіт жатса –тұрса қапияда көз жазып қалған сүйгенін ойлаудан бір танбаған. Тіпті балалы болғандарында да , екі дүниенің ортасында жүргендей, екі тәріп болып , әбден жүйкесін жұқартқан. Сонда барып Мәдина анасының ақылын алмағанына өкінді.Сөйтіп төсекте үшеу , күндіз екеу болып жүргенде, Шынардың табылуы шытынап тұрған шыныға тас лақтырғандай , сезімдерін быт-шыт еткен. Тағдырдың ауыр сынына Аңсардың жүрегі төтеп бере алмады, ғашығын көргенде, морт сынып, бұрынан жоғары қан қысымы, миына құйылды. Сөйтіп желегі желбіреген екі ару жесір қалды.
Тағдырдың тарау-тарау жолынан өз бақытын таба алмай жүрген тергеуші келіншек ендігі тіршілігіне кіп –кішкентай қос балпанын тірек еткенмен, әйелге тән бақыттан әлде де құр алақан қалғысы келмейді..Бірақ , қалай ?! Тағы да біреулердің ортасына түсуді қаламайды. Іші сезеді. Бауыржан оны әлі сүйеді. Әйелі де соны білетін болар. Қызметтен кешіксе , ұрыс –керіс шығарып , отбасының шырқы әбден бұзылған.
Орталық базар ауданындағы ертеден салынған екі қабат сары үйдің жанына келіп тоқтаған ол ауыр ойлардан әрең серпілді. Көлігін кілттеп бұрыла бергенде.
–Мәдина !– деген дауысты есітіп қалт тоқтады.
–Япы-ра-ау, сенбісің ?
–Асан, бұл сен бе?!– Қанша жыл, қанша ай, қайда жоғалып кеттің?
–Мәдина , сен ғой жоғалған. Қанша іздесем де , таба алмадым емес пе…
–Иә, бір кезде Ресейге, оның ішінде Санкт-Петербургке шығудың проблема болғаны рас.
–Енді өзің қайдасың ?!
–Осында проект институында қызмет жасаймын.
–Үйленген шығарсың?
–Үйленгем.Бірақ, әйелім тәж тажалдың уысына түсті….
–Ә…ә… кешіріңіз… иманды болсын…
–Өзің ше ..Тұрмысқа шықтың ба?
–Шыққам .Бірақ, менің де жолдасым қайтыс болды.
–Солай ма, қайырымен болсын.
–Асан, мен жауап алу үшін асығып барамын.. Тергеушімін. Кейін сөйлесейік..
–Әрине , әрине, мен есім хатымды қалдырайын. Қолың босағанда хабарлас. Айтатын әңгіме көп.
Мәдина сыныптасымен қоштасты да, «міне күтпеген кездесу» деп күбірледі.
***
Сан жылдар жөндеу көрмеген ескі үйдің домофоны да жоқ екен. Екінші қатарға көтеріліп, дерментинмен қапталған есіктің қоңырауын іздеп еді. Ол да жоқ. Сосын түртті. Әр жағынан :
–Кім екен ? – әйелдің үні баяу естілді.
–Апай , ашыңыз, терегеушімін,–деді Мәдина аса сақтықпен.
–Сізге не керек? Полиция да келіп кеткен. Мен ешнәрсе білмеймін ,-деді. Есіктің әр жағынан.
–Апай , ашыңыз , бірнеше сауалдарым бар. Үй ішіңізді де көруім керек,– Мәдина даусын қатайтты.
Есіктің кілті сырт етіп , ашылды. Орта бойлы , көзі аспан көк , ақ сары жүзді сымбатты әйел алдында тұрды. « Анасы ажарлы екен, демек ,қызы сұлу болуы мүмкін» деп ойлады тергеуші.
–Амансыз ба, Сіз Мэридің анасыз ба?
–Иә.
–Қызыңыздан хабар жоқ па?
–Іздеп жатқан сіздер білмесеңіздер , мен қайдан білем..
–Сіз бізге көмектеспесеңіз , біз қайдан білеміз. Қалада сан мың тұрғын бар. Кімнің қайда жүргенін , кімнің кіммен кездескенін , кімнің кіммен тіл табыса алмай қалғанын аңдып жүру полицияға да мүмкін емес. Сол себепті, қызыңыздың кіммен дос болғанын, кімдермен бірге жүргенін айтсаңыз, бізге көмектесесіз.
–Жігіті бар ма еді ?
–Соңғы кезде бір таксистпен бірге жүрген. Оған дейін ешкімі болған емес.Мектепті жаңа бітірді. Әлі бала ғой.
–Сонда өзіңіз кімнен күдіктенесіз?
–Сол таксистен…
–Ол оңбаған уже қыз тауып алып үлгеріпті. Осы алдыңғы күні ме , қасында бір сылқым бойжеткен , есіктің алдына келіп , тоқтап :
–Мэриден хабар жоқ па ?–деп сұрады. Ит терісін басына қаптадым. Ана сұлуы да естісін деп, балконға шығып , айқай салдым..Қызымның бар жоғына көзің жетпей жатып, жаңасын тауып алдың ба?! Енді менің үйіме жолама! –дедім.– Оңбаған. Мектепті алтын белгімен бітірген қызымның басын айналдырып, оқуды қой, мен саған үйленем деген, оған менің ақымақ қызым , иланып, оқымаймын , күйеуге шығам деп тулады. Ақымақ қызға айттым. Таксистен күйеу болмайды. Ол қанша қыз-келіншектерді тасыса , соншасының басын айналдырады. Қайт ойыңнан.Оқуға түс. Содан өзіңнің теңіңді табасын дедім, тыңдады ма , мына малұғын бір жерге жасырып қойып, өзі тайраңдап жүр. Соны неге жаппайсыңдар! Мені айналдыра бересіңдер. Анадан сұраңдар, қайда жіберді екен қызымды.
Жұпыны үйдің ішін шолып шыққан Мәдина:
–Қызыңыздың әкесі қайда ? –деп сұрады.
–Кішкентай кезінде қайтыс болып кеткен. Әйтуір осы пәтерді бізге қалдырып үлгерді.Базарда өрт шығып,бутигімен бірге жанып кетті. Кейде қонып қалатын. Ішімдіктің де кесірі болған шығар.
–Өзіңіз жұмыс жасайсыз ба?
–Иә, бір кезде Мэри Кей порфюмериясын саттым.Сонда ғой қызымның атын Мэри деп қойып жүргенім. Бүкіл қаланы жаяу аралайтынмын. Содан аяқтан айрылып, баса алмай қалдым. Қазір бір мекемеде вахтершімін. Әйтуір отыратын болған соң , ілде алдалап жүрмін. Енді қызым оқып, мені асырайды деп отырғанымда, мынадай бәлеге тап болдық.
–Қызыңыз биыл оқудан қалып қойды ғой.
—Ой …аман -есен табылса, жас қой келесі жылы да үлгереді.. Тек аман болсын..
Қызық, жалғыз қызынан айрылып, жер соғып отырған анаға ұқсамайды. Жарты сағат отырғанда , әйелдің көзінен бір тамшы жас шықпай, жинақы отырғаны тергеушіні таңдандырды. Бұрын да баласы , қызы немесе жақын жуығы жоғалғандардан жауап алған. Олар жауап беруге шамалары келмей, жылап-еңіреп , шала жансар күйге түсетін. Мына жалғыз қызынан айрылған әйелдің жайбарақаттығы қалай?!. Әлде сыр бермейтіндер де бола ма?! …
Арызданушының үйінен екі ойлы болып шыққан тергеуші қыз
Бауыржанға телефон соқты.
–Шеф,орныңдамысың?
–Мәдина,сен бе ,әрине кабинеттемін. Не жаңалық бар ?
–Маған бір ойлар келді.Соны сенімен ақылдасайын деп едім.
–Кел. Мен сені көргенім үшін әрқашан қуаныштымын.
–Қызмет бабында деңіз…
–Әрине…
–Қазір келем.
Қала жолындағы кептелістерден өтіп, жетем дегенше біраз уақыт өтті.
Асығыс кірген тергеушіге:
–Отырыңыз, шай ме ,кофе ме?– деді бастығы.
–Кофе. Бауыржан біз Санкт-Петрбургте оқып жүргенде, әр ғасырдағы ғасыр оқиғасына айналған қылмыстарды талқыға салатынбыз.
–Иә, Ресейдің оқыту сапасының бізден көш ілгері екені рас.
–Әңгіме онда емес.. Біз,болашақ тергеушілер, өз бетімізбен зерттеулер жасайтынбыз. Бүгін ана жоғалған қыздың анасынан жауап алып отырып, бір оқиға есіме сап етті. Тыңда.
–Ол он тоғызыншы ғасырда, 1876 жылы Францияда болған. Және сол ғасырдың ең сұмдық қылмысы болып танылған.
–Қызық екен, оның біздің жоғалған бой жеткенге қандай қатысы бар?
–Бір ұқсастық болған соң, айтып отырмын ғой. Одан әрі тыңда..
–Бұл оқиға Францияның Пуатье қаласында 1901 жылы болған.
–Сұлу бойжеткен Монье аймаққа белгілі от басында тәрбиеленеді. Оның анасы мадам Монье және күйеуі үлгілі отбасы болып есептеледі. Қайрымдылықпен айналысады. Жергілікті полиция олардың ,яғни Монелердің – Лузы Леонард пен Шарл Эмилияның –отбасында сұлу қыздың өсіп жатқанын біледі.
–Түсінбедім, ол қыздың бізге қандай қатысы бар?
–Тыңда! Қазір түсінесің.
–Сол қыз , ұзын шашты сұлу қыз, бір түнде жоғалып кетеді.
–Енді түсіндім.Біздің қыз тәрізді.
–Иә.
–Полиция қызды іздеп, жауап алуға келгенде, әке-шешесі өздерін өте сенімді, маңғаз ұстайды.
–Сонымен не болды?
–Ақыры арада 25 жыл өткенде, ағасы Марсельдің жүйкесі сыр беріп,полицияға хабарлайды.
–Қыз қайда?!
–Айтайын деп отырмын ғой. Шыдасайшы. Сұлу қыз Бланш көршісі адвокатқа ессіз ғашық болады.Бірақ, шешесі оны қызына тең санамай, үзілді-кесілді қарсы болады..
–Ұқсастықты аңғардыңыз ба?
–Иә, біздің жоғалған қыздың шешесі қызының таксиске күйеуге шығам дегеніне қарсы емес пе?
–Дұрыс айттыңыз. Қандай ұқсастық десеңізші…
–Ақыры Бланштың анасы қызы тыңдамаған соң, шатырдағы жасырын бөлмеге қамап тастайды.Ол байғұс сонда боқ-сідігіне былғанып, 25 жыл қамауда отырады.
–Сұмдық екен!
–Иә, полиция қызды құтқаруға келгенде, боқ-сідігіне былғанып жатқан кәрі кемпірді көреді.
–Ой, сұмдық-ай, естімеген елде көп деген..сосын..
–Бұл оқиға бойынша, Бланштың адвокаттан жүкті болғанын.Тіпті баланы өлі туғанын, немесе шарананы туғаннан соң, әке-шешесі өлтіруі мүмкін екендігі туралы өсек қаулап кетеді.
–Сонымен ..
–Қызды..то есть кемпірді.. енді кемпір болып кеткен ғой, полиция тұтқыннан құтқарады.
–Бланш өмірінің соңғы күніне дейін жүйке ауруларын емдейтін ауруханада жатады.
–Ал әке , шешесі ше ?
– Әкесі Марсель Монье және шешесі Лузы Леонард 1901 жылы 24 мамырда тұтқындалып, 15 күннен соң мадам Монье абақтыда қайтыс болады,.
–Бауыржан , жоғалған қыздың анасынан жауап алып отырғанымда, осы оқиға ойыма сап етті..Демек, қызын таксистен айырғысы келген анасы оны бір жерге өзі жасырып отыруы мүмкін ғой.
–Мүмкін ,қызы жүкті шығар. Ол көршілерінен ұялып, тығып тастап отырған болар.
–Ондай да болуы мүмкін….Ол менің ойыма келмепті.
–Демек, қызды жасыруға мүмкін деген жердің бәрін қарап шығу керек. Саяжайы жоқ. Сонда қайда тығуы мүмкін?
–Тұрғын үйдің жертөлесі бар болуы керек.Әр үйдің жертөлесінде оны-мұны қоятын қоймасы болады. Бауыржан, есітіп отырмысың? Біз сол үйдің жер төлесін тексеріп шығуымыз керек. Меніңше, ол қызды анасы алысқа апара алмайды.
***
Қаланың ескі ауданындағы үйдің сыртқы сылағы түсіп, әбден азып –тозып тұрғаны, оның бұдан кемінде бір ғасыр бұрын салынғанының айғағындай. Оның тұрғындар да әлеуметтік жағынан нашар қамтылған, үй сатып алуға , жаңа пәтер алуға шамасы келмейтін тұрақты жұмысы жоқтар мен кәрі құртаңдар. Есік алдындағы сыры кетіп , арқалығы сынған ағаш орындықа отырған екі үлкен кісінің жанына келген Мәдина амандасып, тізе бүкті.
–Қызым-ау, үстіңді бүлдіресін.Мұнда сен сияқты таза киінгендер отырмайды..
–Бұл үй қашан салынған , сіздерден де үлкен шығар ,–деп тергеуші сыр тартты.
–Уу …уу..Николай заманында. Кеңес үкіметі алғаш құрылғанда, мұнда ауқатты адамдар тұрған. Кейін олар басқа үйге көшіп, зауыт жұмысшыларына беріпті. Зауыт жұмысшылары дұрыс үйге қоныс аударған соң, мұны бойдақтарға жатақхана еткен. Жатақхана болып азып кеткендіктен, зауыт әкімішілігі қайтадан жас отбасыларына пәтерге берген. Ал кешегі өлара тұста, , зауыт та , бәрі де құрыған соң , біз сияқты барар жер , басар тауы жоқ жалғыз басты кәрі құртаңдар мен жарлы-жақыбайлар паналап қалды.
–Сонда бұл үй кімге қарайды?
–Е… қызым ау, біз соның түбіне жететін сауатты болсақ , бұлай отырмас ек,. Бесхозный шығар. Әйтуір біз де, үй де ешкімге керек емеспіз. Әне бір жаңадан шыққан әдіспен жөндеу жұмысын жүргіземіз деп келгендер, бұл үй ондайға жатпайды списаниеге жатады деді. Енді отырмыз бізді сол списанияға қашан жатқызады деп.
–Осы ана көршілеріңіз Бибігүлдің қызы табылды ма?
–Бибігүлің кім? Биби ме?
–Кешіріңіздер, куәлігінде аты солай..
–Оқасы жоқ.Оны осы маңайдың бәрі Биби дейді.
–Оның қызы жоғалды ма?
–Жоғалды деп полицияға арыз берген.
–Қызы жоғалса , ертеңді- кеш жұмысқа барып, дедектеп жүр ғой.Қызы жоғалғанға ұқсамайды. Әйтсе де, сол қыз көрінбейді, біз басқа жаққа оқуға кеткен шығар деп ойладық. Ал, сұрайық десек, шешесі дызақтап, тоқтамайды.
–Сен де айтасын-ау,,–деді жұқалтақ қара кемпір,–Енді қызым жоғалды деп жарияға жар салсын ба, үйінде жылап отырып алса, ол байғұсты кім асырайды? Өзі еңбеккқор. Тыным таппайды. Обал болды ғой байғұсқа. Жалғыз қыз деп жан аямай жүгіріп жүргенде .Қызы құрғыр да әп-әдемі еді. Біреудің көзі түсіп, қағып кеткен ғой. Әйтуір тірі болса жарар. Шешесі қақ-сұқпен ісі жоқ жауас.
–Қойшы . Бибидің тентектігі өзіне жетеді.Талай маған ти деген еркектерді үйінен желкелеп қуып шыққан жоқ па?
–Өбі..үй, айтасың –ау, жөні түзу болса, неге қуып шықсын, осы айналаның алкаштары ғой. Сау басына сақина тілеп оларды не істесін.
–Шамасына қарамай, шалқаяды да жүреді. Қорғаны болса, қызын да ұрламас еді.
–Ту… осы күні дені дұрыс еркек бар ма?Қорғанды табарсың…
–Сен не ойласаң, ол ойла, бұл әне бір жылтыңдаған таксис баладан құтылудың амалы шығар…Оқытам, ешкімге бермеймін деп шырылдауы жаман еді… . Ана шіркін бала үшін отқа түседі ғой…
–Апай, – Мәдина үлкен кісіні әдейі жасарта сөйледі,– осы үйдің жертөлесінде зат қоятын қойма бар ма?
–Енді құдайға шүкір, бұл үйлер сапалы салынған. Қазір ғой ақша үшін апыл-ғұпыл салып, салған үйлері құлап қалатын.Ана Түркияда жер сілікінісінен салған үйлері опрылып қалған жоқ па? Обал-ай, қанша адам тірілей жер құшты….
Тфәй..тфәй. қолы дерт көрмегірлер, бұл үйді сапалы етіп салған..Үйдің құбырлары бірде-бір жарылмай, әлі істеп тұр. Жертөлесі тап-таза… Әр үйдің заттарын қоятын алты шаршыдай қойма бар. Әрқайсына жәй есік емес, темір есік орнатылған. Қара сен сәбет өкіметін. Ұры-қары кірмесін деген ғой. Бұл үйге ондай бәлелер жоламайды. Бір жағынан немізді алсын..Ана байлардың үйіне түседі ғой…Түссін, арамнан жиғандарын желкесінен шығарсын.
–Әй, Қазина , қой, асылық сөйле ме, ұры түссе алатын табады….
–Е, қураған кемпір-шалдың несін алады?! Пенсиясы пенсиясына жетпей отырған..
–Сен не болса соны алма, сонда жетеді..
–Жертөледегі қойманың нөмірі пәтердің нөміріне сәйкес келе ме?
–Иә , әр пәтердің нөмірі қоймасына сәйкес келеді. Құлыптаулы.Кілті пәтердің иесінде.Ой,бұрын қалайда тәрітіп болды ғой..Қызым-ау, оны неге сұрадың?
-Апа, мен тергеушімін .Кейібір жағдайларды анықтап отырмын.Сіздерге көп рахмет .Көмектестіңіздер.
Саңқылдап отырған кемпірлер тілден қалып, бір-бірін шымшылады.
Мәдина көлікте отырған Бауыржанға барып, есік алдындағы қариялардан естігенін баяндады.
Сыртын қызғалтым бояумен бояған үй алабажық-алабажық. Терезе жақтауларының сыры ұшып көнергендіктен, оңған ағашы ағараңдайды.. Үйдің айналасы күл –қоқыс. Қоқыс салатын контейнерлер шұрық-тесік сау-тамтығы қалмаған. Сірә, орталық аудандардың іске аспай қалғандарын, көзге түрткі болмасын деп, осы жаққа ысырып жіберетін болулары керек… Осы маңайдағы он шақты үй өткен ғасырды еске түсіріп, күні өткенін көзге шұқып көрсетіп тұрғандай ұсқынсыз.
– Уақыт тоздырмайтын нәрсе бар ма,– деді Бауыржан үйдің сыртынан көз салып.
–Ой , айтпа , үслкен кісілері де адам аяғандай, ілініп-салынып әрең отыр.
–Ал енді осындай үйдің жер төлесі, ондағы қойма қандай болады деп ойлайсыз?!
– Сұмдық шығар. Дегенмен кіріп , өз көзімізбен көріп шығумыз керек.Қапталында есігі бар.
Үйдің жанында ертеде егілген емен мен қарағайлар, әр жерден қылаң беретін екпе гүлдер тұрғындардың көңілдеріне демеу беретін жалғыз алдамшы көрініс тәрізді.
–Мұндай үйлер, ысырып тастауға жатпай ма?– деді таңданған Мәдине.
–Ой , оның да сан түрлі қиындықтары, кедергілері көп. Үй комиссиядан өтуі керек. Ең бірінші тұрғындары арыз жазады. Ал, сыпыруға жатқызып, нарықтық бағасын шығарғанда , осындай үйде үш бөлмеде тұрғандар бір бөлме де ала алмауы мүмкін. Сол себепті, тұрғындар барымыздан айрылып қалармыз , не болса да бас пана ғой деп отыра береді.Жалпы жыл сайын осындай үйлердің салған жылдары есепке алынып, шетінен сүрмеленіп, оның тұрғындары үкімет есебінен үймен қамтамасыз етілуі керек қой..
–Енді солай неге істелмейді ?Мына адамдарға обал ғой.Мұндай үйлер осы күнгі модернизациялауға да жатпайды дейді.
– Әрине , тұрғындарының оған да шамасы келмейтін болар. Ол несиге жөндеу ғой. Мынау үйді жөндеуден гөрі қирату оңай.
Жер төленің қапсырулы темір есігін ашқанда, сыздың иісі мүңк етті. Таң қаларлығы– жер төле таза. Қаз қатар тізілген қоймалардың кейбірі ашық-тесік ешкім қолданбайтын тәрізді. Мәдина нөмірі қырық бірінші қойманы іздеп келеді. Кейбірінің нөмірі өшіп қалған. Сірә, түп жақта болу керек деп ойлады.Шынында да түпкі есікке бір есік жетпей, жартысы өшіріліп қалған, бірақ төртке ұқсас сан көрді.
–Міне,– деді қол фонар ұстап келе жатқан Бауыржан.
Есік дерментинмен қапталған . Кішкене ғана құлып ілінген.Бекітілуі де мықты емес тәрізді.
–Кішкене темір тауып алып көтеріп жіберше ашылады ,Мәдина, фонарды жарық қыл, мен іздеп көрейін.
–Қайтадан жаба аламыз ба?
–Әрине , қағып тастаймыз.
Кішкене білтемір тауып алған Бауыржан :
–Осы қоймаға енді түсеміз. Ат басындай алтын тауып алсақ жақсы.
–Қызды тапсақ, алтын тапқандай болар едік.
–Әй , білмеймін, күмәнім бар. Қанша айтқанмен анасы ғой, өз қызын өзі қапасқа тықпайтын шығар.
– Францияда Бланш
деген бойжеткенді өз анасы 25 жыл шатырда қамап ұстаған деп айттым ғой….Оқығанда жағамды ұстағам. Осы қыз жоғалды дегенде ойыма сол оқиға сап ете қалды. Менің анам күйеуге тиіп болмаған соң.Сені біреу ұрлап та кетпейді екен дейтін. Кәрі қыз боп қалады деп қорықты ғой.
–Маған айтқанда , мен ұрлап кететін едім.Әттең…
–Сосын мен сені сотқа беретін едім.
–Бере бер .Қайтып барсаң, анаң «бетпақ қар, қайтып келген қыз жаман» деп, қуып шығар еді..
–Оның рас. Сотқа да бергізбейтін еді.
–Мәдина… әлде де кеш емес…
–Бауыржан, қайдағыны айтпа.Екі балаң бар. Әйелің бар, бақытты жанұясың..
– Бақытты екенімді қайдан білдің ?– Бауыржан құлып ілінген илмені оп-оңай сурып алды. Есікті ашып қалғанда , іштен жағымсыз ис лап етті.
–Туу ..уу ,– Мәдина мұрнын басты.Аядай жердегі ескі диванның үстінен ыңырсыған үн естілді.
–Сұмдық! Мында біреу бар ғой…
–Тш….тш…Айқайлама.Біреу есітіп қалуы мүмкін.– Бауыржан жарықты диванға түсірді. Қол аяғы байлаулы. Аузы скотчпен бекітілген қыз бұлқынып жатыр.. Мәдина жанына жетіп бырып:
–Ой, байғұс –ай, кім сені бұлай еткен? – аузындағы скочты жұлып алды.
–Би…би… деді – әлсіз дауыс.
–Ол кім ?
–А..на ..м.
–Тез, тез, шеш, ешкім көрмей тұрғанда, бұл арадан алып кетейік.– деді Бауыржан. –Кейін бәрін анықтаймыз. Көлікті есік алдына әкелем. Тұрғызып , есікке қарай жылжыта бер.
–Мына есікті ше?…
–Қайтесін оны қала берсін.
–Ертең өзі ақ, жылап жүгіріп келеді..
Әбден әлсіреген қызды сүйемелдеп жер төледен шығатын есікке қарай сүйреген Мәдина жан терге түсті.
«Бұл не деген масқара ..Шешесінің есі дұрыс емес шығар «» деп ойлады.Екеулеп қызды көлікке салды.
Ол ешкіммен сөйлескісі келмеді.Ауық- ауық жылап алады. Мәдина сүп-сүйкімді қызды ерекше жақын тартып, « бұл қызды өзім қамқорыма алам» деп өз-өзіне ант бергендей, психологке көрсетіп, жағдайын білді.Анасымен екеуі қатты ұрысып , қыз айтқанынан қайтпаған соң, қамап тастаған. Үйіме жіберіңдер, деп қасарысқан қызды алдап-сулап департамент жанындағы ауруханаға жатуға әрең көндірді.
Ертеңіне , ебіл-себіл болып, жылаудан екі көзі былаудай болып ісіп кеткен анасы полицияға келгенде, Мәдина шақыртып:
–Не болды сізге ,–деді таңданып.
–Қызымды ұрлап кетті?
–Кім?
–Әрине, ана таксис сұмырай ! Менің қайда тыққанымды біліп алған ғой.
–Сабыр етіңіз. Қызыңыз бізде.Тыққан орныңыздан біз таптық.
–Қайда?!
–Айттық қой, бізде.
–Әзір бізде болады. Үйге алып кетем демеңіз.
Мәдина кезекшіні шақырып :
–Ауруханада жатқан қызды алып келіңіз ,-деп бұйырды.
–Қалайша, ауруханада?
–Енді сіз сондай ит байласа тұрғысыз, қоймаға аяқ- қолын байлап, аузын тығындап тастасаңыз, қандай болу керек?!
–Мен оны ана алаяқтан құтқарғым келді. Құтқардым да, ол бір бизнесмен бойжеткен тауып алып, кеше Турцияға ұшып кетті. Алды-артына бір уыс топырақ..Бәрі соның кесірі.
Ішке кірген қызы:
–Апа , ол алаяқ емес. Мен оны сүйемін,–деп анасына жақтырмай қарады.
–Ол сені сүймейді ,Мэри. Ол бай бикеш тауып алды. Оның махаббаты екі айға жетпеді. Сен екі ай қамауда болғанда, ол басқа біреуді тауып алды.Мен саған не айттым. Есіңді жи!
Мәдина мұқият тыңдады.
–Мәри , сені екі ай бойы қоймаға қамап тастап, анаң қылмыс жасады. Анаңның үстінен арыз беруге құқылысыз.
–Жоқ. Өзім кінәлімін. Анамды тыңдамадым.Оның басқа амалы қалмады. Маған күнде тамақ әкеліп тұрды. Түнде шам жағып , әлсін –әлсін қарап жүрді.
–Ана желкілдектің бизнесмен бикешімен Түркияға кеткенін біліп, қызымды босатып алғалы отыр едім.. Сол арада алып кетіпсіздер.Қатты шошыдым. Бұл менің жалғыз қызым. Оқығанын қалаймын. Мектепті үздік бітірді.
–Енді қайтесіздер ҰБТ өтіп кетті. Сізге қалайда емтиханнан қалдырмау керек еді….
–Мэри ,атестатың бар ғой. Заң колледжесіне түсемісің?
–Маған бәрібір оқу болса болды.
–Онда емделіп шығып , құжаттарыңды алып, маған кел.Өзім көмектесемін. Мэри!Мэри !Кім біледі Мисс Марпл тәрізді атақты детектив болып шығарсын.
–Агата Кристиді оқыдың ба?
–Жоқ.
–Тергеуші болғың келсе , оқы.
Мэридің анасы жылап жіберді.
–Сізге мың сан рахмет.
–Сіз мұндай іс енді қайталанбайды деп түсінектеме жазыңыз. Жаза аласыз ба ? Мэри, анама қояр кінәм жоқ деп сен де түсінектеме жаз.
–– Мені үйіме жіберіңізші.Мен ауру емеспін.,–деді қыз.– Анам маған үнемі тамақ тасып тұрды. Мен де бәрі дұрыс. Тек үйіме барып , ұйқымды қандырғым келеді. Анда егеуқұйрықтар көп.Түнімен тырсылдатып ұйқы бермейді.
–Кешір қызым,…
–Жарайды, қызыңызды үйіңізге алып кетіңіз.
–Мэри , келесін ғой, міне менің визиткам . Телефон соғып, хабарлас .
–Қазір шыққан соң, оңға қарай жүресіз, сонда зал бар, қағаз қаламсап алып, түсініктемелеріңді жазып, маған тапсырып кетесіздер.
Тергеушінің қалта телефоны тыз етті. Дисплейде Асан деген жазу шықты.
–Мәдине , саламатсыз ба, қызметіңізге кедергі келтірмедім бе, қолыңыз бос болса кешке кездесіп, бір кафеде отырайық демекші едім.
–Жақсы.Нешеде ?
–Сағат сегіз.Өзім звондаймын. Алып кетейін бе?
–Жоға көлігім бар ғай .Мекен жайын айтсаңыз , өзім барамын.
3 тарау
Кең кабинет жарық , қоңыр салқын. Тергеу басқармасының басшысы полковник Бауыржан жасы үлкен болғанмен, біліктілігімен беделге ие болған Мақсатты шақырып, алдындағы орындықты ұсынды да :
–Не ішесіз кофе ме , шай ма ? і
–Шай ішем көңілім жай деп , шай тұрғанда кофе дейтін қазақ шала қазақ қой ,–деп күлді ол . Тетікті басып көмекшісіне шай әкелуді бұйырған Бауыржан :
–Мәке , бір маңызды тақырыпқа кеңес алайын деп шақырдым.Сіз осы дін жағына да мықты едіңіз ғой.Маған осы дін мәселесіне байланысты жарыс сөзге қатысу керек болып тұр.Шынымды айтсам, бұл мәселеден онша мықты емеспін… Сізді айтып едім. Бірінші басшы өзі сөйлеу керек деп тұрып алды.Вахабиттер туралы не білесіз?
– Ваххабиттер діни ұйымның мүшелері.Бұл ислам әлемінде ХVIII ғасырда пайда болған саяси-діни қозғалыс .Ол VIII ғасырдағы Ибн Таймимидің ізін басқан Мухамед Ибн Абд аль-Ваххабат –Тамимидің есімімен аталады. Орыстар «ИГИЛ» деп жүр. Ол– Ирак пен Левандағы ислам мемлекеті — бұл ұйымның іс-әркетіне біздің елде тыйым салынған. Олар негізі Сирия мен Ирак аймағында орналасқан. Айналасындағы он шақты мемлекеттерге ықпалы күшті. Бұл ұйым әлемде болып жатқан түрлі лаңкестік қанды оқиғаларды мойындарына алып, өздерінің әрекеттілігін дәлелдеп бағуда. Бұл ұйымның негізгі мақсаты- « ұлы халифат» мемлекетін құру.Орта Азиядағы тыныштыққа әсер ету.Олардың мықты үгіт-насихат құралының бар екенін және оған жас жігіттер мен әйелдерді тартып,өздерінің қатарын толықтырып, иланғандарын Сирияға және Иракка соғыс қаруы етіп қолдануды мақсат тұтатындығын ескеру қажет. Олардың осы саясатына Қазақстанда да жастардың илығып, кейбіреулерінің құрсаудан шыға аламай жүргенін жасырмау керек. Олар негізі дінді насихаттау деп құрықтарына ілінгендерді соғысқа, лаңкестік әрекеттерге пайдалану үшін қолданады.
Бұдан басқа ислам суннитер мен шиттерге бөлінеді. Осы екі ағымның арасында бітіспес қайшылықтар бар. .
–Осы сіздің мәлімдемелеріңіздің негізінде , өзімнің де ізденіп, жиғандарым бар айтып берсем, жарайтын болар.
–Ой, дін деген өз алдына бір ілім оны зерттеуге көп уақыт керек қой.Мына дінмен айналысып жүргендердің өзі осы ғылымның бет жағында қалқып, мағызына мән бермей жүргендер. Әйтуір , құран оқып, өлік шығарғандарына мәз.
–Олардың күнкөрісі сол болып тұр ғой.
–Бауыржан, дұрыс айтасыз.Көбісі күн көріс көзіне айналдырып,онымен қоймай өздері мән-жайын жетік білмесе де , сырттан келген содырлардың теріс пиғылдарына жастарды иландырып, шала-пұла білімімен біздің дінімізді бүлдіріп жүр ғой.
–Сол бағытта бір бас қосу болады деп , соған шақырып отыр ғой деймін. Бұған сіз баруыңыз керек еді.
– Жоқ , әзірге менің қолым бос емес, бүгін өзім де сіздерге кіріп , мына бір шақыру қағазымды бергелі отыр едім. «Сұлу әйел алған адам өмір бойы қарауыл болып өтеді.Бай әйел алған адам өмір бойы құл болып өтеді»–депті Баласағұн бабамыз. Сондай –ақ, сұлу болмаса да , сүйкімді, өзімнің теңімді таптым.
–Ой, Мақсат…. сіздің әрбір сөзіңіздің пәлисапиялық мәні бар.Өте ақылды адамсыз.
–Өзі ақылды адамдардан ақымақтық шығады. Сол себепті, осы ақыл деген сөзді аңғарып айтпаса болмайды.
– Енді қателеспейтін адам болмайды …
–Ал қателесе беретіндерді не дейміз?
–Оны ақымақ дейміз.
–Содан сақтасын.
– Генералға қалай кірудің ретін таппай отырмын.Айтпақшы, ол кісімен осы бер-ер күндікте саябақта кездесіп қалып, бірталай әңгіме дүкен құрғанбыз.Керемет адам .
–Райс Сапарұлы ма?! Ол кісінің сіз туралы пікірі өте жоғары…
–Иә, бірталай нәрсені бүлдірсем де… Мен туралы пікірі бұзылмаған тәрізді.
–Ой , Мәке , не бүлдірдіңіз?! Ондай- ондай хан қызында да кездеседі демей ме…
–Бізге хандық қайда, қаралығымыздан түсіп қалмай жүрсек, шүкір дейміз…Дүрілдетіп той жасайтын жастан кеттік , дабыра қылмай, узкий кругте атап өтсек деп едім.
Мақсат қол портфелінен шақыру қағазын алып ұсынды . –Келін мен екеуің келіңіздер.Ал, генералға қалай кірудің ретін таппадым. Сен бармайсың ба?
–Ой, Мәке , құттықтаймын ! Керемет жаңалық екен. Генералға ма, қазір барғалы отырмын.Бірақ , өзіңіз бергеніңіз дұрыс қой. Жүріңіз менімен бірге!
-–Жақсы. Сенімен бірге барсам, барайын. Ол кісінің алдына ылғи бір ыңғайсыз жағдайлармен кіріп, бетімнің суы бес төгіліп қалған. Тағы не мәселеңді айтқалы тұрсын дей ме деп қысылам.
Генералдың қабылдауында отырған кісілерді көріп , күтуді жөн көрген тергеушілер есік аузындағы орындыққа отырды. Кабинеттегі видеодан кімнің келгенін көріп отырған генерал:
–Тергеудің жігіттері кірсін,– деді көмекшісіне.
–Сіздерге кірісін деп жатыр,– деп ол есікті ашты.
–Ау , біз ше , манадан күтіп отырмыз деп наразылық білдіргендерге :
–Бұлар маңызды іс бойынша келіп отырған тергеу бөлімінің қызметкерлері ,–деп түсіндірді.
–Сіздерге күтпей кіре беріңдер деп қашанғы айтам,– деп ескерткен генералға Мақсат қалт тұрып:
–Жолдас генерал, саушылығыңыз тілеймін,-деп ресми сәлемдесті.
–Рахмет! Жастардың маған еті үйренген , кірген сайын чест бермейді. Ал, үлкендер тәртіпке үйренген,– деп күлімсіреді.
–Жолдас генерал, кешіріңіз,– деп, атып тұрған Бауыржанға,–Отырыңыздар, жастарды еркелетіп жіберген өзім «мен жастарға сенемін» -, деп қай ақын айтып еді.–Мағжан ба,Ахмет Байтұрсынов па , есімде қалмапты.
––Мағжан …
–Міне , Мақсаттың басы энциклопедия. Филолог болам деп ақыры тергеуші болып кеткен .
Генералдың мақтауынан көңілі көтерілген Мақсат батылданып,
–Райс Сапарұлы, бұл жолы Сізге , жеңгей екеуіңізге Шақыру билетін әкелдім. Тапсыруға рұқсат етіңіз.
–Тапсырыңыз.Рұқсат.
–Некеге тұру рәсіміне шақыру.
–Неге үйлену тойы емес.
–Қазір карантин. Қызметестерімді шақырып, Сіздің арамызда болуыңызды қаладық.
–Бауыржан ,барамыз ба?
–Әрине, жолдас генерал, тойды сағынып, ішіміз пысып жүр.
–Ох … жастар … жастар… Жарайды.. Мақсат. Құтты болсын . Қалыңдығың қайдан? Мамандығы кім?
–Қаланікі .Дәрігер.
–Дұрыс. Құтты болсын.
–Рахмет.
Қалалық телефон шыр етті. Тергеушілерге бас изеген генерал тұтқаны көтерді.
Бауыржан мен Мақсат кабинеттен көңілді шықты.
***
Мақсат пәтерінің залына ұзын стол мен жиырма шақты үстелден басқа ешнәрсе алмаған. Сонысына бүгін риза . Отыз шақты адам кеңінен сияды. Қарындасы «Не деген сұмдық , отыз адам шақырып , той өткізем дегенді сенен естідім » деп ағасының шешіміне риза болмай шыр—пыр етіп , дастарқан мәзірімен айналысуда .Арасында «генералың келсе жақсы » деп өзі де қобалжып жүрген көңілін күпті етіп қояды.
–Енді келмесе, қалған қонақтарды таратып жібермейміз ғой.Ең бастысы , Ақмаралдың ата-анасы келсе болар. Құда түспеді, той жасамады деп қыр көрсетіп жатқан солар ғой..
–Неге қыр көрсетеді? . Отыздың бел ортасындағы кәрі қызының үйлі-күйлі білдей тергеушіге тұрмысқа шығып жатқанына қуанбай ма?
–Соңында сылдырмағы бар, балалы жігіттің деңіз.Ақмаралдың бұрын тұрмысқа шықпаған қыз екенін ұмытпа !
–Ой, аға қойшы. Сенің орныңда жас қызды маңдайынан шертіп жүріп , таңдап үйленуге болатын еді. Өзің де , беті жылтыраған көрсең , ғашық болып…ғарышқа ұшып жүрдің ғой бірталай.
– О, Махаббат апа келе жатыр. Дос деп соны айт! Гүлі қандай !!! Қалыңдыққа сыйламақшы ғой. Айтпақшы , аға , сен енді дайындал! Төрт болды. Бесте загстің қызметкерлері келеді. Қонақтардың алды да келе бастайды.Қалыңдықты алып келуге кім барады?
–Кім барады несі ?! Өзім алып келем.
–Ал, ата-анасы ше ?
–Олар кейін келеді.
–Тіркеу рәсімінде болмай ма?
–Білмеймін.
–Ау, Бауыржан екеуміз барамыз деген едік қой .Бауыржан қайда ?
–Мәке , мен келдім ,– –деп екі иығынан дем алған Бауыржан қолындағы гүлін кімге берерін білмегендей аңтарылды.
–Ой, алып барыңдар .Қалыңдыққа бересіндер ,– Махаббат саңқ етті. –Немене сонша бұрын үйлену тойын көрмегендей ,әбіржіп кеттіңдер.
–Бұрынғы үйлену тойы бұдан гөрі өзгешелеу болатын.
–Бұл– Шерлок Холмстың тойы ,–деді Бауыржан сұқ көлін көтеріп,– Ол қалай жоспарласа, солай болады.
–Бәсе.. осылай деп ана қайын жұртына айтуды ұмытпашы!!! Шерлок Холмстың құда түсіп, дүрілдетіп той жасайтын уақыты жоқ де.
–Шынында солай емес пе !
Сол бойы күйеу жігітпен жігіт жолдасы джипке отырып, қалыңдықты әкелуге аттанды.
Үйден некеге тіркейтін загс қызметкерлері уақытынан бұрын келіп, дайындап қойған бөлмеге жайғасып, күйеу мен қалыңдықты күтуде. Алды келе бастаған қонақтарды қарсы алған Қарлығаш құтықтауды қабылдап, жастардың қазір келетінін, залға немесе холлға шығып дем ала тұруларын өтініп, жік –жапар болуда.Әбден қонақтар жиналып болған соң , аулаға келіп тоқтаған қызыл-жасылды той мәшинесінен күйеу жігіт , ақ көйлекке малынған қалыңдық , тағы басқа қонақтар түсе бастады.
–Ойбүй , Қарлығаш , шашу қайда ,музыка.Той жырына сал –деп Махаббат шырылдап жүр.– Мәшинені де сол жақтан безендірген. Бәріміздің есімізді тандырды бұл Мақсат. –Ол қолына ұстатқан шашу толы табақты алып далаға шыққанда , көрші ақсақалдың кемпірі Балзия шашуын шашып, бала шаға шулап жатты. Мақсаттың:
–Апа, керек емес дегеніне қармай, ақ шәліні келіннің бетіне жауып жіберді де:
– Әй , қарағым , есік көргенді алып жатсың ба , бесік көргенді алып жатсың ба , есік көрмеген бала болса , бетін жауып , бет ашар жасау ата-бабаңның салты .– Қарағым , сыртқы есіктен оң аяғыңмен , биссимиллә деп кір ,–деп көрші әже бұйырғанда ,айнала сап тыйылды..
–Әй, жол білетін үлкендерден айналмаймысың , қызымыз алғаш рет босаға аттап тұр. Дұрыс жасадыңыз ,–деді қыздың жеңгесі,– Біз де соны қалап едік. Амал, не күйеу бала ыңғай бермеген соң , іштен тынғанбыз..
–Ал , енді бет ашарды кім жасайды?!–Масқара болдық деген осы,– деді Қарлығаш күйіп-пісіп.
–Саспаңыз , бізде жігігтер бар, қазір ашып береді ,–Бауыржан көпшіліктің арасынан Мәдиді тауып алды :
–Ал , жігітім , бар өнеріңді салып, бір екі ауыз сөзбен бет ашып жібер,–деді.
–Қалай? Дайындығым жоқ қой.
–Дайындық не керек? Тым болмаса терме айт та мына тұрған жұртқа бір сәлем деп, бетін ашып бер ! Айтып жүрген бет ашарыңды айта берсейші.Сені бұл жерде ешкім сынамайды.
Әйтуір қайдан екенін қамшы да табылды . Арман қамшы ұстады. Көзі алақтап қорқып тұрған ұлына қараған Мақсат не ашуланарын , не қуанарын білмей, қалшиып қалды.Бірақ, көпке топырақ шаша алмайтынын да сонда түсінді.
Жігттің даусы жақсы екен түйдектете жөнелген термесі жиналғандарды дүр сілкіндірді. Бір ұжымның қызметкерлері болғасын ба, әрқайсының атын атап , түсін түстеп жас келінге сәлем салдырғанда , ортадағы ақша салтын кәрзинка әп- сәтте толды. Осы сәтте ішке кірген генаралды көрген Мақсат ұялғанан жердің тесігі болса , кіріп кеткісі келді. Сол бойы Мәди қаздай қаңқылдап :
– Даңқы кеткен алысқа , теңеймін оны барысқа , жастарға болған қолбасшы . тергеушіге жол басшы, осы тойдың қадірлі қонағы Райс Сапарұлы мен жеңгемз Шолпанға бір сәлем !–деп генералға сәлем еткізудің де ретін тапты.
– Сауысқандай сақ келін, жұмыртқадай ақ келін, осы тұрған қауымның баршасына бір сәлем!– деп келіннің бетін ашып тынды..
Ақ шүберектей жүзіне қызыл шырай енген қалыңдығына көзі түскен Мақсат «Өзі сұлу екен-ау» деп көңілі толды. Загс қызметкерлері жас жұбайларды неке тіркеу рәсіміне шақырды..
Қонақтарға ілескен Мақсатты жеңінен тартқан Бауыржан :
–Мәке, Сіз неке тіркеу бөлімесіне бармайтын ба едіңіз ? –деп тоқтатты.
–Әә ,әә.. солай ма ,– Оның сасқалақтаған түрін көрген генерал. –Мақсат, заңды некеге тіркеліп,қалыңдығыңды ертіп кел ! Той бастайық ,–деп күліп жіберді.
–Жолдас генерал , әлде де талай қызықтар болатыны анық ,–деді Бауыржан күлкіге көміліп,–Ау , куәгер екеніңізді сіз де ұмытып кеттіңіз бе, жүріңіз .–деп Махаббат оны күйеуі жігіттің соңынан итермеледі..
–Тергеушілер осындай ұмытшақ болады деп ойласамшы..Әйтуір , қалыңдықты ұмытып, үйінде қалдырып кетпей , жеткізгендеріңізге рахмет !
Қызыққа кенелген тойшы қауым ортаға шығып билей бастады.
–Отағасы біз де көптен билеген жоқпыз. Жүр билейік , –деп Шолпан Райсты биге шақырды.
Қайда барса да, қай ортада жүрсе де шоқтығы биік, кескін келбетімен, мінез-құлқымен, ақылымен арда тұратын күйеуіне оның сүйспеншілік сезімі шексіз. Онымен өмір бойы бірге өмір сүріп, тіршіліктің ыстық -суығын бірге өткеріп келе жатқандай, өмірінде одан басқа сүйгені де, сүйенгені де болмағандай күй кешеді. Екеуі кеш кездескендіктен, ортасына дәнекер болатын балалары болмағанына өкінеді. Бар кем-кетігін толтырып, сағынуды, сарығып күтуді үйретіп ,дүниедегі ең қымбат жанына айналған отағасына бар мейірім мен мерейін төгіп,өзін бұл дүниедегі ең бақытты әйел ретінде сезінеді.. Шолпанның әлденеге жымиғанын көріп:
– Күйеудің Қожанасырлығына күлкің келді ме, біздің жігіттер сондай,
олар қиялилау келеді,–деді Райс.
–Мен жазушылар қиялилау келеді дегенді еститінмін. Бірақ, сіздің де кейбір қылықтарыңыз ол ойымнан айнытты.
–Мысалы , қандай?!
–Масканы ұмытып кете беретін бе?
–Ой, ол бер жағы ғой.
–Дәріні ұмытып кете бертінім бе?
–Ол да емес.
–Енді не ?!
–Мені ұмытып , әдемі әйелдерге қызығып, қияли болып кететініңзді ұмыттыңыз ба?
–Ой, Шәке , қай-қайдағыны ұмытпайды екенсіз. Ол сені ұмытқандық емес, сұлулыққа тәнті болу, тамашалау ғой.
–Тамшалаймын деп жүріп, мені тарс ұмытып кетсеңіз қайтем?!
–Қалыңдығын ұмытқан күйеу жігітті көріп шошып кеттің бе?
–Енді үйленбей жатып , ұмытып жүрсе, одан әрі не болады?!
–Жалпы , Мақсат ондай ұшқалақ жігіт емес…Өте сауатты , қылмыс ашуға қабылетті, бірақ осы әйелдерге келгенде, бағы жанбай жүрген. Бақытты болады деп сенейік.
–Сондай тілек айтуға келдік қой.
–Құрметті қонақтар, орнымызға келіп, жас жұбайларды қарсы алайық.
Үстелдің бас жағынан орын алған Райс пен Шолпан орындарына отыра беріп, қонақтардың ылғи жастар екенін байқады. Осы кез кірген көрші ақсақалмен өзінен әлдеқайда жас көрінетін әйелін жоғарыға өткізген Мақсат:
– Райс Сапарұлы, бұл көрші ақсақал .Бұрын органда қызмет жасаған. Үлкен кісілерді көрген генералдың көңілі көтеріліп, оң жағынан орын босатып:
–Ақсақал, бері келіңіз , тіпті жақсы.Жастардың арасында жалғызсырап отыр едік.
Оның жанына отырған Абылай ақсақал:
–Япырай, атағы алысқа кеткен генералдың оң жағынан орын алып, дастархандас болам деп ойлап па едім.–Жаныңыздағы келін болар.
–Иә , иә , танысып қойыңыз аты – Шолпан.
–Біздің үйдегімен де , то есть жеңгеңмен де танысып қой – Балзия.
–Ә.. жеңгеміз жап- жас екен. Ұрлап алған жоқсыз ба ?
–Солай десе де болады. Ұрлап едім, ұнаған шығармын .Қалып қойды ғой..
Күйеу мен қалыңдық орталарына келген соң ду-ду әңгіме қызып , асаба өз қызметіне кірісті.
– Алғашқы , той бастар сөзді бүгінгі күннің қадірлі қонағы Райс Сапарұлына дей бергенде, қолын көтерген Райс:
–Біз үлкенді сыйлаған халықпыз.Осы дастарханда жасы үлкен ағамыз, Мақсаттың көршісі Абылай ақсақал отыр , сөздің реті сол кісінікі,– деп бөліп жіберді.Орнына асықпай тұрған ақсақал тамағын кенеп :
– Жол білгеніңіз үшін , жөн білгеніңіз үшін ,Райс айналайын, рәсми әрқалай атауды білмей жатырмын , рахмет! Қазір өзі ақсақалдардың да қадірі кеткен заман . Алдымда ақсақал бар демей, одыраңдап төске шабатын жастар көбейді. Ал, қарағым ,Мақсат, «көрші ақы -тәңір ақы» деп көрші болғалы иша дескен жоқпыз. Қызметтегі адамсын, жолынан қалдырмайын деп , кейде көрсем де көрмеген болам. Қазақта бас екеу болмай , мал екеу болмайды деген бар, енді екеу болып , еңсең көтеріліп, теңіңді тауып, бізді, мына қызметтес достарыңды ,қуантып жатсын. Сен де бір азаматқа керек ақыл да , білім де, сабырлы мінез-құлықта – бәрі бар. Жоқ нәрсең , жаныңды түсінер жан жарың еді. Оны да таптың. Әйел қылықты болса, еріне сүйкімді.Ер адам білікті болса, еліне сүйікті деген бар. Осы екі қасиет бастарыңа қонып,бақытты от басы болыңдар! Мына кемпірім де қосылам деп отыр.Бұл кісі келінді елден бұрын қарсы алып, ырым –жырымын жасапты ғой. Сонсын да кешігіп келдік.
. –Мен шалдың айтқанына қосылам ,– деді Балзия микрофонды асабаға қайтарып берді.
–Е ..дұрыс бала-шағалы болғанда, қосылмай қайда барасың ,–деді отағасы қағытып. Жастар тағы ду күлді.
–Міне, күлсең , кәріге күл деген осы.
–Ал , достар ас атасы еттің алдында , біздің қадірлі қонағымыз Райс Сапарұлы мен Шолпан жеңгейге сөз берелік.
Генерал сәл ойланып :
Абылай ақсақалға қарады:
–Сіздей абыз ақсақалдардан соң , сөз айту оңай емес.Сіз органда қызмет жасап зейнеткерлікке шыққан екенсіз. Органның жұмысын бүге-шігесіне дейін білесіз. Мүмкін сіздің кезеңде басқашалау болған шығар. Дегенмен, қылмыспен күресу қай уақытта да оңай болған емес. Сол аса қауіпті де , жауапты буында тергеуші боп қызмет атқарып, оның ыстығына күйіп , суығына тоңып, абройлы болып жүрген Мақсаттың қуанышына ортақтаса отырып, Ақмарал келініміз оның жұмысының қиын екенін , уақытпен санаспай , қажет болса, күн –демей түн демей мезгілсіз жүретінін ескеріп, түсіністікпен қарайды деп сенеміз. Мына біздің жанымыздағы жеңгелерің сондай сынақтан мүдірмей өткендер. Біз сізді бүгінен бастап қатарымызға сондай жауынгер қосылды деп қабылдаймыз. Ал, шаңырақтарың биік болсын, ішіне тек сәбидің күлкісі толып, ырыстарыңыз арта берсін.
Отырған жастар лап етіп орындарынан тұрды. Бәрі де алғаш рет шені үлкен атағы зор басшысымен дастархандас болудың мәртебесін сезініп, бір жағынан қысылып отырғанға ұқсайды.
–Енді біздің жеңгеміз доктор Ватсонның рөлін тамаша атқаруға тиіс,–деді бірі.
–Біздің заманымыз да Шерлок Холмстың кім екенін білмеуші едік, Реке, қазіргі жастар әбден еуропаланып болған.– Абылай ақсақал басын шайқады..
–Енді Әбеке , айып етпеңіз, менен көп үлкен емес сияқтысыз. Қазір жиырма бірінші ғасыр. Қазір болмыс өзгерді, электронды қоғам пайда болды. Ой сана өзгеріп, компьютерлік білім алға түсті. Соның бәрін жиынтығы біз квантқа, сол элементердің ажырамас бөлшегіне айналдық. Міне алдыңызда отырған жастар- соның жемісі .
–Енді жеңісіне айналуларыңа тілектеспін ,– деп қарт мырс етті.
–Ал, естідіңдер ме, бұл кісі кеңестік кезеңнің қылмысын біз құсап компьютермен , электрондық приборлармен іздемеген, жаяу немесе атпен жүріп ізге түсіп , қолмен теретін машинкамен хаттама толтырып атқарған , солай бола тұрса да, ол кезде қылмысты істер дер кезінде ашылып отырған.Ақсақал соның сыры неде ?!
–Ой , Реке , буынсыз жерге пышақ ұрдыңыз. Мына бар ақыл ойын еруопалық жаһандану жайлап алған жастарыңыз , менің қарабайыр тілімен айтқан қағидаларымды түсіне қойса жақсы..Біздің заманымызда жаңагы Сіз айтқан компьютер, басқада бүгінгідей озық техникалық прогрестер болған емес. Оның есесіне қоғамда болып жатқан қылмыстың ашылуына сол қоғам мүшелері мүдделі болатын. Көрген –білгендерін жасырмай тергеушілерге жеткізіп тұратын. Ол кезде орган қызметкерлері мен қарапайым халықтың арасында өзара түсінушілік , бір- бірін құрметтеу сезімі басым болатын. Милицияны қорғаным деп , басқа заң органдарының адамдарын құқымды қорғайтын адалым деп сыйынатын заман еді.. Сол себепті, біз көпшілікке арқа сүйедік. Ал, қазіргілер бірінен –бірі қашып жүрген кісікиік. Есік алдында біреумен тілдесейін десең, бірнәрсесін тартып алатындай қаша жөнеледі. Міне, сіздердің электрондық дәуірлеріңізде қылмыстың ашылмайтын себебі — адам адамнан безінген заман .Тіпті куәгер болуға ешкім табылмайтын шығар.
– Так точно! –деді отырғандардың бірі.
–Дұрыс айтасыз , – деп оны түзегісі келген Мақсат.– Қазір адамдар салғырт. Ешнәрсеге араласқысы, бір- біріне көмектескісі келмейді. Көрсе де , көрмеген болады.
– Міне , қызық , молдалардың арасына түссек діннің әңгімесін айтады, дәрігерлердің арасына түссек аурудың әңгімесін айтады. Міне , ылғи тергеушілердің арасына түсіп едік , қылмыс жайлы айтып кеттік, –- деп күлді Шолпан әңгімені басқа арнаға бұрғысы кеп.
***
Той қызығына түскен жастарды оңаша қалдырып , үлкендер есік алдына шыққанда, күздің салқын ауасы қаланың қойны-қонышын жайлап, аяқ астын төгілген сары ала жапырақтар ауланы әлемтапырақ етіп үлгерген екен. Араның ұясындай үйлердің терезесінен самсаған жарықтар, әр үйдегі түнгі тіршіліктің куәсіндей көзді еріксіз тартады.
–Мына үйлерде қанша халық тұрады десеңші, баяғының бір ауылы емес , екі үш аулы сыйып кетеді. Бірақ бұларды ауылмен салыстыруға болмайды. Бәрі тас құршауда. Есіктерінде домофон. Бір есіктен кіретіндер бір-бірін танымайды.Бірі-бірімен амандаспайды.Сіз де осындай үйде тұратын боларсыз?
–Иә, ақсақал, мен де осындай үйде тұрамын.
–Енді қараңыз, қазір мына аула ішінде біреуді біреу пышақтап жатса, мына бірнеше ауыл сыятын үйден ешкім тырс етпейді.Қайта терезелерін жауып, түк көрмегендей,тығылып алады. Біреу « құтқарыңдар «» деп айқай салып жатса, шықпайды. Ең әрі кетсе , үйлерінде отырып полиция шақырады. Ал ана бұзықтар полиция келгенше, ізін жасырады.
Біздің уақытымыз да біреу- біреуді сабап жатса, аршаға келгендер , милиция келгенше, тырп еткізбей ұстап тұрып, қолына тапсыратын.Ал кісі өлімі болса, куәгерлер өздері келіп, айғақ беретін,қылмыскерді тапқанша , кәдімгідей тергеуге көмектесуге барын салатын.
– Асақал, сіз бүгінгі күні қылмыстың неге ашылмайтынын тап басып тұрсыз. Былай қарағанда , осындай жаңағы сіз айтқандай, бірнеше ауыл сиятын үйлерде қауіпсіздіктің барлық түрлері сақталған. .Терезелері тор, есіктері темір.Домофон қондырылған. Алайда, осы үйлерде қылмыс көп жасалады .Неге? Әсіресе тұрмыстық жағдайда ері әйеліне немесе әйелі еріне қол көтеруі, тіпті суық қару жұмсауы көбейді. .Немесе керісінше.Жасөспірімдер суицид жасайды. .Неге олай деп ойлайсыз?!
–Біздің қоғам – жабық қоғамға айналды.Жаңағы айтып отырған бірнеше ауылдың арасындағы қарым-қатынас , салт-дәстүр, адамдардың бір-біріне мейрімділігі , бауырмалдығы бүгін келмеске кетті. Бұлар бір үйде тұрса да , бірін -бірі көрмейді. Бірін –бірі естімейді. Көздері соқыр. Құлақтары саңырау. Оларға айналасындағы адамдардан гөрі қолындағы смартфоны жақын.. Отбастарында да осындай құбылыс .Олар бір-бірін түсінбейді. Түсінуге тырыспайды. Әрі-беріден соң , бір-біріне кедергі келтіре бастайды. Бірі-бірінен құтылғанша асығады. Осыдан ұрыс-керіс басталады. Өз-өзіне қол салу да осыдан. Менің түсінегім осы.Ал, сізге бір сауалым, жаңа дастархан басында айтып жатсыздар, өткен ғасырларда әлемге әйгілі тергеушілер болған екен. Сондай білгірлер біздің елден неге шықпайды?
–Неге , біздер де қабылетті , білікті талантты тергеушілер бар. Бірақ өзіңіз айтқандай, қоғамдағы самарқаулық, адамдардың аш құлақтан тиыш құлақ деп, қылмысты ашуға қол үшін беруге ынтасыздығы қол байлау болуда.
– Дегенмен, бүгінгі құқық қорғау органдарының бұрынғы абройы мен беделінен айрылып қалуының бір сындарлы себебі бар тәрізді. Мүмкін, «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деп, араларыңдағы өз ісін адал атқармайтындардың кесірінен алға басқан қадамдарың кері кетіп жатқан шығар. Ол жағы менен гөрі қызметтегі сізге белгілі ғой…
–Иә , ақсақал ,дұрыс айтасыз.Бізде шешілмеген мәселе жетерлік.Құқық қорғау органдары заман талабына сай қызмет көрсету үшін,бір талай ізденістер, түбегейлі өзгерістер керек.
Осы кез іштен шыққан әйелдерін көрген олар солай беттеді.
–Әбеке, Сізбен сұхбаттасуымыз мұнымен бітпес деп ойлаймын. Кездескенше сау-саламатта болыңыз.
– Зейнеткерлер Сіздің құзырыңызда ғой.
***
Қыркүйектің екінші жартысында салқындаған күн кенет жылынды. Бұл орыстардың «бабье летосы», қазақтар «кемпір шуақ» деп аударып алған. Ағаштардың бас жағы келе жатқан күзді, етек жағы кетіп болмаған жазды еске түсіреді. Аспан тұтас бурыл бұлт. Мақсат бүгін жаңа лауазымына орай тергеу басқармасының бастығы кабинетіне ауысты. Біреудің киімін рұқсатсыз кигендей, ыңғайсыздау күйде. Кеше кешкілік генерал шақырып алып, басқарманың жұмысы нашарлап кеткендіктен, осылай шешілгенін жеткізген. Бір нәрсе айтпақшы болған, генерал тіктеп қарағанда, аузын аша алмай , жанарын аударып әкеткен. Сонда бұрын айтып жүргендердің «Генерал бір қараса болды, өзіңнің не айтайын деп отырғаныңды , не айтқың келгенін ұмытып қаласын. Оның пысы басатыны сонша , оның алдында өзіңді түкке тұрғысыз, қауқарсыз сезінесін» деген сөздерінің жаны барын ұғынды.
–Мақсат Қонысбайұлы, сіздің тергеуден мол тәжірибеңіз бар. Білікті, қабылетті заңгерсіз. Бұрын да талай рет , лауазымды қызметке өсірудің жолдары болған. Өзіңіз дайын болмадыңыз. Бауыржанның жастығы кедергі келтіріп, кейбір мәселелерді байбына барып , батыл шеше алмағандықтан , тергеудің көрсеткіші төмендеп, алға басқан қадамымызды кейін тарта бастады. Меніңше , сіз осы жүкті тарта аласыз, Бауыржан орынбасарыңыз болады. Ол өзі бұл ұсынысқа ықластана келісімін берді.Отбасында да келіспеушілік туындап, жас жігіттің басы қатып кеткен тәрізді. Олар түсінісіп кеткенше, уақыт беруімізге тура келеді. Ағымдағы ауыр қылмысты істер негізінен сіз бен Бауыржанда ,Мәдинада, қалған жеңіл — желпісі жастарда. Мен кез келген уақытта байланыстамын , кез келген мәселемен ақылдасуыңа болады. Ал, іске сәт! Генерал орнынан тұрып , Мақсаттың қолын қысты.
–Қазақ еліне қызмет етемін ,– деп подполковник шекесіне қолын апарып, қалт тұрды.
–Отаныма десең , тіпті дұрыс. –Жарайды боссыз, сәттілік.
Мақсат бұрын Бауыржан отырған кабинетке кіріп, оның терезе жапқышына бекітулі тұрған скремблеріне көзі түсті. Бұл шетелден алдырылған қондырғы кабинет ішіндегілердің сөзін құпия сақтау үшін жапсырылады. Бірнеше аттап жанына барып, қолымен ұстап көрді. Адам баласының ойлап таппайтыны жоқ. Өкінішке орай , адам ойлап тапқан жұмбақты адам шешіп, алдыңды орап кететіні де ескеріле бермейді. Бұл аппараттың да өмірге енгеніне бірталай . Бірақ тап осының көмегімен қылмыс ашылды дегенді естімепті.Мысалға, жаңа аппаратты- детектор деп жерден жеті қоян тапқандай шулаған, кез келген қылмыскерге шынын айтқызады деп үміттенген.. Ал, сол детекторыңның шындығы ешкімге керек болмай қалды. Тіпті бір қатар тергеуші оны қолданудан бас тартты.. Ол адам құқын аяққа басқандық деп дәлелдеушілер табылды.Оның да жаны бар. Бір жағынан , қылмыс жасаған адам өзі мойындап, өзінің шалыс басқан қадамын өзі сезінбейтін болса, оған жаңағыдай аппаратпен зорлап мойындататын болсақ, ол тергеудің абройын айрандай төгетін, тергеушінің қылмыс ашуға қабылетсіздігін көрсететін әдіс болар еді.
Есіктен басын сұққан орынбасарын көріп:
–Баурыжан кір, сенің мына скремблеріңді қызықтап тұрмын.
–Осының қандай пайдасы бар?
–Оның пайдасы Сіз бен біздің диалогымызды ешкім ести алмайды.
–Біз сондай құпия сөз айтып тұрмыз ба?
–Жауап алғанда пайдаланамыз.
–А..аа… қосып қояды екенсіздер ғой..
–Е кейбір маңызды деген істер де.
–Бауыржан, маған ренішіңіз жоқ па?
–Жоқ. Мақсат Қонысбайұлы, әуелден бұл орынға сіз отыруыңыз керек еді.. Өзіңіз білесіз ғой. ..Сосын менен ыңғайлы адам таппаған соң, келісімімді бергенмін.
–Ал, отбасылық жағдайың ше…
–Сізге генерал бір нәрсе деді ме?
–Жоқ. Сөз саптауынан байқадым.
–Соңғы кезде , әсіресе Мәдинаның күйеуі қайтыс болғаннан бері , жұмыстан кешіксем , әйелім ұрыс шығарады. Қызғанады.Бір кезде Мәдинаға ғашық болғанымды , біреулерден естіген болар. Маған ерегісіп, балаларға да дұрыс қарамайды. Үйдің шаруасына да көңіл бөлмейді.Әйелдердің қызғаныштан адам айтқысыз өзгеретініне көзім жетті.. Ол ешқандай ақталғанға , ант су ішкенге сенбейді. Отбасыңда осындай күнде ұрыс- керіс болса, жұмысқа да құлқың болмайды екен.Маған бірақ жол қалғандай болатын, қызметтен кету. Менің күйзелісімді шеф те сезіп жүреді екен.
–Жақсы , Бауыржан, қазір демалыс аласың ба, әлде жұмыс жасайсың ба?
– Жұмыс жасаймын.
-Онда іске сәт.
***
Үшінші бөлім
4 тарау
Ғашықтар
Күз. Әлі толық түсіп болмаған сарала жапырақтарды әлсін-әлсін соққан жел үйіріп-үйіріп, түрлі-түсті үйме жасап кетді де, сәлден соң ұйқы –тұйқы етіп шашып жібереді. Жансеріктің жол тосқанына бірнеше күн. Мэри күнделікті жүретін жолын ұмытқандай, қарасын көрсетпейді. Көлікпен өтіп кетіп жүрмесе, департаменттен шығатын қыл ауыз жол осы. Күте-күте күдер үзіп, енді бұрыла бергенде, жүргіншілер өтетін жолмен келе жатқан таныс бейнеге көзі түсті. Енді болмаса айрылып қалардай ентелей, солай қарай ұмтылды.
–Мэри!Мэри!– Қыз қалт тоқтады.
–Мэри , бір минөт сөйлесейікші.
–Не туралы?
–Мэри, сен сонша уақыт қайда жоғалып кеттің? Сенен көз жазып қалдым ғой…Көршілеріңе анаң « қызым белгісіз біреулермен қашып кетті » депті. Мэри, мені ұмытқан жоқпысың? Соны айтшы…
Мэри өзі бір минөт те , бір сағат та ұмыта алмаған жігітке:
–Мен сені баяғыда ұмытқанмын. Сені сүймеймін .Сүйген де емеспін ,–деді..
Жүрегі: «Неге өтірік айтасын! Сен одан басқа ешкімді сүймейсің. Сүйген де емессің» –деп шыңыраудан шыңғырды.
–Бұдан былай жолымды тоспа!..
«Жылай-жылай жастығың су болып, менің парша-паршамды шығарғансын. Енді неге мойындамайсың!»…
– Мэри, жаным бұл ақырғы сөзің бе?!
Үнсіздік.
« Бұл қызды тыңдама. Ол сені өлердей сүйеді»- деп жүрек шырылдады.
– Иә, ақырғы сөзім.
– Жүрегің солай дей ме ?
– Солай дейді.
«Ақымақ қыз, менің атымнан неге сөйлейсін! Сосын мені кінәлайсың. Екі көзің төрт болып, күтіп жүрген сен емеспісің?»
– Сүйгеніңді көрсем бола ма?
– Оның қандай қатысы бар?
– Сенің бақытты екеніңді көргім келеді.
– Онсыз да бақытты екенімді көріп тұрған жоқпысың.
– Жоқ.
– Жансерік, менің өлі-тірімді күтпей , нақ сүйеріңді тауып үлгердің. Енді менен не керек?
– Мэри, қателігімді түзеймін. Тек сүйетініңді айтшы. Сүйем деші..Жалғыз ауыз сөз… Өмір бойы құлың болып өтуге дайынмын.
Үнсіздік.
«Бұл қыз сенен басқа ешкімді сүймейді» . Жүрек жұлқынды.
– Қызметіме кешігіп қалатын болдым. Айттым ғой , бұдан былай жолымды тоспа!!– Жүрек шаншып –шаншып кетті. Қыз кеудесін басты.
Жансерік қалшиып қалған.
«Бір-біріңді өлердей сүйесіңдер! »– деп қан жылаған жүректерімен алысып, қос ғашық бір-бірінен алыстап барады.
Бірақ… түбінде жүрекке әмір жүрмейтінін екеуі де сезетін тәрізді…
Жоғалған қыз
Бүйірінде «Яндекс» деген жазуы бар такси қаланың орталық даңғылымен жүйткіді. Шашы желбіреген жасөспірім қыз жартылай ашық әйнектен қолын созып , саусағымен ойнаған желге мәз болып, сықылықтайды. Түннің бір уағы көшеде көлік сирек. Такси жұлдыздай ақты.
–Туу.. Жансерік … жәйлап жүрсеңші.. Қорқынышты… .
–Солай ма, сені қорықуды білмейді екен десем.
–Керісінше, өте үргедекпін. Анам түнгі аусымға кеткенде , ұйықтай алмаймын.
–Жалғыз қаласың ба?
–Бұрынырақ Мэри Кей парфюмериясын сатумен айналысатын. Көп жүріске аяғы шыдамай, колледжіге вахтерлікке ауысты. Екі күн күндіз, үшінші күні түнге барады. Үйрендім ғой. Сонда да елегізимін.
–Маған айтсаң, серік болуға даярмын.
–Сосын көршілер шулап шықсын дейсіз ғой.. Ой , біздің көршілер бір- бірінің аттап аяқ басқанын аңдиды.Есік алдына шығып, кім келді, кім кетті, анау қайда барды , мынау қайда барады , бәрін түгендейді.
–Мэри… маған тұрмысқа шықшы?!
– Оқуым керек.
–Онда тұрған не бар.Тұрмысқа шығып та, оқуға болады ғой.
–Қойыңызшы…Менің оқуға түсуім керек.Анам оқығанымды қалайды. Ол кісінің қалауынан аттай алмаймын.
–Ал менің анам болса , үйлен, бәрібір оқудан қол үзіп қалдың .Енді інілерің оқыса болар. Келін алып бер деп , күнде құлағымның құрыш етін жейді .Қызым жоқ десем, сол да сөз бе , неше түрлісін тасып жүрсін, маңдайынан шертіп жүріп, біреуін әкеле сал ,– дейді. Мен бір зат сатып алатындай. Ал мен болсам, сені ұнатып қалдым, жатсам — тұрсам ойымнан кетпейсің. Енді не істеуім керек?! Сен оқу бітіреді екен деп, бес жыл бойы күте алмаймын ғой.
— Шын сүйсеңіз, күтесіз.
– Күтуін күтем ғой..Ал сен оқуға түссең, айналаңда жаңа достар , жаңа жігіттер… Сосын мені ұмытып, басқа біреуді тауып аласын.
– Алғашқы махаббаттың ұмтылуы мүмкін емес.
–Жаным , сені қазір үйіме алып кетсем ше…
–Тш…тш..анам….
–Мэри , сен қайда жүрсің ? Түн ортасы болды. Кіммен жүрсін?Тағы сол ма?! Өзің де бас бар ма?
–Апа , қазір…
–Тез үйге кір!.
Екінші қатарға ұшып шыққан қызының бал-бұл жанған жүзіне қарап.
–Тағы ана таксисің бе? Таксис табылмайтындай. Мен саған не айттым. Оқисын дедім.
–Апа , мен оны сүйемін…
–Сүйем , күйеміңді білмеймін. Оқуға түсесің.
–Апа , кейін оқысам қайтеді….
–Мәссаған, сен есіңнен ауысқан шығарсың? Енді аттап баспайсың.
****
Мэри анасы түнгі аусымға кеткенде ғана , көршілердің көзін ала беріп, поъезден мысық табандап зып береді .Бибігүл айналадағы ерігіп отырған кемпір-сампырдың бәріне бақтырып қойған.Олар балконға шықан сайын :
–Мэри , қызым бармысың ,–деп дауыстайды.
–Иә, әжетай , сабақ оқып отырмын ,–деп жауап қатады.
–Оқы, оқы,шешең дұрыс айтады. Оқысаң, ана байғұс анаң құсап есік күзетіп отырмас едің.
Түннің бір уағында кемпірлердің бәрі ұйқыға кеткен сәтте , інінен шыққан суырдай лып етеді. Үйге жақындауға батпай , көлігін алықса тастап , екі көзі есік аузында болып жүрген Жансерік тышқан аулаған мышықтай тап береді.
«Ақырын , олар ұйықтап жатып та , Мэри »деп айқайлайды.
«Онда тезірек кетейік»
Екі жас саябақты саялап неон шамдарының нұрына малынып, екі қапталы гүлге шомылған аяқ жолмен, құшақтасып, жүріп алады. Олардан басқа да бірнеше жұп қыдырыстайды. Бұрын –соңды жігітпен серуендеп көрмеген жас қыз Жансерік құшағына тартқан сайын тұла бойы балқып, ерніне ерні тиген сайын, еркінен айрылып елжірейді.
–Жаным, сені жібергім келмейді. Күнде осылай құшағыма алып, жүрегіңнің соқанын жүрегіммен сезгім келеді. Сенсіз маған анау аспандағы ай мен жұлдыз да, мынау жайқалған гүлдер де мән- мағынасын жояды. Сен жанымда қалшы! Кейін оқисын. Мен сені оқытамын.
–Мен де айрылғым келмейді. Күні бойы көргенше ,асығып жүремін. Алайда, анам көнбейді..
–Менімен қашып кет..Анаң тулап-тулап қояды. Меніңше, ол да жалғыз қызының алысқа кеткенін қаламайды. Тұрмысқа шығып, немересін апарып тұрсаң, ашуы тарқайды.
–Сіз бәрін білесіз…Жансерік аға! Ал мен ешнәрсе білмеймін. Себебі жаспын. Мектеп есігін жапқан бойым. Тіпті сізбен бақытты болам ба, болмаймын ба ,оған да көзім жетпейді.Алайда , сіз менің жүрегімді жаулап алдыңыз, неге екенін Сізді көргім келеді де тұрады. Бұрын такси деген жәй бір көліктің түрі болып көрінсе, сізбен танысқалы сол таксилердің бәрі көзіме оттай басылып, көрсем, көңілім алып ұшады. Сізге ес-түссіз ғашықпын. Үйде отырып, көліктің даусын естісем болды, балконға жүгірем. Сізді кездестіргенше, өмірдің осындай қызықты екенін де сезінбеген сияқтымын. Сіз маған күннің қызуы, айдың жарығы, құстың шырылы, айналамды жылу мен жарыққа бөлеп тұрған жалғыз шырағым болып көрінесіз.Кейде жынданып кете жаздаймын.Егер сізден жазатайым көз жазсам , өмір сүре алатыныма көзім жетпей , не істерімді білмей дағдарамын.. Неге сізді кездестірдім екен?! Өзім де отқа түспей, анамды да шырылдатпай , алаңсыз жүре берер едім. Амал не, қас пен көздің арасында кездесіп, өмірге жаңа ғана көзін ашқан мен сияқты балауса қыздың жүрегін жаулап алдыңыз .Адам жүрегінен айрылса , өмір сүре алмайтыны анық. Мені үгіттемесеңіз де , сізді көзімнен таса қылып, ешжаққа кете алмайтыныма күннен –күнге көзім жетуде.
–Мэри, махаббатым менің , шын сөзім, алақаныма салып аялап өтем.Сені алғаш көргеннен осы қыз менікі дедім.Несін жасырам, талай сұлулар қылтыңдап, тіл табысқысы келді. Біріне көңілім аумайтын. Сен бірден баурап алдың. Қазір алып кет десең, алып кетем.Өлердей ғашықпын.
Екі жас бір –біріне деген жүректерінде тәтті сезімдерін жеткізумен таң қылаң бере құшақтарын жазып, жігіт қызды үйінің жанына әкеліп түсіріп, екі күнен кейін кездесуге уәде байласады.
Бірақ енді кездесудің жуық арада сәті түспейтінінен екеуі де хабарсыз еді…
5 тарау
Айырбас
Ауқымды шаһардың шет жағындағы ескі жылдары салынған екі қатарлы үйдің екінші қабатындағы екі бөлмелі пәтердің тұрғындары жас әйел Бибігүл– қызы Мэри. Бибігүлдің ата-анасы қойған атын бұл арада ешкім білмейді.Естімеген. Олардың естігендері– Биби. Қызы екеуінің таңғы ас ауқаты бір тілім қара нан мен бір қасық сары май. Қатып қалған пряник. Қант та жоқ. Аядай ас бөлмедегі үстел үстіндегі тіске басар сол ғана.
– Қызым , мектеп бітіру салтанатына бар , мен базар жаққа барып , саудагерлердің оны –мұнысын тасымалдап, тиын-тебен табуға тырысамын, –деді анасы кітаптан көз алмай отырған қызына тіктеніп.
– Апа , көйлегім жоқ, бармаймын. Аттестатты кейін де алуға болады.
– Сен қалай да оқуға түсіп , білім алуың керек. Мен оқыған болсам, осылай әркімнің арбасын сүйретіп жүрмес едім. Менің тағдырымды қайталағаныңды қаламаймын.
– Сонда қалай оқытпақшысыз ? Оқымақ түгелі күнделікті ішер асқа жарымай отырмыз..
– Өлмеспіз.
– Апа, басқалардың қалай киінетінін білмейсің, маған қайыршы деп қарайды.Онан да жұмыс жасап , ақша табайын.
– Сен мұны қайдан ойлап таптың ? Мен саған оқы дедім ғой..Мен сияқты білімің жоқ, мамандығың жоқ , әркімнің затын тасып , алып кел, барып келмен өмірің өксіп өтсін демесең , оқып, мамандық ал..
–Апа, маған ақыл айтқанда жақсысыз , өзіңіз неге оқымадыңыз?
–Оқитын едім , анам бір қапшық үн мен бір қап шекерге айырбастап жібермегенде…
– Қойыңызшы… айырбастап жібергені қалай ?!..
– Солай…қалған балаларына талғажу табу үшін мені құрбандыққа шалды.
– Қойшы , апа сондай бола ма?
– Болғанда қандай… ол кез кеңес үкіметі құлап , ел талан-таражға ұшырап жатқан-ды. Сүттей ұйып отырған ауылдың астан –кестені шығып, атқамінерлердің құдайы берді. Әй,дейтін әже, қой, дейтін қожа табылмай, ортаның мал-мүлкін ойранға салып, ойға-қырға таратты.Басын баққан орта шаруалар солардың аузын бағып, аңсын аңдып, ауысқан қалған құтқанға мәз. Әкем момын адам еді. Өзі өмір бойы рөлінен түспеген беларусь тракторын жекеменшікке тартып алғанда да, бір ауыз сөзге келмеді. Шешемнің шабалаңдап ұрысқанына ешкім құлақ аспады да, ақыры көп қазынадан ештеңе ауыспағандар күн көріс іздеп, басы ауған жағына қоныс аудара бастады. Ішімдікке салынып, шабындықты кезіп кеткен әкемнің жансыз денесі бірнеше күннен соң табылды. Шиеттей бес баламен қалған анам қайда көшерін , қалай күн көрерін білмей дағдарды. Собхоз орталығындағы бұрын азық-түік алып тұрған дүкен жабылды. Ақыры үйімізге аштық келді. Менің жасым сол кезде он жетіде. Қазіргі сенің жасыңда екенмін .Селоның ішетіне саудагер келіп, ұн мен шекер сатып жатыр деп көрші хабарлады.
– Сатса қайтейін, көк тиын қара бақырым болса бұйырмасын.Мына шиеттей баланың қарғысы жібермегірлер, өздері бүкіл собхозды жеп-жеп кетті ,жебір құрттар. Біз сияқты оның күлімен кіріп, отымен шыққандар қара бақырсыз қайыршы болып қалдық. Жүр , қызым , барып, қарызға сұрап көрелік.Иманы бар біреу болса, берер.
–Апа, оны немен қайтармыз?–дедім тартыншақтап.
–Көшеміз.Қалаға барған соң, сен де жұмыс жасайсын. Бір реті болар…
Шеткі үйдің жаны адам-қараға толы. Ұн мен шекерді қаптап-қаптап шетке шығарып қойғандар , жүк машинасының үстіндегі дәу қара жігітпен есеп айрысып , тиын- тебенін дұрыс ала алмағандар шаң-шұң айқайға басып , қарғыстың неше түрін боратуда.
– Жегенің желкеңнен шыққыр, неге дұрыс қайырмайсың? Қателестім дейсің, онда маған неге артық беріп жібермейсің?Сен сияқты түйені түгімен биені бүгімен жұтатындар, мына бір сопхозды мал-мүлкімен жұтып жіберіп, бізді ақтабан шұбырынды етіп кеткен жоқ па? Әй, халықтың қарғысы , түбінде табады оларды.Тәуелсіздік алдық деп төбемізді тесіп жатыр, қолымыздағы барымызды тартып алып, берген …
– Әй , Бәтима, қой… енді тек сотталуың қалды.
– Сотталсам сотталайын.. ел жоқ, күн жоқ, қалтамыз да соқыр тиынымыз жоқ. ендігі күніміздің не болатынын бір құдай біледі..
–Үкімет бір нәрсе ойлап табатын шығар. Халқын шулатып , шұбырынды етіп қояды деймісің?
–Қайда сол үкіметің ?! Анау қолыңдағы барың , баяғыдан бері жиып тергенің талан -таражға түскенде неге ара түспеді?!
У-шу, ығы –жығы .. осылай бас қосу сәті түссе , іштеріндегі бар шерін тарқатып алғысы келгендей , біріне –бірі десте бермей дуылдасқан көпшіліктен саудагердің басы айналып, осы ардан кетуге асыққандай, жан-жағына жалақтап тұрды да, қасында бүлдіршін қызы бар әйелдің жалынышты көз қарасын аңғарып :
–Сізге не керек ?-деді.
–Менің көк тиын қара бақырым болмай тұр. Үйде шейттей бала-шағам аш. Қарызға бір қап ұн мен бір қап шекер беріңізші,– деді үнін әрең шығарып.
–Қарызға!Мен бұл ауылға енді соғам ба, соқпаймын ба белгісіз.Сол бойы қызға көзі түскен саудагер:
–Айырбастайын !–деді.
Ана байғұс түсінбей ,көзі алақтап жан—жағына қарады.
– Қызыңызды беріңіз.
–Не деп тұрсын? Арсыз неме, бұл әлі бала ғой. Сол кез оның нені меңзеп тұрғанын түсіне қойған Бибігүл:
– Апа , айырбаста , қашып келем. Әйтпесе , бауырларым аштан өледі ғой ,- деп сыбырлады.
Қызының қашып келем дегеніне сенді ме, әлде басқа амалы болмады ма, шешесі амалсыз басын изеді.Бір қап ұн мен бір қап шекерді үйге жеткізіп берген саудагер Бейбігүлді кабинасына отырғызып, кете берген.
– Апа , сіз шын айтамысыз?
– Неге өтірік айтуым керек.
– Сосын…
Ұзақ жол жүріп, шарлы қалаға жеттік.Қаланың шет жағындағы ескілеу үйдің жанына келіп тоқтадық.Іштен жылаған баланың , оларды қарғап сілеген долы әйелдің ащы үні естілді.
–Түс ,– деп дүңк етті саудагер.
–Ағатай, үйіме қайтарыңызшы , -деп жылап жібердім.
–Мен сені сатып алдым.
–Мен жұмыс жасаймын .Қарызыңызды қайтарамын.Тек үйіме жіберіңізші ,–деп жалындым. Сол бойы:
–Отыр , сені басқа жерге апарам,– деді де, жер төлеге сіңіп кетті. Іштегі у-шу сап тынды. Біраздан соң шыққан ол мені қаланың шеткі көне аудандарындағы осы екі бөлмелі пәтерге алып келді. Онда кәрі шешесі тұрады екен. Көзі көрмейді. Пәтердің іші сасыған иіс.
– Сен мына кемпірге қара .Ол- менің анам. Анда-санда соғып, азық-түлік тастап, қонып кетем. Қашам деп ойлаушы болма .Жердің тесігіне кірсең де тауып алам ,–деп зіркілдеді. Қашам деген бос сөз екен. Қолымда құжатым жоқ. Қайдан келіп , қайда тұратынымды да білмеймін. Шарлы қаланы бірінші көруім. Көшеге шығуға қорқам.
Сонымен сексеннің үстіне шығып селкілдеген кейуананың күтушісіне айналдым. Әбден азып-тозған байғұсты суға түсіріп, киіндіріп, пәтердің ішін тазаладым. Қожайын біреулерден азық-түлік беріп жіберіп тұрады. Осылай мағынасыз , мәнсіз күндер өтіп жатты. Алдымда не барын, болашағымның не болатынын білмеймін.Анамды , бауырларымды ойласам, жүрегім қан қақсайды. Осылай арада бір жылдай уақыт өткенде, баяғы қожайыным, судай таза киініп , қырынып , жуынып, кәдімгідей бір құда түсуге келгендей, үйімізге келді. Таңырқағаным сондай, не істерімді білмей сасып қалдым. Шешесімен сөйлесіп біраз отырды. Сосын мені шақырып:
–Биби қалайсын ?–деді үні бір түрлі жылы , еркелеткендей болып естілді..
–Аға, бәрі жақсы . Анамды ,бауырларымды сағындым. Аулыма барып келейінші ,–деп жалындым..
–Ол ауыл түгел көшіп кетіпті. Мен де сұрастырып көргем. Кімнің қайда кеткенін ешкім білмейді.
– Биби, мен саған құда түскелі келіп отырмын. Мына үлкен кісінің рұқсатын алдым. Ол саған әбден риза.
–Сіздің …сіздің ..әйеліңіз бар емес пе..Балаларыңыз..
–Маған тоқал болуға келіспеймісің?!
Мен басымды шайқадым.
–Ал мен сенің келісіміңді сұрамаймын. Сені бір қап ұнмен, бір қап шекерге айырбастап алғанмын.Оның үстіне анама ұнап қалыпсың . Ол әйел менің анама қарамады. Сауданың арасында өзім қарап жүрдім. Бұл менің де шешімім емес, анам сені келін етіп алып бер деп ұсыныс жасады.
–Егер менің келісімім керек болмаса , онда неге менен сұрайсыз. Сатып алған затыңыз болсам, зат етіп қолдана беріңіз…
–Бірақ ,Биби , сен маған ұнайсың , сол себепті…
–Мені де ұнат деп тұрсыз ғой..Оның мүмкін емесін өзіңіз сезіп отырсыз.Сіз…/менің әкемдей адамсыз/ дегім кеп айтпадым..
Ақыры сол күні ол біздің үйде қонып қалды.Жылағаныма , жалынғаныма қарамай , мені екінші әйелі етіп алды. Содан былай , пәтерімізге келіп , қонып қалуды жиелетті. Маған түрлі сыйлық алып келеді. «Жылы –жылы сөйлесе, жылан інінен шығады» дегендей, мен де оның келгенін күтіп, келсе, көңілденіп жүретін болдым.Обалына не керек, оның ықласы маған құлады. Ол мені сүйді десем де болады. Ақыры алғашқы әйелін ұмытып, бізге келуін жиелетіп кеткендіктен , бір күні үйімізге екі баласын ертіп бәйбішесі келіп, күл –талқанымызды шығарды. Одан мені сақтап қалған сексеннің үстіне шығып отырған кейуананың араша түсуі еді.
Шаңқылдап шашымнан жармасып :
–Жатырыңнан қағынған жезөкше , бесіктен белің шықпай жатып біреудің некелі байын тартып алуды қайдан үйрендің ?! Мына екі баланы қосып бақ деп екі баланы маған қарай лақтырды.Сол кезде кейуана :
–Өшір үніңді. Сексендегі кемпірді үйіңнен желкелеп қуып шыққанда , бай керек екенін неге ойламадың?! Ананы сыйлап көрмеген арсыз неме , мен оны некелі жарың етіп ал деген. Ол ешқандай жезөкше емес , күнәден пәк біреудің қызы. Өзіңмен өзгені салыстырма! Шық үйден !Желкелеп қуып шықсын демесең шық! Ендігәрі есігімді аттап басушы болма! Мені баққан жоқсын, мен сенің балаңды неге бағуым керек. Алып кет , ана жүгірмектеріңді.Сен туған баланы , басқа да туады.
–Көрерім туса , көрдемшелерді бағып отыр.
–Аузыңа құм құйылсын, берекетсіз неме!
Ол кеткен соң , ойлана бастадым. Шайпау қатынының тілі шымбайға батты. Шынында да , мен кіммін?.Балалы болсам , ол кім болады? Енеме жылап отырып шағындым.Әбден күтімдегі ананың есі ақылы дұрыс екен. Ол да менің талайсыз тағдырымды таразыға салып, ойлана бастаған тәрізді. Баласы келген соң, болған оқиғаны айтып , екеуі ұзақ сөйлесті.Ақыры ол әйелімен ажырасуға арыз беріп, менімен некеге тұруға келісім берді.Өмірде махаббат деген сезімнен ада, тағдырдың талқысымен , тағдырдың ағысымен келе жатқан маған бәрі бір еді. Әйтуір белгісіздіктен арылып, өз абыройымды сақтайтыныма ризамын. Осы кез аяғымның ауырлағанын сездім. Қуанарымды да , қайғырарымды да білмедім. Өзімнен әлдеқайда үлкен күйеуіме айтудың да ретін таппадым. Бірақ құсып мазам кете бастағанын енем сезді.Сол кісі қуанғанға ұқсайды. Осылай енді бәрі реттелді деп келе жатқанда, енем кенеттен ауырып, дүние салды. Бес жыл бойы бауыр басып , анамдай болып кеткен оның қазасы маған қатты батты. Өмірде жалғыз қалғандай күй кештім. Енді күйеуім екеуміздің арамызды жалғап тұрған жібек жіп үзіліп кетердей, алғы күнімнің не боларына көзім жетпеді. Бар үміт ішімдегі сәбиде. Өсітіп жалғыздықтың зарын тартып жүргенімде , сол кезде жаңа шығып жатқан Мэри Кей порфюмериясын сатып жүрген көрші келіншек : –Биби , үйге сыймай жүрмісің , онан да Мэридің өнімдерін сатып , маған көмектес.Бір жағынан өзіңе де тиын — тебен. Ертең сәбилі болайын деп жүрсін, ақша артық болмайды деп көндірді. Күйеуіме бәрі бір күндіз үйде болмайды. Анасы бар да жиі соғатын .Қазір айына бір соқса, соны місе тұтып отырамын. Көршімнің ұсынысына көне кеттім. Онсыз да екі қолым алдыма сыймайтын.Ол қуанып:
–Саған көп насихат керек емес. Өзің сұлусың . Мэри Кейдің иіс майын өзім де бетіме жағам , соның нәтижесі міне десең, сатып алушылар құлап түседі.
Сол жолы бет ажарыма көңіл бөлмейтін мен өзімнің әдемілігімнің де пайдасы бар екендігіне бірінші рет көзім жетті.Саудам алғашқы күннен сәтті өтіп, сауда досымның берген порфюмериясын түгел саттым. Солай басталған саудам, бірте –бірте оңға басып, мен қаржы жағынан ешкімге тәуелсіз күйге жеттім. Сөйтіп жүргенде үлкен базар өртеніп, азық –түлік бутигі бар сенің әкең түтінге булығып ,бутигінің ішінде жанып кетіпті. Тіпті мәйтін де көру мүмкін болмай, жерлеу рәсімінің садақасын жасадық.Осының алдында ғана ол осы екі бөлмелі пәтерді менің атыма рәсімдеп , құжатын әкеліп берген. Оның бізге жасаған соңғы жақсылығы сол болды. Сол саудаммен жүгіріп жүріп , сені өсірдім. Бірақ , бүкіл қаланы жаяу аралап , сауда жасаған соң , екі аяқ ісініп, ақыры жүруге жарамады. Біздің басымызға ақыр заман сонда туды. Әйтуір, түртпектеп жүріп, вахтерлік жұмыс тауып, соған іліктім.Ендігі бар үмітім сенде ғана..
Мэридің есіне анасының аяғы жүруге келмей қалған соң, жексенбі күндері Мэри Кейдің өнімдерін сатуға көшеге шығатыны түсті. Сауда жасауға шыққан сайын сыныптастары немесе мұғалімдері көріп қалмасын деп, шет жақтағы көшелерді жағалайтын… Әйтсе де, қыздың қолы жүргіш, сенбі, жексенбі күндері бір жетіге жететін қор жинап алады. Бір күні сондай тасалау жерде саудасын жүргізіп тұрғанда , бір кісі келіп :–Қызым, бар тауарыңды мен сатып алам, менімен бірге үйге жүр,– деп қадала кетті.. Шошып кеткен қыз пакетін жинаймын дегенше , қолынан ұстай алды.Осы арада күнде келіп, сауда жасайтын таныс әйел андайдан айқайлап:
–Оңбаған педофиль күнін көре алмай жүрген жас балада нең бар?!Қазір полиция шақырамын,–деп айқай салды. Анау алды-артына қарамай, зыта жөнелді.
–Қызым-ау, мұндай шет жерлерде тұрма..Ана жауыз тағы келеді.Адам –қара көп жерге бар. Базарға бар.
–Апа, онда саудагерлер көп.Өтпейді..
–Орталықтағы дүкендердің, сұлулық салондарының жанына барып тұрсайшы..Жаңағы сұмырай енді сені аңдиды.Мен байқадым, бірнеше күнен бері осы араны жағалап жүр. Анаң бар ма?
–Иә, анам бар.Бұрын сол жүретін.Қазір аяғы ауырады.
–Қап.Жүрші, мені апаңмен кездестірші..
Қызды жетектеп үйіне әкелген бейтаныс әйел тұрмыстарын көріп , қатты аяды.
–Мына косметиканы қайдан алып жүрсіңдер?
–Көршім айналысады.Біздерді аяп, саудаға тартқан.
–Қызымның базарда бутигі бар. Айтып қояйын.Соған апарып тапсырыңдар. Сосын еден жуушы керек деген.Ауысыммен жасайтын болсаң, арасында еденін жуып бер.Ал қызыңды енді көшеге жіберме,қазір адамдар айуан болып кетті. Сақтанбасаң болмайды.
Бибігүл өздеріне мейірімі түсер жан табылғанына толқып, қайта-қайта алғысын жаудырды.Содан былай тұрмыстары да түзеліп, ашқұрсақ болудан арылды.
….« Қырсыққанда қыңыр иреді »дегендей, сөйтіп, құдайына қараған мейрімді жандарға кездесіп, әл- ауқатары жақсарып, қызды оқуға түсірем деп жүргенде, мына бір таксис кездесіп, жоспарының күлін көкке ұшырды.
Оны алғаш көргенде, қырман тазалап жүргенде , астық таситын жүргізуші жігіт есіне түсіп, жүрегі дір ете қалған. Адам адамға ұқсайды деген рас екен-ау. Бұйра шашты , күлімдеген қой көзді , ат жақты, ашаң жүзді сол жігіт мәңгі елес болып қалған. Тағдыр сол елес боп кеткен бейнені есіне түсіріп, мазақ қылып тұрғандай, мазаң күйге түскен. Оны көрген сайын көңілі албұртып, алыста қалған күндерін , қырманда астық тазалап жүріп, астық тасуға келген әрбір астық таситын машинаға қарап, жүрегіне от салған ыстық бейнені күтіп, күні бойы жол бойына телміретіндігі, көрмесе, мұңайып, дүниеден баз кешіп , дүдәмал ойлармен үйіне көңілсіз оралатыны есіне түсті.. Ақыры бір күні ол :
– Бибігүл , жүр қыдыртып келейік,– деп кабинасына отыруға шақырған..– Сен осы нешінші сыныпта оқисын? Алып қашып кетсем , анаң сотқа бермей ме?–деді.
– Он алтыдамын .
–Ту,жас екенсің ғой. Бірақ он бесте отау иесі дейді.. Әлде , алып қаша берейін бе? Сотқа жүгірмейсің бе ?.– Жігттің әй жоқ, шәй жоқ басынуы шамына тиген қыз:.
–Ең бірінші ,сізді ұнатам ба , ұнатпаймын ба, соны неге сұрамайсыз ? –деп ашуланды.
–Сенің ұнататының көзіңде жазулы.
–Өтірік .Дұрыс оқи алмайды екенсіз. Мені түсіріңізші.
–Жарайды.Өкінбейсіз бе?
–Неге өкінеді екем?
–Сүйгеніңізді ренжіткеніңіз үшін.
–Ал, сіз мені ренжіткеніңіз үшін өкінбейсіз бе?
–Мен сізді ренжіткен жоқпын .Шындықты айттым.
–Енді қашан кездесеміз?
–Ешқашан.
Арада бір ай өткенде, оны саудагерге бір қап ұн мен шекерге айырбастап жіберді.Бибігүл алғашқы махаббатыммен солай қоштасқан..
Мэри әуейленіп жүрген жігітінің сол жігіттен аумайтыны сондай, кейде соның баласы емес пе екен деген ой келеді..Оны көрген сайын көкірегіне түрлі күмәнді сұрақ ұялайды. Соның баласы болса, тағдырдың өткенімен осылай кездестіруіне келіскісі келмейді. Қызы сүйген жігіттің алғашқы сезімін оятқан жанға ұқсастығы да , тағдырдың тағы бір сынағы тәрізді.Бәрінен де қызы алға қойған мақсатының бәрін соның жолына тәрік етіп, оқудан бас тартпақшы. Не істеу керек ?! Бір амал ойлап таппаса, болмайды. Мэри аз уақыт көзінен таса болса , таксистің тағы бір сұлуды тауып, бұл махабаттың саудасы бітетіні сөзсіз. Қызды көз көрмес, құлақ естімес бір жереге бой тасалата тұру керек..Бірақ ,қайда … Сонда бәрі ретке келеді..Биыл болмаса, келесі жылы оқуға түседі. Бәрінен де мына талақтай жабысқан немеден құтылу керек…
***
Қанша жылдан бері жөндеу көрмеген екі бөлмелі пәтер әбден тозған.Тұс қағаздары жыртылған қабырғаға Мэри түрлі-түсті абстракталы суреттер, актерлер мен актрисалардың суреттерін жапсырып қояды.Онысы өзге өң беріп, кіргенде, кәдімгідей көңілің көтеріледі. Биби жақында біреу қоқыс тастайтын контейнердің қасына қойып кеткен жап-жаңа паласты көріп, «байлар құтырады»деп ойлады да, жан-жағын қарап-қарап, ешкім көрінбеген соң, үйіне әкеліп, тозығы жеткен линолиумның үстіне жайып тастап еді. Кірер ауыз жайнап кетті.Е,құдай біреудің қаңсығы,біреуге таңсық болған заман осы.Былтыр күзде сол контейнердің қасына су жаңа диванды біреу қойып кетіпті. Үйінің дизайніне келмеген болу керек.Бұларға дзайннің ауылы алыс қой, қызым сабақта жүргенде, үйге жеткізіп алайын деп жүк таситын газелді тұрғызып, тиеп бер деп көшеде өтіп бара жатқандарға жалынып, үйіне жеткізген. Аналар да қай бір жетісіп жүргендер дейсін, оны кінәламады. .Қызы сабақтан келгенше, диванды хлормен сүртіп, тазартып, хабарландыру бойынша арзанына алдым деп ақталған. Енді қайтеді вахтершілікке алған қырық мыңы жаламға жұқ болмайды. Арасында базарға барып, әркімнің ана-мұнысын тасып, одан түскен тиын тебеніне тамақ алады.Оның бар арманы– қызды оқыту. Оқыса, өзінің талайсыз тағдырын қайталмай, байқуатты ортаға сіңісіп кетер ме еді деп қиялдайды..
Мынау өзі өмір сүріп отырған көрінбейтін көлеңкелі өмірден жалғыз көбелегін жарыққа шығарғысы келеді-ақ.. Ал қызы болса,айтса айтқандай , қабылетті, айналасына сүйкімді. Мектепті алтын медальмен бітірді. Енді грантпен оқуға түссе деген үміті бар. Әттең…анабір жексұрын, көргеннен көз ақы алып, тас кенедей жабысып, әлі махаббат дегенді білмейтін жас қыздың басын айналдырып, қыр соңынан қалмай қойды ғой… Осы кезге дейін ешнәрсемен алаңы жоқ қызға кенеттен кездескен бұл қырсықтан құтылу оңай емес. Алып-ұшып, қолды аяққа тұрар емес. «Қызға қырық үйден тыю» деп осыған дейін үйден шығармай, тырп еткізбей ұстаған-ды,енді сорлы қыз ұстарының жүзіндей қылпылдап тұрған бір қудың құрығына түскелі тұр. Сосын оған оқу да жоқ, тоқу да жоқ,такистің күнделікті тиын- тебенін санап, қазан аяқ ұстап қалады. Жалғыз қызын тосын пәледен қалай құтқарарын білмеген Бибігүлдің жаны мұрнының ұшында. Атестат алуын күтті. Қыз қырсығып, кимім жоқ деп салтанатты жиынға бармай қойды.Ана таксис ертелі –кеш үйдің жанына шықпайды. Кез келген уақытта ұрлап , үйіне кіргізіп алса, не амалы бар…Жоқ…Бұған бір нәрсе жасау керек…
Тұрғын үйдің жер төлесінде қосалқы қойма бар..Мэри анасымен екеуі онда жие түсетін. Үйге керегі жоқ деген дүниелерін сонда тасиды. Жер үйдің тор терезесі көшеге қарайды. Одан әрлі –берлі өткендердің аяқ киімдері ғана көрінеді.
…Қыз ҰБТ-нің алдында анасымен қатты ұрысты. Осы кезге дейін сабаққа ескі көйлек, арзан туфлимен барып, сыныптастарына көрінуге қуыстанып өскендіктен, анасы жоғары оқу орнына түс дегенде , ашуға мінді.
–Енді ана студент бай-манаптардың арасына барып, үстімдегі арзан қол киімдерімнен ұялып , қысылып-қымтырылатын жайым жоқ. Өлтірсең де оқымаймын. Күйеуге шығам! –деп ашық айтты.
–Күйеуің сенің қол –аяғыңды жылы суға малып, асырайтынына қалай көзің жетеді?
–Не болса, ол болсын .Мен оны сүйемін. Ол да мені сүйеді. Далаға тастамайды.
Айтқан бетінен қайтпай қасарысқан қызымен екі күн бойы тайталасқан Биби үшінші күні жібіп:
–Жарайды. Өз тағдырыңды өзің шеш, -деп жеңілгендей күй танытқан.– Жүр онан да, бәрібір оқымайтын болсаң, орын алдырмай, жер төлеге мына қобырсыған кітаптарыңды апарып тастайық.
–Түн ортасында ма, күндіз апарармыз.
–Жүр , кітаптарыңды алып жүр.Менің де алатын заттарым бар.– Енді ғана келемге келтірдім бе деген анасымен қасарысқанды жөн көрмеген Мэри кітаптарын көтеріп , алдына түсті. Жер төле. Тас қараңғы .Анасы қол фонарын жағып, жолға жарық түсірді. Қоймаға кіріп , кітапты еденге қойып, тіктеле берген қызды ескі диванға қарай итеріп жіберіп , қол аяғын шандып байлады да, аузын скочтап:
– Ана сұмырайға күйеуге шығам деген ойыңнан айнығанша ,осында жатасын,–деді қатқыл үнмен.– Менің талайсыз тағдырымды қайталағаныңды қаламаймын!
Анасынан мұндай қатыгездік күтпеген Мэри қанша бұлқынғанмен құрсаудан босана алмады. Оның құмығып шыққан үнін де жан баласы естімеді…
6 тарау
Тұтқында
Ескі грек аңызынан көктің бас тәңірі Зевс қаһарман Прометейді адамға жақсылық істегені үшін Қап тауына шынжырлап, қара құстарға жем еткенін оқыған қыз мені не үшін, анам осылай қапасқа қамады ? Жазығым, ессіз сүйгенім сол сүйгенімнен айрылғым келмегені үшін бе? Алтын белгіні жігітке айырбастадың дейді.Алтын белгі адамның білімінің ғана өлшемі. Ол сезімінің өлшемі емес қой. Алтын белгіге ие болып, сүйгеніне қол жеткізе алмай жүрген бақытсыз бойжеткендер қаншама?!Мен ондай бақытсыз болғым келмейді. Сүйгеніме қосылып, бақытты болғым келеді.
Менің анам неге сонша қатал болды екен?! Оның әкемді сүймегеніне мен кінәлімін бе?! Тағдыр соққысын көрген анасы қызын еркелетіп, аналық мейрімін төгіп көрген емес. Мүмкін сүймегенінің тартқан сыйы болғасын шығар…
Қыз сүйгенінің өзін таба алмай шарқ ұрып жүрген шарасыз күйін көз алдына елестетіп , тұла бойын тас қылып байлап тастаған кендір жіптен бұлқынады. Мұнда қанша күн , қанша түн жататын да болжай алмай , бордай кеміліп, ботадай боздайды…Шешесі түннің бір уағында келіп тамақ береді. Cөйлеспейді.
Мэри қанша бұлқынғанмен құрсаудан босана алмады. ..
Жазды күні. Жертөле қоймасы салқын емес.Бірақ түн баласы көздері жылтылдап , тесік тесіктен шыға келетін егеуқұйрықтар сыртылдатып айналасындағы тамақ қалдықтарын теріп жейді. Кейде аяқ қолын да шұқып
қалады.Көне диванға қол-аяғы матап байланып, қалың одеялға қымтап тасталған қызды шешесі ел-аяғы басылған соң тамақтандырып, қолындағы шелегіне дәрет алғызып кетеді. Аузындағы скотчты алып, тамақ ішкізіп болған соң, қызарған орнына вазалин жағып , қайта бекітіп тастайды. Қызының жалынғанына, жылағанына қарамайды.:
–Ана таксисиіңді ұмыттым деп уәде берген күні босатам ,–деді.
–Апа,оқудан қалып қоятын болдым ,– деп жылайды..
–Ана жүгірмекпен араңды үзбей, бәрі бір оқымайсың .Биыл болмаса,келесі жылы оқисын. Атестатыңды әкеліп қойдым.ҰТБ –ны кез келген уақытта тапсыруға болады дейді.
––Апа, мен, тышқаннан қорқам.
–Қорықпа.Тышқан адам жемейді. Қазір адамды адам жейді.
Күндіз қойма іші жарық.Түнде шешесі шахтерлар қолға ұстайтын майшамды жағып, жарығы көзге түспейтін қуысқа қойып кетеді.Қуыстан түскен әлсіз сәуленің жарығымен түнгі мақұлықтардың жылтыраған көздерін көріп, соларды серік тұтады. Жансерік мені іздеп қаланы шарқұрып жүрген шығар деген ойдан да жалықты.Қол –аяғын тыпырлатуды да қойды. Мейлі, дейді, енді маңдайыма жазылғанын көрермін. Шешем мені осы қуысқа мәңгі қамап ұстамайтын болар. Бір қызығы, өмірде көрмейтін түстерін көретін болды.Түсінде ол баяғы патшалар билеген заманның ханшайымы болып жүреді.Үстінде неше түрлі алтын мен күміске жалатқан жылтыраған көйлектер. Шешесі екеуі жібермей көрген түріктің «Таңғажайып ғасыр» филіміндегі Хорем ханшайымның көйлектерін киіп жүреді. Алтын тақ иесі ханзада Жансерік екен дейді. Қасына отырғызып, алдындағы неше түрлі жеміс-жидектен аузына салады. Түнімен сол сән салтанатты сарайларды аралап жүріп , оянып кеткенде, жан жағына қарап шошынады..Неге оянды екен….Осы мен неге сол ғасырда өмір сүрмедім екен деп өкінеді.Қайтадан көзін жұмады. Тағы ұйқтап кетеді.Тағы сол сән- салтанат.
–Күнім ,ал,–дейді ханзада түрлі тағамдарды алдына ысырып.
, –Айтыңызшы, мен қайданмын .
–Еріншектер еліненсін .
–Мұнда қалай келдім?
–Анаң әкелді.Мұнда бәрі бар.Мұңаймаңыз.Бұрынғы күйіңізге оралғыңыз келсе,ораласыз.
–Айта көрмеңіз. Мен қайыршылықтан шаршадым.Біле-білсеңіз үстіме киетін әдемі көлегім де болмады.Мындай сәулетті сарай өңім түгел, түсіме де кірмейді. Тәбетім тартқан тамақты да алып іше алмаймын. Мені осында қалдырыңызшы.
-Егер патшамызға қосылуға қайыл болсаңыз, қаласыз.
–Сіз патша емессіз бе?
– Мен ханзадамын.
–Сізге біздің патшамыздың ықласы қатты құлаған.
–Ол қайда?!
–Ол қасыңызда.
Мэри оң жағындағыь алтын тақтағы Егеуқұйрықты көріп шыңғырып жіберді. Өз даусынан өзі шошып оянды. Егуқұйрық анасы сепкен дәріден өліп қалса керек, жанары төңкеріліп, бұрышта теңкиіп жатыр.
«Әтеген-ай,патшам өліп қалыпты ғой,– деп күбірледі тұтқын қыз.
***
… Мэри өткен күндерге ойша шолу жасауда.Он жетіге енді толған қыз сол түннен бастап , жастығының қызыл –жасылды қызғылықты кезеңінің есігін ашқандай, телефоны дыз етсе , сан сылтау айтып , жасырын сөйлесуге жүгіретін . Осыған дейін қала тұрғындарының самарқау, жат, өзімшіл, өркөкірек, бір –бірін жек көру сезімдерге толы жүздері мен қатқыл үндеріне, суық көздеріне жатырқай , жатсына қарайтын болса, қазір олар мейірленіп, жүздері жылып, бәрі бір –бірімен кездесу үшін асығыс жүгіріп бара жатқандай әсер алады. Қыз мұның өз жүрегінен шешек атқан алғашқы махаббатының әсері екеніне де мән бермеді. Әйтуір , бар дүние өзгерді. Айнала нұрлы, айнала мейірімді, адамдар кішіпейіл, кешірімді болып кеткендей… Шіркін, осы көңіл-күйі шешемнің жүрегіне қонақтаса ғой деп қиялдайды.
Таксиге отырса болды, айнала жайнап сала береді.Оның жүргіншілерінің де ғарышқа сапар шегіп бара жатқандай, ерекше статусы бар тәрізді. Асқан ілтипат көрсетуге тырысады. Өзіне салса , осы кассирлік қызметін күні бойы атқарып, жігіттің жанынан түспеуге бар. Әттең , анасы қадамын қарыс бастырмайды. Оның желігіп жүргенін сезіп қалып, соңғы кезде басқан ізін аңдуда.. Қыз анасының түнгі вахтерлік кезекке тұратын ауысымын асыға күтеді. Сол түні Жансеріктің жанына жайғасып, , түннің бір уағына дейін жолаушы тасиды. Түнгі қаланың өзі бұрын көрмеген алаңдары мен демалыс орындарын тамашалайды. Түнгі саябақ ішінде ұзақ отырады. Қыздың желден басқа жан тимеген үлбіреген ернінен жігіт ұзақ сүйеді. Оның құшағынан әрең деп сытылып шыққан Мэри қуып жет деп , сыңғырлай күліп , ақ қайыңдардың арасына сіңіп кетеді..
Оған өлердей ғашық болуы мектеп бітіретін кештен басталған…Достарымен түннің бір уағына дейін билеген Мэриге анасы такси жіберіп:
–Жалғыз отырма , Лариса екеуің отырыңдар,– деп бұйырды.
Сол қызыл такси мектептің аузында сигналын соғып тұрып алғанда « такси кімге келді? – деп сыныптастары шулады.
–Болды , жүр , Лариса , апам ұрысады , — Мэри қоштасып болмаған құрбысын асықтырды.
– Енді шықпасаң , жүре берем,– деп жанықтырды.Ақыры итіс-тартыс боп екеуі таксиге отырғанда, жүргізуші ашулы үнмен :
– Бос тұрған уақытқа, ақшаны кім төлейді?.Тапсырыс берген соң , уақытында шығу керек,–- деп ұрысып берді..
Рөльде жас жігіттің отырғанын көрген Мэри:
–Сіз мектепті қашан бітірдіңіз ?- деп қалды.
–Біз сіздер құсап, таң атқанша сереуендей алмадық . Сіздер де карантин жоқ па?
–Ашық!
Лариса тілден қалған. Артында ботасы қалған аруанадай , азалы.
–Мына , қарындас бірнәрсеге өкпелі ғой.
–Сүйгеніне алаңдаулы..
–Ертең тағы көріспей ме?
–О жағын білмедім.
–Сіздің қимайтыныңыз жоқ па еді?!
–Жоқ.
–Есіміңіз кім ?
–Жолаушылардың бәрінің есімін сұрайсыз ба?
–Тек қана өзіме ұнаған әдемі қыздың.. есімін сұрасам айып па?
–Мэри.
–Мэри!!!Сирек есім екен.
–Анам солай қойған.
– Жансерік.
–Сіздің есіміңіз де сирек.
–Менікі нағыз қазақы есім. Әкем жанына серік болсын деп қоя салған..
Осы кез ұйықтап кеткен Ларисаға қарап екеуі де күліп жіберді.
–Құрбыңыз әбден шаршаған ғой…
–Иә, өте көңілді болды .Биледік.Түрлі анамациялық ойындарды тамашаладық..
–Құрбыңыз ұйықысын қандырсын .Асықпай қаланы аралайық.
–Жаңа асығыспын деп жанықтырып жатыр едіңіз..
–Сіздей періштені енді кездестірем бе, жоқ па…
–Менің періште екенімді қайдан білдіңіз?
–Көзіңіз айтып тұр.
–Көзге қарап айыратын көріпкеліңіз бар ма еді?!
–Кейде айырам…
–Онда менің болашағымды болжап берерсіз?
–Оһо … қатырасыз.. ондай әулиелігім болса, өзімнің болашағымды болжар едім.
–Тіпті оп-оңай ..Мысалға мен оқуға түсем бе, түспеймін бе, грантқа ілігемін бе , ілікпеймін бе…
–Кім болғыңыз келеді ?
–Дизайнер.
–Дизайнер дегенді оқымай -ақ бола бермей ме?
–Жоқ.Мен сәулетші дизайнер болғым келеді.
–Сонда үй тұрғыңыз келе ме?
–Сол үйлерді сәулеттендірем… Жігіт ысқырып жіберді.–Бес жыл оқисыз… Ал менің кәрі шешем бар үйленуім керек.
–Сіздің кәрі шешеңіздің маған қандай қатысы бар ? Менің де шешем жалғыз , бірақ кәрі емес…
–Мен сізді бес жыл күте алмаймын дегенім ғой…
–Сіз мені неге бес жыл күтуіңіз керек?– Осы кез қыздың ұялы телефоны дыз етті.
–Мэри, қайда жоғалып кеттіңдер?Таксиді мана жібердік қой.
Таксист :
–Такси бұзылып қалды де , — деп сыбырлады.
–Апа, такси бұзылып қалды.
–Қайдасыңдар ?!
–Мен қайдан білейін түн ішінде…
–Лариса қайда?
–Ол ұйықтап қалды.
Таксиді тоқтатқан жүргізуші Мэриді алдыңғы орындыққа шақырды.
–Лариса кең жатып , ұйықтап алсын .Мында отырыңыз.– Әшейінде біреу бір нәрсе десе қырсығып қалатын Мэри лып етіп алға отырды.
–Енді таң атқанша қыдыруға болады.
–Мен анамды алдай алмаймын. Алдап көрген емеспін.
–Айттым ғой періштесін деп…
–Мектеп бітіріп жатқандардың бәрі періште..
–Сіз ерекшесіз..
–Сіздің жаныңызға күніне неше түрлі періштелер отыратын болар?..Солардың бәріне осылай ықыласыңызды төгетін болсаңыз , періште қалмаған да шығар.
Магнитофоннан әдемі әуен сызылды.
– Мен өз періштемді бүгін , күтпеген жерден кездестіріп, өңім бе, түсім бе деп отырмын. –Мэри жас жігітке таңдана қарады да, жанарымен жанары түйіскенде , жүрегі дүрсілдеп, көңілі алабұртты.
Телефон тағы дызылдады :
— Мэри , қайдасыңдар ,сіздерді жер жұтып кетті ме, енді келмесеңдер полицияға хабарлаймын ! –анасының үні ащулы естілді.
–Апа , қазір , -деді қызы,– Айттым емес пе , такси бұзылып қалды. Жөндеп жатыр. Енді түн ортасында жаяу жүр деймісің….
– Ұшсаң да жет! Сені күтіп ұйықтамай отырмын.
Мэри жаңа бір құбылыстың құшағында,жан-жағы өзгеше бір реңге бөленгендей, жаңа танысы кеудесіне , өзгеше бір сезім шуағын шаша салғандай, көңілі алабұртып, өз –өзіне келе алмауда. «Бұл не ? Мен шынымен ғашық болып қалдым ба?! Неге мына жігіт көзіме ерекше , көңіліме жақын жандай көрінеді. ? Неге уақыттың өтпегенін қалаймын. Неге үйге барғым келмейді?! Ол сондай сүйкімді. Лебізін қалт жібермей, , қасынан кеткісі келмейтіні несі?! Тіпті , қазір менімен бірге жүр, қалма десе , еріп кетуге даяр! О жасаған , бұл бағым ба, сорым ба, анам білсе , өлтіреді ғой. Болашағынан үлкен үміт күттірген жалғыз қызын , көлденең көк аттының жетегіне ерітіп жібере қоймасы анық.
Қой ,есімді жияйын.. Шынында да, ол таксис, оның қасына мен сияқты мың сан қыз отырады. Ол солардың бәріне « періштем демесіне кім кепіл ?! Мен сияқты аузынан ана сүті кеппеген ашық ауыздарды алдап , арбап, қармағына түсіріп жүрген біреу болса ше?!
– Үйге тезірек жеткізіңіз ,–деді Мэри салқындау үнмен.
–Телефоныңызды қалдырыңызшы ?
–Отырған таксиге телефон қалдыра беретін әдетім жоқ.
– Онда үйіңіздің жанына келіп, белгі берем .Шығасыз ғой?
–Айта көрмеңіз. Менің анам қатал адам. Көзіне көрінсеңіз, түтіп жеп қояды.
–Жей берсін.Қарсы емеспін. Тек телефон нөміріңізді қалдырыңыз.
–Бірақ бүгін –ертең қолым бос емес.
–Сонда бүгін –ертең сізді көре алмаймын ба?!
–Осыған дейін көрмей де, менің бұл жарық дүниеде бар-жоғымды білмей де жүрдіңіз ғой.
–Әрине, білмей жүрдім. Бірақ, іздеп жүрдім. Міне, сәті түскен сәтте кездестірдім. Енді көз жазып қалғым келмейді.
–Ал , сен іздеген жоқпысың?
–Қызықсыз..Мен мұндай сұраққа бірден қалай жауап берем. Мен сіздің кім екеніңізді , білмеймін ғой…
–Сіз де маған кет әрі емес тәріздісіз .. Жақынырақ танысайық.
–….
Қыз бұл сауалды жауапсыз қалдырды.
Түн ортасына дейін жүріп , есік алдына келіп жігітімен қоштаса алмай тұратын қызды балконнан байқап қалған көршілері:
–Ее , қызым мектепті медальмен бітірді , қалаған оқуына грантпен түседі деп шешесі байғұс жарылып жүр.. Мынаның оқитын түрі көрінбейді. Күйеуге шығып тынатын болар деп күңкілдесті.
Көршілердің сыпсыңы шешесінің құлағына жетпей қоймады.
–Сен қыз не желігіп жүрсің? Таксистің бірде бар, бірде жоқ ақшасымен жарытып тамақ ішпей, жылтыратып киім кимей, өтейін деп пе едің.Оқуға түсесің, сол жақтан өзіңнің теңіңді табасын ,– деп ұлы ұрыс шығарған.
–Апа, мен оны сүйемін.Егер оған күйеуге шықпайтын болсам, оқымаймын!–деп қызы да қайтпас мінез танытты.
–Сенің тауықтың миындай миың жоқ екен. Сен грантпен жоғары оқу орнына түс. Оқуыңды бітір.. Сосын қалаған жігітіңе тұрмысқа шығасың.
–Мен қалауымды жасадым.. Ол тұрмысқа шыққанымды қалайды .Онсыз маған оқудың керегі шамалы.
–Сенің басың айналып, ақылыңнан адасқансың..Егер ол жігіт сені шын сүйсе, оқуыңа қарсы болмауы керек .Демек, ол сені мазақ етіп, тастап кететін тұрақсыз сандалбай.
–Ол кім болса да, жүрегімнен жұлып тастай алмаймын. Апа , неге түсінбейсің. Өзіңіз ешкімді сүйген жоқсыз ба?
–Жоқ.
…. Қараңғы қапасқа қамалған қыз анасымен арадағы барлық ұрыс –керісті есіне алып, өткен күндерін ой елегінен өткізуде.
–Оқымаймын , күйеуге шығам ,–деп неге айтпайсың дейді сүйіктісі қиылып, – Саған олай деу оңай.. Анам менің болашағымнан үлкен үміт күтуде. Қалай оның арманын аяқ асты етем.
–Сен мені ойладың ба? Менің анам күн де келін әкел ,әкелмесең , өзім алып берем деп жүйкемді жұқартқалы қашан ?! Мен сені сүйем .Үйіме сенің келін болып түскеніңді қалаймын.
Мэриге салса, бар дүниені тәрк етіп сүйгенімен қол ұстасып, ол қайда жетектесе, сонда кете бергісі бар..
Ақыры екеуі уәде байласып , қашатын күнін белгілеп , киімдерін қол сөмкеге салып қойған күні , жасырын жоспарының күлі көке ұшып, анасы үйдің жертөлесіндегі аядай қапасқа қол аяғын шырмап , аузын скочпен желімдеп :
–Сол жігітті ұмыттым деген күні, босайсың !Әйтпесе осында жатып , шіріп өлесін ! – деп ақырғы үкімін айтты.
Төртінші бөлім
7 тарау
Инспектор — Мэри
Мэри тұтқынан құтылғасын мүлде басқа мінез-құлық танытты. Күндіз-түні үйден шықпайды.. Анасы қызының тұйықтанғанынан қорқа соқтап, жалпылдайды. Тәтті тағамдар алып береді. Айлық алдым, дүкенге барып , жаңа көлек ал дейді. Қызы басын шайқайды. Жансеріктің телефонына звондап еді. Бұл нөмір жойылған деген жауап алды. Мэри өзі жан тәнімен ғашық болған жігіттен бір жолата айрылғанын сезіп, енді қалай өмір сүру керектігін ойлай бастаған.. Мәдинаны көргелі , сондай болсам деп армандайды. Полицияның формасы бойына құйып қойғандай жарасып тұрған , капитан келіншек қатты ұнады. «Мен де сондай болам. Болды. Болмай қоймаймын» деп өз –өзіне ант етті. Мәдина кел деген күнді асыға күтті.Телефон арқылы сөйлесіп , қажетті құжаттарын дайындады.
–Биби, маған Мәдинаға барғанда киетін спорттық әмбебап алып берсең болады.Мен полиция болам.– Қызының бұл шешіміне қуанып кеткен шешесі. Жиған –терген ақшасына спорт кәстөмін алып берді. Аяғына крассовка сатып алды.
–Апа , маған қатынау қиын. Колледжіге түссем, жатақханасында тұрсам ренжімейсің бе?–деді .
–Мейлі , енді ақылың кірді, қызым. Жеті сайын келіп, амандығымды біліп кетсең болды. Бар уақытыңды оқуға жұмса.
Тап-тұйнақтай болып келген қызды көрген Мәдина.
–Мәри, шынымен ойланып шештің бе ? Полиция бола аласың ба?–деді.
–Әрине, сіздей болғым келеді.
–Көрде тұр, менен де өтесін.
–Жоқ, сіздей болсам болады..
– О кей .Жүр.
Колледжіге апарып , атестатын , құжаттарын көрсетіп, емтихан күндерін белгілеген Мәдина Мэриді үйіне жеткізіп тастады.
–Емтихан күні барам. Жақсылап дайындал .
Колледжіге емтиханды үздік тапсырып түскен Мэри степендияға ілігіп, жатақханаға жатып оқитын болып келісті.
–Оқуыңның ең болмаса бірінші курсын бітір .Сосын кәмілетке толмағандардың испекторы етіп , жұмысқа аламыз. Жарты ставкаға істейтін боласың . Сенің балалармен тәрбиеде ебің барлығы білінеді.–деп ақыл берді Мәдина.
Колледжіні тек қана үздік бағамен аяқтаған Мэри жоғары оқу орнына сырттай түсті де , кәмілетке толмағандарды бақылайтын испектор болып полицияға орналасты. Мектептерді аралағанда полицияның формасы жарасатын әдемі қызға тек қана мұғалімдер емес, балалар қызығып, айналасын бірден қоршап алады.Сұрақтары бірден:
–Сізге Мэри деген атты кім қойған? Полиция болу қиын ба ,–
деп басталады.
***
Алғашқы сәтсіз сезімінен кейін көңілі ешкімге селт етпеген қыздың жасы жиырма беске таяп қалған. Бұл кезде қызының алғашқы махаббатынан айрылуына себепкер болған анасы оның алаңсыз жүріп алғанына мазасыздана бастаған. Ақыры кәрі қыз болып отырып алмаса жарар еді деп уайымдайды..
Қызмет аяғында Мәдинаға кіріп шығатын Мэри есігін түртіп кіріп барғанда, бір жігіттен жауап алып отырғанын көріп , мүдіріп қалды.
–Кір ,кір қатардағы аға лейтанант Мэри , сен де жауап алып үйрене бер. Енді аздан соң жоғары білімді заңгер деген диплом аласын. Сосын біз сені тергеушілікке баулимыз. Үйрене бер. Жас жігіт бойжеткенге жалт қарады.Сол бойы жанарлары түйіскен екеуі , бір-бірінен қысылғандай күй кешті.
–Сонымен , төбелес неден басталды ?
–Сауда орынға таластық.Бұрын ол жер менікі болатын. Бір күні келсем, ана жігіт жайғасып отырып алыпты.–Жігітім,бұл менің орным десем.
–Ешкімнің сатып алған орны жоқ. Бар ана жаққа барып жайғаса бер , -деді.
–Бұл арада бір жылдан бері мен отырып , сауда жасаймын.Сен барда қалаған жеріңе отыра бер,– дедім.
–Менің қалаған жерім осы ,– дейді. Тіпті болмаған соң, заттарын лақтырдым.Арты төбелеске айналды.
–Полиция неге шақырмадыңыз?
–Полиция кім көп береді. Соның сөзін сөйлеп, жөніне кетеді.
–Сондықтан саудагерлер ешуақтта полиция шақырмайды. Өзара келіседі.
–Ана жігіт сіздің үстіңізден арыз жазды ғой.
–Енді орынды бермеген соң , маған ерегіскен түрі.Сол бойы дәрігерге барып анықтама алған. Менің де бетім көгерген.Мен ешқайда бармадым.
–Енді сіздікі бұзақылыққа жататын болғандықтан, айып пұл төлейсіз. Он бес күн жауып тастауға , саудаң тұрып қалады деп аяп отырмын.
–Сізге көп рахмет ! Айып пұл төлеймін.
–Мэри , мына жігіт айып пұл төлейді. Ертең түбір тегін ана саудагерге көрсетіп, екеуін татуластыруды саған тапсырамын.Бізде екі жақты келісім деген тараптар бар хабарың бар ма ?
–Иә, бірақ бұл ұсақ-түйек қой.
–Заң бұзушылықтың ұсақ-түйегі болмайды.
Жігітті ертіп шыққан Мэри.
–Есіміңіз кім ?-деп сұрады.
–Арыс .
–Арыстың жағасында тудыңыз ба?
–Солай шығар. Ата-анам қойған.
–Неге ұнжырғыңыз түсіп кетті.
–Әділеттік жоқ. Менің орнымды тартып алған кісі айып пұл төлемейді .мен төлеймін. Осы дұрыс па ?
–Енді сіз орныңызды өзіңіз алдыңыз ғой.
–Алдым.
–Сізге бұл айып пұл қол көтергеніңіз үшін .
–Ол маған бірінші көтерді.
–Көрдіңіз бе, бірақ оның сізден таяқ жегендігін дәлелдейтін дәрігерден анықтамасы бар.Сіз неге анықтама алмадыңыз?
–Мен ол полицияға шағынады деп ойлаған жоқпын.
–Сол себепті,ол құтылып, сіз тұтылып қалып тұрсыз.Жарайды, енді түбіртегіңіз қолыңызда болсын .Ертең базарға соғып шығамын.
–Қарындас, онан да киноға барсақ қайтеді?
–Мәссаған. Бірден мені киноға шақырып тұрсыз ғой..
–Әлде ана апайыңнан рұқсат сұрайсын ба?
–Неге олай дейсіз?Ол кісінің менен лауазымы жоғары .Субординация сақтаймыз.
–Мені менсінбесіз ғой…
–Жоқ. Мен қазір қызметтемін.
–Басқа уақытта барар ма едіңіз ?
–Ойланып көруге болады..
–Телефон нөміріңізді берсіз бе?
–. Сіз қалдырыңыз .Киноға барғым келген уақытта хабарласам.
–Тіпті барғыңыз келмесе ше?
–Демек, солай болуға тиіс.Уақыт болмағаны.
–Уәде беріңізші..
–Жарайды.
***
Мэри сұңғақ бойына жарасатын полиция формасын киіп, басына беретін орнатып, сәл ғана тақасы бар қысқа қоныш туфлиін киіп,өз учаскесіндегі мектептерді аралайды. Балалар форма киген көрікті қызды қызықтап , балға үйірлген арадай айналасына шоғырланады. Жоғары сынып оқушылары кейде қалжыңдасқысы келеді. Кезекті қызметі кезінде мектеп саябағында отырған оқушы қызды байқады.Бұрын да бер –екі рет көрген.Қызық , сабағы қайда? Мұғалімдері іздемей ме ,деген оймен жанына жақындады..
Қыз жылап отырды.
- Сабақ басталып кетті ғой ,–деді Мэри жұмсақ үнмен.
- Мейлі.–деді қыз.–Мен енді бармаймын.
- Неге?
- Олар мені мазақтайды. Сасық иісің шығады дейді
- Мұғаліміңе неге айтпайсың?
- Мұғалімнің өзі менен жиркенеді.Жаныма жақындамайды.
- Неге жуынбайсың ?
- Пайдасы жоқ. Үйім сасып жатыр.Шешем алкаш…
- Жүр, мені үйіңе алып баршы…
- Апармаймын .Полиция әкелдің деп мені сосын ұрады.
- Мен полиция емеспін.Инспектормын.
- Бәрібір емес пе?
- Атың кім ?
- Гүлсін.
- Атың әдемі ғой. Өзің де әдемісің.Жүрші,үйіңе апар.Апаң ұрысса мен сені үйіме алып кетем.
- Шын ба ?
- Шын.
Қызға еріп, жатақхананың бір бөлмесін кіргенде, Мэридің бірден жүрегі айныды. Шашы ода-дода боп темір керуетте жатқан
әйел.
–Ой, сұмырай,қайда жүрсін.Базарға барып қайыр сұра дегенім қайда?!Мұнауың кім тағы ? Полицияң не? Мен сені өлтірем жалмауыз!
–Тұрыңыз,–деді Мэри даусын қатайтып,– Егер бұдан былай ішімдік ішуді қоймайтын болсаңыз,Сізді аналық құқыңыздан айырам.
–Айыра бер.Мен бұл қызды асырай алмаймын. Қазір алып кет.Мэри жыртқыш аң көріп тұрғандай ,беті аузы ісінген, көкала-көкала бір бұт етті көргендей, оған жиркене қарады.Үрпиіп тұрған байғұс қыз,көрдіңіз ғой дегендей үргендектене қалтырайды .Сол бойы көршілерді шақырды.
–Наконец-то, қалай келдіңіз.Талай мұғалімдеріне айттық. Әкімиятқа да хабарладық. Ну, қазір адамдар тас жүрек,–деді орта жастағы әйел.–Оңбаған, ана атынан садақа кет. Неге тудың ?–Айналайын, мына қызды құтқар, қазір көршілердің бәрін шақырам.–Алып кет.Мына сұмырай бұл қызды құртады. Кешке алкаштары жиналады.Мына байғұс қыз далада жүреді.Екі-үш көршіні жинап, акт жасаған Мэри:
–Бұл қызды алып кетсем,қарсы емессіздер ме, әзірге үйімде бола тұрады.Сосын көреміз.
–Алып кетіңіз,байғұстың үстінде киерге киімі, ішерге асы жоқ. Мэридің үйге сыймай жатқан көне кимідері есіне түсті.Сол бойы «өзім қамқорыма алсам қайтеді »деген ой жылт етті.Көршілермен қоштасып, құжаттарын қол сөмкесіне салған Мэри:
–Гүлсін,оқулықтарыңды ал.Бұдан былай біздің үйде тұрасын.Анаң ішімдігін қойса,үйіңе келерсін, қоймаса,біздің үйде қаласын,-деді.
– Ол қоймайды ,–деді қыз өксігі тыйылмай.
–Қоймаса,бізде тұра бересін.Жылама. Жүр.
Анасы үйде екен.Ішімдікке салынған әйелді көргенде, Мэридің есіне стаканды қолына алмайтын анасы түсті.»Япыр-ай, анамның қадірін білмейді екем, егер мынадай болғанда қайтер едім» деп ойлады.
Мэри есейді ме , қазір екіге бөлініп кеткен тәрізді.Қызметтегі кәмілетке толмағандардың ісі бойынша инспектор Мэри іске жауапты, тиянақты.Салмақты,сабырлы. Қызметтен тыс уақытта үнемі ой үстінде жүретін тұйық – Мэри. Оның есіне әкесінің бір сәттік қана, өзін кішкентайында көтеріп алып , мұртын батырып, қытығын келтіріп, иіскеген шағы жие түседі. Неге бұлай? Айналаға қараса, әке-шешелері,бауырлары бар төрт жағы төрт құбыла жандар. Мэридің ешкімі жоқ. Еміс-еміс жадында қалған әке бейнесі жүрегін сыздатады.Одан соң кенеттен күн күркірегендей кеудесін сәулелендіріп, жүрегін жандырып кездесе қалған бір бейне …Ол да тұманды күнде адастырған жолаушы тәрізді әрі –сәрі күйге түсіріп, жөніне кетті. Мүмкін анасының сол бір ерсі қылығы болмағанда , бәрі басқаша болар ма еді? Басқаша болғанда қалай? Жансерік такси айдап, қала кезіп жүрер еді.Мэри баласын уатып, бесік тербетіп отырар ма еді , кім білсін.Кейін естіді.Өзі сыртынан көрді де, Жансерік бизнесмен қызға үйленіпті.Қазір бай. Көлігі джип. Бірақ кездесуге жүрегі дауаламайды.Әлі күнге дейін таксиге отыруға қорқа соқтайды. Өткенімен бет-бет келіп қалудан жүрексінеді. Егер жазатайым кездесе қалса, бәрі сол баяғыдай ала құйын сезімі басталып кететіндей аласұрады. Ол мүмкін ұмытқан да шығар.Ал мен неге ұмыта алмаймын деп өзін –өзі тергейді. Сонда осылай қу тізесін құшақтап өте ме?Сондай тағдырға ол лайық па? Бұл арада оның еркінен тыс бір құдыретті күш бар тәрізді.
Жүрегін жаулаған жанның бітім болмысы ,сөйлегені, күлегені ,, жүргені, тұрғаны – бәрі –бәрі ол үшін жұмақ. Ал сүймегеніңнің бар болмысы, қимылы ,жүріс-тұрысы тозақ болып көрінеді екен. Бұл ерлер мен әйелдер арасындағы құпия құбылыс. Жүрек пен сезім құбылысы. Жан мен тәннің тартылысы. Бұл құбылысты өзгерту де әркімнің қолынан келе бермейтін жаратылыс заңы. Ал, анасы дегеніне жетті.Мэри оқыды.Өзіне лайық кәсіп те тапты. Бірақ жалғыз..Қызмет бабында болмаса, ешкіммен артық аузы тілге келмейді.Сыртынан өркөкірек,тәккапар , мына түрімен кәрі қыз болып қалады деген сөздердің борайтынын да сезеді. Тіпті кейінгі кезде анасын аяйды.Өзін кінәлі сезініп, әбден кішірейіп алды.Қалың оймен үйіне жетіп қалғанын сезген Мэри жанында қалғып отырған қызды көріп аяп кетті. Байғұс ,бала дұрыс ұйықтай да алмайтын шығар. Үйінің қасына келіп тоқтаған соң :
–Гүлсін, келдік , түс,–деді.
–Апа , есікті аш ,–деді көңілді үнмен.–Тағы бір қыз керек пе?
–Бұл кім ,–деді анасы таң қалып,–Апа , осы қызды асырап аламыз.Сен қамқоршысы боласын.Шешесі ішімдікке салынып кеткен жексұрын екен.Мен не ойлады деңіз, соның түрін көргенде Сіздің сондай болмағаныңыз үшін, Аллаға шүкіршілік еттім. Сіз не істесеңіз де, менің қамымды ойладыңыз .Дұрыс жасадыңыз.Сізге мың мәртебе алғысымды айтамын.
–Қайдам, қызым, өз бақытсыздығымды саған таңдым ба деп қорқамын.
–Мені бақытсыз деп кім айтты?
–Бұйырса , жазда жоғары білімді заңгерлік дипломымды алам. Сосын қызметім де, шенім де өседі.
–Қыздарға лайық жұмыс емес қой ?
–Неге, апа , керісінше, осы жұмысқа қыздар жетіспейді.Мысалы, мектептегі оқушылармен жұмыс жасауға ер адамдардан гөрі қыздар лайықты. Тіпті қажет.
–Апа , мына қызды жуындыр, менің киімдерім бар еді ғой.Соларды кигізе бер. Кейін алып берерміз.
–Жарайды.Жарайды.
–Мен жұмыс жаққа барып келемін.Іздеп жатқан шығар.*** Автобус аялдамасынан түсіп, аяқ жолға түскен Мэри жүргіншілер өтетін өткелдің бағдаршамының түс ауыстырғанын андайдан көріп келе жатқан. Кенет 12- 13 жасар оқушы қыз бағдаршамның жабылғанына қарамастан , алға жүгіре жөнелді.</code></pre>–Тоқта!Қайда барасың ?- деп жан ұшыра ұмтылған Мэри көліктерге қолын көтеріп, белгі берді.Бірақ, жүйткіп келе жатқан джип тоқтап үлгермеді. Мэри оқушы қызды тартып қалып, кері қарай итеріп жіберді де, оң жағынан қатты соққан соққыдан анадайға ұшып түсті..Басы айналып,түн түнекке еніп барады.. Әкесі баяғыдағыдай жоғары ұшырып жіберіп , қолын тосып тұр екен…ӘКЕ … деді әлсіз үнмен.
–Қалайсыз? Алыстан күңгір-күңгір үндер естіледі.
–Жедел жәрдем…Тез…Тез..
–Есін жиды ма?
–Жиды.
–Қан керек…
–Мен тапсырам.Мен қаққан жүргізушімін.
Мэри оқушы қызды сұрағысы келеді.Үні шықпайды.
-Есін жиды ғой деймін.Бірдеңе дегісі келеді.
–Қ…ы..з…тірі… ме…
–Тірі. Тірі.Оны құтқарып қалдыңыз. Қазір ота жасаймыз,–деді дәрігер .
–Ең бастысы бауыр аман болсын.
–Полиция ма?
–Инспектор дейді.
–Бәрі бір емес пе?
–Әдемі қыз екен.
–Ғашық болып қалмаңыз …
–Аман қалсын дейік..
Қанша уақыт өткені белгісіз Мэри жансақтау бөлімінде есін жиды.Қасында отырған ақ халатты жас жігіт.
–Оо… міне есіңізді жидыңыз.Енді бәрі жақсы болады.Ішкі органдарыңыз зақымданбаған.Миыңыз шайқалған.Жамбас сүйегіңіз сынған .Салдық.Бірақ ұзақ жатасыз:
.–Медбике , науқас көзін ашты .Дұрыстап қараңдар ,–деп шығып кетті.
Осы сәт те күзетші департаменттен тергеушілері келіп тұрғанын хабарлап, кіргізейін бе деп бас дәрігерден рұқсат сұрады.
–Кіргізіңдер.Анасын да кіргізіңіз, бәрібір кіреді ғой.
Ақ халат жамылған Мәдина мен Бауыржан ішке ұмтылды.Жүре сөйлесіп, есін жиды ма ,–деді дәрігерге.
–Иә, қобалжымаңыздар.Ішкі органдары сау. Жамбасы сынған.
–Ту…оған да шүкір.Бұл қыз от қой .Жанып тұрған шоққа өзі барып түседі.
–Мэри, қалайсын? ,–деді екеуі бірдей жанына жақындап.
–Жаңа ғана ауырып жатыр деген соң ,ұйықтататын дәрі салғанбыз,–деді медбике .–Ертеңге дейін жақсы болып кетеді.Анасын кіргізбедік.Ол кісі көріп жыласа, науқасқа әсер етді. Сіздер түсіндіріп айтыңыздаршы.Есік алдында.Қызымды көрмей кетпеймін деп отыр.
–Жақсы. Жақсы. Тек жақсылап қараңдар..
Айнала қара көлеңкеленіп іңір қараңғылығы қоюлана түскен. Мәдина есік алдында орындықта отырған Мэридің анасының жанына барғанда, ол шошып кетті.
–Апай, салматсыз ба,қорықпаңыз, Мэри жақсы.Отасы сәтті өткен. Сізге үйге қайта берсін ,–деді.–Ертең кіргізеді. Осы кез жандарына келіп тоқтаған джиптен түскен Рүстем қыздың жағдайын білген соң:
–Апа, отырыңыз , үйіңізге жеткізіп тастайын, –деді. Сән әлгі менің қызымды соққан жігіт емеспісің ? Енді мұнда не істеп жүрсін? Сені абақтыға қамамай ма?
–Апа , көлік жолы ашық болды. Оқушы қыз қызыл шаммен жүгірді.Мэри оны құтқарам деп, көлікке соқты.
–Сонда саған өзі соқты ма?
–Жоқ. Апай , оқушы жол ережесін бұзған.Мэри соны құтқарды.Мен қатты келе жатқам.Тежегішті басып үлгермедім..
–Бірақ оларды соққан сен ғой. Мәдина, ол жазаланбай ма?
–Әрине, жазаланады.–деді Мәдина.– Сіз менің көлігіме отырыңыз. Осы кез Бибігүлдің қалта телефоны тыз етті.
–Апа , –деді Мэри. Қызының даусын есіткен ананың есі шықты.
–Құлыным ,аманбысың,–деді жыларман боп.–Апа үйге қайт! Гүлсін жалғыз қалса, қорқады ғой. –Жарайды… жарайды… …Ол кім деді әңгімелерін тыңдап тұрған Мәдина.
–Ойбүй, білмейсіз бе,бір оқушының шешесі ішімдікке салынып кеткен соны үйге алып келіп, маған қамқорыңа ал деп кеткен. –Өзі де жалғыз ғой..
–Солай ма..оны біз естімедік..Мэри…Мэри…ерекше жаралған жан ғой …деп Мәдина басын шайқады.. *** Мэри аурухана керуетіне таңылғалы көп ойланады.Осы қайрымдылық ,ізгілік туралы оның ойы бөлек, басқалар бөлек ойлайтын тәрізді.Кезекші медбикеге дейін «өзіңіз жазым болсаңыз қайтесіз» деп жанашырлық танытады.. Сонда көз алдында ажалға ұмтылған оқушыға ара тұра алмаса, қалай өмір сүрер еді…Оның бойында шынында да жасынан өзгелер түсінбейтін ерекшеліктері бар. Қызық, мектепте жүргенде, бүкіл сыныптастары дем алысқа, жексенбіге асықса, ол жексенбіні жек көретін. .Мүмкін жалғыз өскен соң шығар. Сабаққа зерек болғандықтан, бар мұғалім оны жақсы көретін. Жұпыны киінгеніне қармай , оны ең сұлу, ең қарпайым, мейрімді қыз деп ара-тұра мақтап қоятын.Ол кезде де біреуге-біреу әлімжеттік жасап жатса, ара түсетін. Және неше бір сотқарлар оған қарсы келе алмайтын. Оған өзі де таң қалатын. Одан соң гүлді ұнатпайды. Бұл да оның өзгелерден ерекше қасиеті. Мүмкін, бұл оның жұпыны тіршілігінде гүл әкеліп сыйлап, мерекеге айналған оқиғалардың кемшіндігінен шығар. Өзі құтқарған қыздың анасы бір шоқ гүл мен торт әкеліпті. Мэри тәттіні де жақсы көрмейді. Сол бойы медбикелерге сыйлап:
–Мен гүлді де,тортты да ұнатпаймын,– деген де, олардың да таң қалмағаны аз .–Енді әскери тәртіптен өскен қыз ғой,– деп ақтады.
Үш айдай ауруханада жатып оралған қызды әріптестері салтанатпен қарсы алып, генерал омырауына ерлігі үшін медалін тақты,Демеушілер екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Шені де өсіп, жоғары білімді заңгерді тергеу бөліміне ауыстырды. Осыншама жаңалық санасына бірте –бірте қонақтағанда, енді жасөспірімдер ісі бойынша инспектор бола алмайтындығы есіне түсіп, балаларды сағынатыны көңіл күйін түсіріп жіберді.
Бір кез әр мектептерден шоқ-шоқ гүл табыс етіле бастады.Мэридің гүлді жақсы көрмейтінін білетін Мәдина:
–Оқасы жоқ. Гүлсін бауырыңа сыйлайсын. Сенің өтіншіңді сот оң шешіп , ол қыз сіздерге біржолата қамқорлыққа берілді.
Бұл жаңалық Мэриді бірден шаттандырды.
–Рахмет, Сіздердің көмегіңіз болмаса, осылай тез шешілмеген болар еді .. – Мэри, сен бар жақсылыққа лайықсын. Рүстем де жаман жігіт емес . Айналсықтап шықпай жүр. Бақытты бағаламасаң, қолыңнан сусып кететінін ұмытпағайсың.
Ал, керек болса деп ойлады Мэри жол оқиғасының себепкері болған жігіт талақтай жабысып , соңынан қалатын емес.Бірақ , өзі де кет әрі емес тәрізді. Көрінбесе ,елгізиді. Мүмкін, ол жалғыздықтан жалыққанынан болар.
– Есейген сайын , талғамың күшейіп, жігіттің мінін тапқыш, сынағыш боласың.Онан да тездетіп , тұрмысқа шық,– деп анасы да жүйкесін жұқартады.
Департаменттен Гүлсінге берем деп гүлдерін құшақтап ,тротуарға түскен Мэри қалт тұрып қалды. Қарсы алдынан 3-4 жасар бала жетектеген Жансерік өтіп барады… Ол да мұндай кездесуді күтпеген болу керек. Аңтарылып, қалшиып қалыпты.Бала қолындағы добын түсіріп алып, алға жүгіре жөнелді..
Тез есін жиған Мэри:
–Балаңызды ұстаңыз ,–деп айқайлап жіберді.–Көшеде кездескен кісіге осылай көңіл бөле берсеңіз, баладан айрылып қаласыз. Көлік жолына шығып кете жаздады ,–деп ұрысып тастады.
–Кеші…рі..ңіз… Сіз Мэри емессіз бе?
–Мені полиция капитаны , тергеуші Мэри Базарбайқызымын! Балаңызға ие болыңыз!–деді де ,тез-тез басып ,ұзай берді.
Артына қайрылып қарамаған Мэридің жанары тұнып, алғашқы махаббатын әлі де ұмыта алмағанын жан –жүрегімен сезінді. Кеудесі сыздап, көзіне жас үйірілді..Ол қалайда артына қарамауға тырысты.
Келесі бұрылыста Рүстем оның ең жақсы көретін Барби ойыншығын ұстап, алдынан күтіп тұрған. Алайда, ботасы артында қалған аруандай, жандүниесі жылап келеді… ***
Жансерікті кездестіргелі Мэридің өмірі екіге бөлінді. Оны көргенге дейін тоғанда тұнған су тәрізді тымық еді.Ал, кәзір кенеттен құйын соғып, соның арасында қалып қойғандай ,жан дүниесі астан-кестен. Көптен іштей мүжіп, солдыруға айналған өткен шағы қайта оралғандай мең-зең.Осы кезге дейін ұмыттым дегені бекер екен. Көзден таса, көңілден жырақтың күйін кешіпті. Өзі бір кез құлай сүйген жаны алдынан шыққанда, абайсызда жоғалтқан құнды дүниесін тапқандай абдырап қалды. Одан көз жазғалы бастан кешірген бар қоқайын жаны қалаған жалғызына ақтарылғысы , шағынғысы келген әлсіздік , сағыныш бойын жәйлап, бор кеміктеніп бара жатты да, тез есін жиды.
Ішкі дауыс: – Тоқта, ол сен сүйген жігіт емес, бөтен.Көрмеймісің жанында баласы бар,–деп өре түргелді..
Мэри : – Иә.Ол енді баяғы Жансерік емес , бөтен,–деп өгейлікке ұмтылғанмен , ілгері басқан адамы кейін тартып, артында қимас бір дүниесі қалып бара жатқандай, қарайлай берді..
Ішкі дауысы: –Сен оны ұмытқан жоқсын.Сен оны әлі сүйесін.Тілдескің кеп барады.Бұрылсаңшы. Ол әлі тұр ,–дейді.
Мэри ашуланып. – Тұра берсін. Ол мені күтпей ,бай бикешке айырбастай салғанын қалай ұмытам…Егер мені шын сүйсе , күтер еді.Бар болғаны үш ай. Сол арада менен күдер үзіп ,басқаны құшты емес пе…
Ішкі дауыс: –Қайда асығып барасын, сен Рүстемді сүймейсің ғой, – деп шымшылады.
Мэри: –Мейлі , менің де жар сүюге ,бақытты болуға құқым бар ,–деп ызалана адымдады.
Ішкі даусы : –Әрине, бірақ , шын бақыт үшін күресуге де шамаң жететінін ұмыт па!
Мэри:– Ұмытпаймын.Мен бақытты боламын.
Ішкі даусы :–Тек қана сүйгеніңмен
Мэри:–Иә, тек қана сүйгеніммен.
8 тарау
Жансерік өз көзіне өзі сенер емес. Бұдан бірнеше жыл бұрын үшті-гүйлі жоғалып кеткен Мэри. Мэри-полиция.Сонда полиция ұрлап кеткен болды ғой. Иә, көргеннің көзіне шоқтай басылатын көзі тұздай аққұбаша қыз.Сан қызды тасымалдаушы таксистің сол қызға ықласы бірден ауып, бірден ғашық болған. Мектеп бітіргелі жүрген қызды шешесі кездесуге жібермеген сайын, оған ынтазарлығы ұлғайып, күні бойы оның үйін күзететін. Қолы жетсе болды санаулы тиын –тебені сарқылғанша, қаланың демалыс саябақтарын аралатып, балауса қызды қызықтаудан , қызғыштай қорғаудан рахатқа бөленетін. Бір қызығы, сол кезде ол қыздың жүрегін мәңгілікке жаулап алған нағыз махаббаты екеніне мән бермепті. Оны жоғалтқанда ғана түсінді. Өмірінің қызығын, жастық дәуренін сол қызбен бірге болған күндер жұтып қойғандай, көпке дейін есін жия алмаған. Күл талқан боп , күлдібалам күй кешіп жүргенде, қалталы бикеш кездесіп, көңілін барлыққа, байлыққа бұрған.Ол да өтпелі дәурен екен. Кем-кетігі көп таршылықтан молшылыққа батқанда, одан да тез жерінді. Бақыттың байлықпен өлшенбейтінін ұқты. Осылай өзін — өзі қоярға жер таппай , өзін -өзі түтіп жеп жүрген тұста, ізсіз жоғалған көңілінің қалауы шайтандай сап етті.
–Балаңызға қараңыз ! – Бар денесі солқ етті.Тас төбесінен назағай түскендей, дүр сілкінді .–Мәри ! Өзі сүйіп , түбіне үңілетін көк көздер қоңырға айналған. Кірпіктері қағылмай, таңданып, таңырқап , тосырқап қалған бір кездегі сүйіктісі.
–Мэри ! – Мен полиция аға лейтенанты Мэри Базарбайқызымын. Ұлыңызға қараңыз , көлік жолына түсе жаздады – Үні суық. Сұңғақ бойына полиция формасы жараса қалған ол тық-тық басып алыстап барады.Тақасының үн жүрегіне найзадай қадалып, елес көргендей естанды боп қалды..
***
Аяқ жолымен тездетіп жүгіре жөнелген Мэри еріксіз артына бұрылып қарады. Жансерік әлі тұр.Жүрегі дүрсілдеп аузына тығылды.Ілгері басқан аяғы кері тартады.Мынау дүниені өзгерте салып, баяғыдай еркелеп барып, бетінен сүйгізіп, таксиге отыра кеткісі келеді. О, жасаған, мені оны әлі баяғыдай, алғаш көргендей сүйеді екем. Ұмытттым, ұмытам деп зар қақсағаным, өзге өмірге ұмтылып басымды тауға да, тасқа да ұрғаным бекер екен. Бәрі бекер екен. Ол әлі тұр. Артына қарамайын десе де, еріксіз қарайды.Көзін қадамайын десе де, еріксіз қадайды.Тұр әне! Оның сол тұрысы , таң қалып қарағаны, бәрі-бәрі ып-ыстық сағыныш жалыны болып кеудесіне құйылып жатыр. Құйылып жатыр. Сағыныпты. Е, ғашықтық құдыреті деген осы екен ғой. Оның ешбір айлар да , жылдар да, ғасырлар да өшіре алмай , қайта өршіктіре , ынтықтыра түсетін күші бар екен ғой…. Ал, ана қыр соңынан қалмайтын талай сылқым жігіттерден Жансеріктен несі артық?! Жүректің жұмбағы да осы шығар. Әне бұрышта Рүстем күтіп тұр. Бірақ, Мэри артқа алаңдай береді. Бәрін уақытты да, өзіңді де алдаусырату мүмкін екен, Алайда, адам баласы өз жүрегін ғана алдай алмайды екен. Қазір Мэри де бәрі бар.Қызмет орны, пәтер..Бірақ ,бір нәрсе жетіспейтін.Ол Жансерік екен.Махаббаты екен. Өзін өзі зорлағандай боп Рүстемге бір—екі рет кездесуге де барып көрді. Бәрібір сол жан азабы, жалғыздық.Бір нәрсеге елегізу, біреуді іздеу…
Не іздеп жүр? Кері қайтар жол бар ма? Әлде өмірде бір адамды сүйген адамның екінші біреуді сүюге құқысы жоқ па? Жолдасың соқыр болса, көзіңді қысып жүр деп,. Заң тілімен ойлайтын болғанмын ба?!.Десе де, одан басқаға жүрек те, тілек те ашылмайды. Сезім селік етпейді.. Енді не істеуім керек?!.
Ол енді баяғы Жансерік емес.Ол бөтен… Менің оған енді алаңдауға хақым жоқ.Егер ол да мені ұмытпаса ше ?!Ол да мені тап қазіргі мен құсап іш құста боп, сағынып тұрса ше?! Бәрібір біреудің бақытын тартып алып,бақытты бола алмайсың ?!
Егер ол мен шын сүйсе,ұмытпаса, осы кезге дейін қайда жүрген.? Барлыққа басы айналып, киерге киімі, ішерге тамағы жоқ, жетім қызды тез ұмытқан жоқ па ? Сонда оның махаббатының өлшемі байлық болғаны ғой…
–Мэри! Жанынан өтіп бара жатқан қызды тоқтатқан Рүстем еді.
–Қатты ойланып кетіпсіз.Тағы да қылмыс па ?
–Не дейсіз?
–Тағы да қылмыс туралы ойлап келесіз бе?–деймін. Міне бір қылмыскер алдыңызда тұр.
–Жоқ.Жоқ.Рүстем басқа нәрсе.
–Сіздің гүлді, тәтіні ұнатпайтыныңызды біліп, сүйікті ойыншығыңызды әкелдім.
–Рахмет. Бала кезімде ойыншық дүкендеріне барып,осындай аюдың аппақ қонжығына қызыға қарап тұрушы едім.Алатын ақша жоқ.Ал, қазір… әрине, рахмет!
— Мэри, бала кездегі арман бір кезде орындалу керек қой.
–Егер барлық арман бір кезде орындалатын болса ғой….
–Меніңше,егер адам шын ұмтылса, орындалмайтын арман болмайды.
–Мэри, мен бала кезімде компьютерге сондай ынтық болдым..Анам пәтерді несиеге алған. Жалақысы несиеден ауыспайды.Сосын қосымша табыс табам деп аудармамен айналысады.Ағылшын тілінің мұғалімі. Тозығы жеткен компьтер одан ауыспайды.Біз мектептің жанындағы үйде тұратынбыз. Бір күні терезеден мектептің кітапханасындағы судай жаң компьютерді көрдім.Жаңа емес шығар.Біздің үйдің компьютеріне қарағанда солай көрінді.Сосын әшейінде бармайтын мектептің кітапханасынан шықпайтын болдым.Бар арманым– алдында бір ағайым әкеп берген, Гарии Потердің дискетін , толық көру. Жалықтырып жібердім бе ?
–Жоқ,айта беріңіз.
–Бір күні кітапханашы түстіктікке қызының үйіне барып келуі керек болды.Кітап оқыған болып отырған маған келіп :
–Рүстем , сен боласың ба, қарай тұрасын ба,-деді.
–Иә, апай алаңдамаңыз қараймын.Ол кісі кеткен соң, екі бала да үйлеріне кетті. Жалғыз өзім. Ойым жаманға ауысты. Есік жақта тұрған компьютерді бір -екі күнге үйіме алып кетіп, дискетті қарап болған соң ,әкеліп тастасам қайтеді деп ойладым,Мүмкін кітапханашы апай іздей қоймас. Отырып –отырып , нар тәуекел деп , компьютерді үйіме апардым,екінші қатарда тұратынбыз. Менің бағыма қарай, есік алдында тірі жан болмады. .
–Ұрлық жасағансыз ғой..
–Иә, солай ғой ,бірақ мен уақытша алдым деп апайдың тартпасына жазба қалдырғам.
–Ол кісі көрмеген.Қанша айқай-шу болды.Ақыры біздің мектеп те Кәрім деген детектив бала бар еді. Сол үстімнен түсті. Мені құтқарған запискам болды.Сонда сол Кәрім деген оқушы маған жаны ашып,үйінен қолданған компьютерін әкеліп тастады. Кейін қайтардым. Қазір жеке меншік компаниям бар.Компьютердің түр-түрі .Бала күнгі арманым орындалды.
–Ал , мен кім болатынымды армандаған жоқпын.Оған шамам да келмеді. Тағдыр тарту еткен жолмен жүрдім.
–Сонда өкінесіз бе?
–Жоқ.Қазір өкінбеймін.Бірақ, кейбір кедергілер кездеспегенде, өмірім тіптен басқаша болар ма еді.Бірақ, жазымыштан озымыш жоқ деген бар емес пе?
–Мэри,бір көңілдірек жерге барып отырайық, музыка тыңдайық.
–Рахмет.Рүстем.Бүгін сондай шаршап кеттім. Кейін хабарласайықшы.
–Жақсы, онда үйіңізге жеткізіп тастайын..
–Ал, сыйлығыңыз үшін рахмет! Үйде сіңілім бар , қуанатын болды.
Қызды ұнатып жүрген жігіт арасында бір сына тұрғанын сезгендей, көңілсіз қоштасты.
Бесінші бөлім
9 тарау
Зарина және басқалар
Зарина көзін ашқанда, өшірусіз қалған шырағдан жанып тұрды..Қабырғаның жартысын алып тұрған жапондық телевизор қанша тұрса да қызбайды да, жанбайды да, автоматты түрді өшеді. Ол бизнесті қолына алған соң, арзан қол Қытай тауарларының көзін құртқан.. Қазір барлық бөлмеде шетелдік жиһаздар. Белгиялық былғары кресло. Швейцария тұсқағаздары. Француз ыдыс-аяқтары. Тоңазытқыш , кір жуатын мәшина , шаңсорғыш – немістердікі. Оқымаса да шет ел жазушыларының бестсллерлері.. Отандық өнім супермаркетінде болмаса, үйінде емге табылмайды.. Қаладағы ең үлкен азық-түлік супермаркетінің бір күндік табысы бір миллионан асып жығылады. Бір айлығын өзіңіз есептеп көріңіз . Жұмысшылары мен сатушыларының жалақысынан ауысып, оның дипозитіне айына миллиондап құйылып жатады. Не істейді ол ақшаны?! Офисіне қайрымдылық қорларынан , әлеуметтік желілерден көмек сұрап келіп жататындар баршылық. Кейінгі кезде демеуші іздеген суретшілер мен жазушылардан қашқақтап жүреді. Іштей « жалаң аяқ, жалаң бас , сандайбайлар, онан да көше сыпырып наныңды тауып жемеймісің » деп сөгеді.
Антальяға барып келгелі ,ұшақтан күтіп алған такисис жігіт күндіз ойынан , түнде түсінен кетпейді.Соңғы бір-ер жылда ешкімге тап осылай ықласы ауып көрмеген. Онымен қайта кездесетін неше түрлі амал- айла іздеумен , көпке дейін көзі ілінбеді. Таң атысымен тәуекелге бел буып, Жансеріктің телефонын теріп, хрусталдары шәушілдеп тұрған аспалы шамға қарап жатып, манюкерлеп тастаған тырнағын шұқылады да, «басқасына ауыстыру керек « деп ойлады.
–Әл..ләу, Жансерік ,сәламатсыз ба? Жұмыстасыз ба?
–Ә, Зарина ханым , сәламатсыз ба?
–Ой , мені ханым деп қайтесіз. Екеуміз қатар емеспіз бе , есімімді атай беріңіз. Детектив сіздің жоғалған қалыңдығыңыз туралы бірталай тың деректер жинаған. Өзіңізбен кездескенде айтам. Бүгін қашан босайсыз?
–Кешке дейін бос емеспін .Сағат сегіздерде босаймын.
–Таксо паркте боласыз ба, мен Сізді сол арадан күтіп алайын, сосын бір кафеге барып, жәйласып әңгімелесерміз.
–Жарайды. Жақсы хабар айтсаңыз болар.
–Сізге жақсы да , жаман да деп айта алмаймын. Детективтің білген хабарын ғана жеткіземін. Ол кісі шамалы сырқаттанып қалды.
–Рахмет. Сіздің жақсылығыңызды немен қайтарарымды білмей қиналамын.
–Қайтаратын жолдар көп қой ..
–О кей’
***
Жансерік өзін күтіп тұрған қара джипке қысылыңқырап, жан-жағына алақтап , шапшаң отырды.
–Саламатсыз ба, мынадай көлікке бұрын отырып көрмеген соң , ыңғайсыз екен.
– Неге бизнес ашуға ұмтылмадыңыз?!
–Қалтасында көк тиын қара бақыры жоқ таксис қалай ұмтылуы керек?
–Несие алып, ұмтылу керек қой. Мысалға ,менің ата-анамның артық ақшасы болмады. Әкем несие алып , супермаркет ашты. Сол несиесін кейін еселеп қайырды.
–Несие алу үшін кепілдікке салатын үйің немесе басқада қозғалмайтын мүлкің болу керек шығар.
–Жансерік , егер сен бизнес ашқың келсе, мен саған несие алып бере алам.
–Сіз менің тумам емессіз, туысқаным емессіз , маған ондай жомарттықты не үшін жасайсыз, түсінбедім.
–Жәй , әншейін, сіздей сымбатты жігіттің кедейшілікте жүргеніне жаным ашығаны ғой, енді біз бір-бірімізге көмектесуге тиіспіз ..Мен мысалы баймын , қайрымдылық жасасам айып па?
Маңдайшасына кафе деп жазылған жеке үйдің жанына тоқтай қалған Зарина:
–Оңаша кафелердің тағамы тәтті болады. Жүріңіз .
Жаңа танысының шексіз қамқорлығынан әлденеге көңілі кіп алып қалған таксист көңілсіз соңынан ерді.
Шағын кафеде бұлардан басқа екі үш пар отырды. Бұрыш жақтағы арқалы орындыққа барып отырған соң.
–Саған ыңғайлы ма, күні бойы көлік жүргізген соң ,осындай орындықтарда отыру дем алыс қой ,Жансерік, не ішесіз?–деді.
–Өзіңіз не қаласаңыз ,соған тапсырыс бере беріңіз, маған бәрібір ,–деді қонағы.
Алдарына өзбек палауы келген соң, Зарина :
–Бұл кафенің иесі өзбектер .Біздің қазақтар келістірмеген соң, осындай шағын кафелердің бәрін өзге ұлт өкілдері ашып алды. Бір жағынан тағамды дәмді дайындайды. Біз өзіміздің қолымыздан келмегенмен, жақсы тамақтануды, дем алуды жақсы көретін халықпыз ғой..
–Оныңыз рас ,–деді дәмі тіл үйретін палауды сүйсіне асаған жігіт.–Сіздің мысалы ақшаңыз бар, неге осындай кафе немесе ресторан ашып алмайсыз?!.
– Партнер таба алмай жүрмін. Ол үшін алдамайтын адал серіктес керек. Мысалы сіз келісеңіз , сізбен бизнес ашуға болады.
–Менің қай ақшама қызығасыз?Тәжірибем де жоқ.
–Жансерік , сіз адал адамсыз. Алдауды білмейсіз.
–Оны қайдан байқадыңыз?
–Сіздің жүзіңізде адалдығыңыз жазулы тұр.
–Рахмет.Сіз маған хабар айтамын деп едіңіз?
–Иә, Жансерік, өкінішке орай, жақсы хабар айта алмаймын. Сіздің қалыңдығыңыз сіз ойлағандай сүттен ақ, судан таза періште болмай шықты. Детектив мектепке барып , сыныптастарын тауып алып, сөйлесіпті. Ол қыздың сізден бұрын да көңіл көтеріп жүрген бірнеше жігіттері болған екен. Сынаптастарының ішінде де жақын қарым-қатынаста достары бар дейді. Түсінесіз ғой… Бұрынғы ұстаздары да жеңілтек мінезді қыз екенін айтып берген. Демек, сол жігіттерінің қайсының ұрлап кеткенін анықтау оңай емес.Сен ол қызбен қашаннан таныс едің?
–Бір айдай.
–Ту..ту… Жансерік, бір ай болса, қалай ол қызды білем деп айтасын?
–Мектеп бітіру кешінде танысқанбыз. Анасы таксиге тапсырыс беріп, мен барғанмын.
–Соның әржағында білмейсін…бірінші рет көруің..
–Бірінші рет көруім.Бірақ бір көргеннен ғашық болдым.
–Бұрын ешкімді ұнатпап па едің?
–Былай қалжыңдасып, кездесіп жүрген қыздар болды. Бірақ тап сол қызға ғашық болғандай, көңіліме орныққан емес. Ол қызды бәрібір ұмыта алар емеспін.
–Енді уақыт емші дейді ғой. Детектив тәуір болған соң, анасымен , көршілерімен кездесем деген….
–Ал, менің серіктестік болайық деген ұсынысыма қалай қарайсыз? Таксистің жалақысы қандай? Іні , қарындастарыңыз бар шығар …Олар оқу керек деген тәрізді.
–Білмеймін. Үй-ішіммен ақылдасып көрейін. Екі інім бар. Өзімнің оқуға жағдайым келмеді. Енді соларды оқытсам деймін. Сіздің соншама жасаған жақсылығыңызды немен қайтарарымды білмеймін.
–Жас –жастың тілегі бір деп, бір –бірмізге қарыз болып қалмаспыз.Түсінісерміз.Егер сен бас тартпасаң , ертеңнен бастап жаңа бизнес ашып беруге дайынмын. Тіпті дайынын сатып алып, сені басқарушы директор етіп қоя аламын.
–Ойланып көрейін. Рахмет.
–Үйіңе жеткізіп тастайын.
***
Әуе лайнеріне отырысымен көзін жұмып мүлгіген жігіттің ойы он сақта.Оның есінен – аспан көз, аққұбаша қыз Мэри, серілігінің серіппесі қалған алақандай ауыл тіршілігі кетпейді. Әсіресе, бозбала шағындағы бір күнәсі есіне түссе, періштедей пәк Мэриге ғашық болған әумесерлігі жанын қинайтын… Сол сұлу жеңгесі қайда екен? Әйел адамнан көрген алғашқы ләззатты сезінгесін бе, оны осы күнге дейін ойынан шығара алмайды. Сол жеңгесі айтқан ескертуді Зарина екеуі оңашада қалғанда тағы естіді «.Жансерік , сен неге сонша жасықсың , батылдау болмайсын ба?» бұл жолы да серіктесі өзі құшағына тартып, қыздырып жіберді. «Бұрын әйел көрмедің бе ?…» Ол үнсіз..Одан әрі өзін- өзі ұстай алмай , бизнесмен ледидің дегені болған… Бірақ , өкінішке орай, сонау сұлу жеңгесіндей тәтті қылықты, балқыған бал сезімді сезіне алмай , мең-зең күйге түскен. Егер Заринаның орнында Мэри болғанда не істер едім деп ойлады. Енді саған Мэриден аспандағы ай жақын дейді ішкі дауысы.
Гүлшәт атты келіншектің аулына келін болып түскен күні әлі есінде. Шыжыған шілде. Аспан шайдай ашық. Көкжиектен сағым бұлдырап, беймәлім бір тылсым дүниені меңзейтін тәрізді.Әшейінде тып-тыныш жалғыз көше бойында балалар «келін келеді, сүйінші , сүйінші»! деп топырағын бұрқыратып шауып жүр. Олар шулап өткен сайын көлік жолының шаңы бұрқ-бұрқ етеді. Бозбалалар сол балғындарға қарап, қайран балалық деп таңдайларын тақылдатады. Алыстан мотоцикл көрінді . Әр үйден сүрініп-қабынып шыққан әйелдер у-ду. Келіншек алып жатқан Жансеріктің жамағайындарының баласы .Өткен жылы ковидтен әке-шешесі бірдей қайтыс болып, үйі қаңырап қалған. Оның мал-мүлкі жалғыз мотоцикіл. Сонысымен көрші ауылдан қыз ұрлады.
–Әй –тезірек, қимылдап , басына жаулық салып, үйге кіргізіп алайық. Ақтас аулы мына тұрған жер ғой. Артынан қуғыншы келіп қалмай тұрып ,бетін ашып, үйге кіргізіп алайық ,–деді ауылдың үлкен– Балым әже.
–Ее…ее дұрыс айтасыз. Байғұс бала үй болып кетсін,–деп әйелдер шу ете қалды. Мотоцикл үйдің жанына келіп, тоқтай қалды.
–Өй, жүгірмек , ең болмаса ауылға кірмей тоқтамайсың ба? Үйге мотоцикілмен кіргізейін деп пе едің ?! –деп ұрысып жатыр үлкендер.Біздің көзіміз жаңа түскен келінде. Бет әлпетін дұрыс көре алмадық. Бірақ ұзын бойлы сұңғақ. Әйелдер шулап бетіне шәлі жауып, сол арда аяғының астына қойдың терісін салып , асаба Жарқынның қолына қамшыны ұстатып еді , ол сайрай жөнелді.Шағын ауылда сәлем еткізбеген жан қалмады.
–Әй , болар түбің тесіліп кетті ғой. Артынан қуғыншы келмей тұрып, үйге кіргізіңдер,–деп тағы Балым әже араласты. Сонымен келіннің беті ашылып, басына ақ орамал тартылды. Бәрінің көзі жас келінде . Жап –жас. Сірә, мектеп бітірген бойы.Жүзі аппақ , қыр мұрынды көріктілігі көзге түсіп тұр.
–Тфәй..тфәй ..келін жұмыртқадай аппақ екен. Алла ұзағынан берсін!– деп үлкендер ризашылығын беріп жатты. Шағын ауылдың қуанышы көпке бармады. Жигулиге отырып, бір топ қуғыншы жетіп үлгерді.Түрлері түтігіп кеткен «құдалардың » алдынан үлкен кісілер шығып, сәлем беріп, кешірім сұрады Екі иығы қушиған қара жігіті:– Маған кешірімдерің керек емес. Маған қарындасымның бір ауыз сөзі керек. Өз еркімен , сүйгеніне келді ме, әлде күштеп , ұрлап алды ма , соны өзі айтсын,– деді.
–Қарағым , топ болып барып, қорқытып өңгеріп әкелген жоқпыз. Қыз жігіттің мотоцикіліне отырып, қапсыра құшақтап өз аяғымен келді. Біз ауыл болып алдынан шығып, ата-баба дәстүрімен басына шәлі салып, бет ашар ырымын жасадық. Бірақ , мені ұрлап , еріксіз әкелді деген сөз болған емес.Енді беті ашылған қызды кері қайтарам десеңдер өздерің біліңдер,– деді ,–Балым әже.
–Әй, шығарыңдар келінді ! Екі жағынан екі келіншек қолтықтап шығарды. Гүлшат :
–Ешкім зорлаған жоқ.Өз еркіммен келдім ,– деді.
–Неге ата-анаңның алдынан өтіп, рұқсатын алмадың ?
–Рұқсат бермейтіндеріңді білдім.. Мен өз сүйгеніме еріп, қашып кеттім.
–Болды.Үйге кіргізіңдер ,–деді Балым әже. Қуғыншылар үн-түнсіз бір біріне қарады да , келген іздерімен кері қайтты. Сол күні ауылда дүркіреген той өтті. Сол Гүлшәт жеңгем маған ерке бала деп ат қойып , көрген сайын іш тартып , үйіне шақырып тұрды. Мектеп бітіріп , оқуға баратын қаражат таппай, ауыл ортасындағы жалғыз жолды шаңдатып, қайда барарымызды, не істерімізді білмей жүрген кез. Сол тұста ауылға жекешелендіру топалаңы тиді. Әкем комбайын жүргізетін. Егін оруда, шөп шабуда алдына жан салмайтын үздік механизатор. Шалқып , шатықта отырған ауылдың төбесіне қара бұлт орнады. Жұмыс жоқ. Баяғыдан бергі кеншардың ортақ мүлкі талан-таражға ұшырады. Әкем комбайнынан айрылып, ауылдың малын бағуға көшті. Тағынан түскен патшадай , комбайнынан түсіп, малшы болғаны оны терең жан күйзелісіне ұшыратты. Ақыры малдың соңында жүріп, қан қысым жоғарлап , қайтыс болды. Бұл мен үшін ауыр соққы еді. Әкеміз сондай мейрімді, балажан адам болатын.Үш ер балам үш бұтағым, үш шаңырағым деп масайрап отыратын. Сөйткен әкеміз біреуміздің де қызығымызды көрмей , жарық дүниені тәрік етіп жүре берді. Жансеріктің сол кездегі туған жер мен елінен айрылып , кәсібінен қол үзгенін азарлаған қанша адамның өмірден ерте кеткенін ойласа , төбе құйқасы шымырлайды. Мына соғыстан қайтыс болғандарды есептегіштер соны неге есептемейді екен?! Егер есептеген болса, туған жер мен ата-баба қонысынан айырылудан шейіт болып кеткендер саны соғыстан қайтпағандардан да көп болар ма еді .Кім білсін.?! Ел мен жерден айрылғандардың қасіретін басынан өткізбегендер түсінбейді ғой… Жансерік ауыл қарияларының жиналып алып, күрсініп, күйінген сөздерін талай естіген.
«Осы тәуелсіздікті кеншар мен ұжымшарды талан-таражға салмай-ақ құруға болмай ма екен?! Бұл да бір елге жасаған қастандық тәрізді. Айрандай ұйып отырған халықты қаңғытып, істеп отырған кәсіптерінен айырған арсыздар кейін, халықтың жиған-тергенімен байып, олигарх атанды. Ел-жұртты жылатып , талайларды туған жерінен айырып, қасыретке ұшырауына ұрындырғандарды жазалайтын күн бола ма?! Құлағанды қайта көтеру қиын. Құлатпау керек еді» деп жүректері қарсы айрылатын.Сол ауыл Жансерікті есейтіп жіберген….
Осы ауылға өларамен бірге келін болып түскен Гүлшат келіншектің күйеуі де беларусь тракторынан айрылып, мал бағып, ертеден кешке дейін түзде жүретін малшыға айналды. Ал көзі жаудыраған сұлу келіншек өзін қоярға жер таппай, үйіне кіріп-шығуымен күн өткізеді. Үй арасы жақын болған соң Жансерік жеңгесіне жие бара-тын… Ол жаны қалмай , барын аузына тосып, кетпеуін сұрап, құрақ ұшады. Ішім пысып өліп кете жаздаймын. Көшейік десек, қалада баратын жеріміз жоқ деп ағаң баспайды.. Өзі де қайда барарын білмей қаңғалақтап жүрген бозбала жеңгесімен алты карта ойнап, күн өткізеді.Жеңгесі шай қайнатып, саусақтары майсып, шай құйып береді. Көзін төңкеріп еркелей қарайды.
–Ерке бала қызың бар ма ?–дейді.
–Жоқ.Қайдағы қыз . Не істерге білмей жүргенміз мынау. Апам қаладағы бір туыстарына кетті. Көшкісі келіп жүр.
–Солай ма, бізден сенің апаң да жақсы екен. Тіршілік жасап жүрген.
–Аға түске келмей ме?
–Жоқ келмейді.
–Ерке бала есіктің ілгішін салып келе қояйын. Қаңғыған иттер кіріп кетер…
–Келші жаныма ,осы сен неге жасықсың ?
–Жасық емеспін жаспын.
–Солай ма?
–Ертең қыздар қарамайды ғой.
–Қармай- ақ қойсын қайтем.
–Қыздар қарау үшін .Сен ер адам не істеу керек тәжірибе жинауың керек.
–Оны қайтем.
–Ойбай—ау тәжірибең болса, қыздар құлап түседі.
–Оны қайдан үйренем.
–Мына мен сияқты жеңгелерден үйрену керек. Ағаң қазір депрессияға түсіп маған қарамайды. ..Ал мен жас әйелмін….Өзің түсінесің ғой..
Жеңгем жаныма келіп мойныма асылды.Ыстық демі күйдіріп барады..
–Жаным… келші ..бір құмарымды қандырайын… Саған да керек..Одан арғысын жеңгем өзі келістірді . Тұла бойымды белгісіз бір сезім билеп , құтырып кеттім . Жастық жалыным дүр етіп , жас әйелді құшағыма құшқанымды ғана білемін. Екеуміз де естанды болып, әрең деп ес жидық . Жалма- жан апұл-ғұпыл киініп, үйден шыға жөнелдім. Бірақ , тұла бойымды балқытқан тәтті сезім , әйел затының ғажайып тартымды қылығы бір сәт есейтіп жіберді. Бір жағынан , енді Айдос ағаның бетіне қалай қараймын деп ұяттан күйіп барам. Сол күннен бастап жеңгем жал-жұлт етіп, күйеуі кезекке кетсе , біздің үйге бір кіріп шығады. Одан кейін мені бір магнит тартқандай, сол үйге жетіп барам. Анам да бір нәрсе сезді ме, көшуді тездетті. Маған салса, ешжаққа кеткім келмейді.
Бір күні анам :
–Әй , Жансерік , сүтке тиген күшіктей, біреудің үйін жағалауды қой. Қалаға барған соң , тез арада үйлен ,–деді. .
Сонымен ақырғы рет сұлу жеңгемнің ыстық құшағынан ләззат алып, қимай қоштасып ,қалаға көштім. Жеңгем көп ұзамай сәбилі болыпты дегенде жүрегім зырқ етті. Ол бала менікі болса ше, деген сұрақтың жауабы тек қана жеңгемде еді.
Қалаға келіп , таксидің рөліне отырғанмен , жүр десең, соңыңнан ілесе жөнелетін қыз-келіншекке көңілі шаппады.Мектеп бітіргелі жүрген балауса қыз Мэриді көргеннен құлап түсіп, менің жұлдызым осы деп ойлады. Баяғы Айдос ағасы сияқты ұрлап алып қашқысы келді. Неге солай етпеді екен? Есесіне, бір батылдау біреу , қызды қағып түсті. Енді ол тары емес талқан емес қайда кетеді?Үш ай болды жерге сіңіп кеткендей. Біреу ұрлап , қызығын көріп үлгерген шығар. Бұл жолы да жеңгесі айтқандай жасықтық танытты. Қызды ұрлап алып кетіп , үйіне бірден апарғанда, ешкім ештеңе жасай алмайтын еді. Ол да мені сүйді ғой. Жігіттің жүрегі уадай ашып, көңілі құлазыды..
–Су ма , шырын ба ?
Жансерік көзін ашып алды.Біртүрлі. Ауылда өскен жабайы жігіт мынадай лайнердің ішінде шет елге курортқа ұшып барады дегенге кім сенеді? Үсті басына қарады. Джинсі, бренд футболка, аяғында қымбат крассовка, түсінде көретін нәрселері. Оны біреу киндіріп, аспанға ұшырып жіберген тәрізді. Анасының таң қалғаны көз алдына келді.
–Қайда барам дейсің ?
–Турцияға апа , дем алуға ?
–Қай ақшаңа барасын?
–Апа мен арендаға СТО алдым. Курортқа жететін ақшам бар.
–Жалғыз барасың ба?
–Жоқ хозяйкамен.
–Ол хозяйкаң кім? Сен баяғы әніңе тағы бастадың ба? Осы саған қыз қарамай ма? Тағы да біреудің әйелі ме?
–Қайдағына айтпа, апа, күйеуге шықпаған.
–Күйеуге шықпаған , бірақ беті ашылған де ?
–Оны қайдан білейін. Тексеріп көрген жоқпын.
–Ой , құдайым –ау, сен ер адам емеспісін , өз тағдырыңа өзің ие болып, өз таңдауыңды жасамаймысың ? Мына інілеріңе көрсеткен үлгің осы ма?
–Апа , мен не істеп жүрмін. Бәрі солар үшін. Өзім оқымасам да, ініліремді оқытқым келеді.
–Сол үшін біреудің құлы болуың керек пе?
–Қайдағы құл.Мен СТО –ның қожайынымын.
–Білмеймін . «Батпан құрық , жолда қалай жатқан құйрық»…– деп түбі шикі болып жүрмесін…
–Жансерік , шырын ісшейші .Не ойлап отырсын?
–Ұшаққа алғаш отыруым .
–Солай ма?
–Курортқа да алғаш бара жатырсын ба?
–Әрине, онда да сіздің арқаңызда.
-Жансерік , мен сенен бір жас үлкен екенмін.Бір жас құрдас, сырлас, мұңдас демей ме?
–Иә, Зарина ,шыныңызды айтыңызшы , мен сізге неге
керек болдым…
–Жігіт қызға осылай сұрақ қоя ма?
–Кешір ..бірақ мен білігім келеді.
–Онда ашығын айтайын. .Жансерік сіз маған ұнайсыз. Ұнатып қалдым.
Мен де бәрі бар. Бірақ жаныма серік , жақсы көретін жарым жоқ. Саған тұрмысқа шыққым келеді. Мендегінің бәрі сенікі.
Үнсіз қалған жігіт.
–Ал, егер мен де сіздегідей сезім болмаса ше?
–Болмаса оятамыз. Мен соншалықты адам шошитындай көріксіз емес шығармын.
–Жоға , сіз сондай тартымдысыз. Әңгіме онда емес…Әңгіме жүректе… дегісі келді де айтпай қалды..
–. Жә… енді жоғалған , мүмкін бұл күндері біреудің әйелі болып отырған қызды жоқтап, өмір бойы қу дізеңді құшақтап өтпейсін ғой… Мен сізге мүмкіндік бердім..Теңізді көргенде, теңіздей сезімге ие боласыз. Зарина өмірде алақандай ауылдан аттап шықпаған жігіттің курорттың қызықтарына есі кетіп, құшағына құлайтынына сенімді еді. .. Ол солай болды да. Шет ел көрмек түгелі аулынан аттап шығып көрмеген жігіт шалқыған теңіз бен, шақырайған күн, үстерінде лыпа жоқ қыз-келіншектерді көргенде, дүниенің рахатын көріп жүрген байлардың өміріне қызыққан. Іштей шіркін сонау шалғайдағы ауыл адамдарына мынадай жұмақты бір көрсетіп алса ғой, деп қиялдаған.. Сосын , туған ауылында адам қалмағанын ойлап , мұңайған.
10 тарау
Дағырадай коттеджі.Ас үйдің дастарханы кешкі асқа жаюлы. Неше түрлі тағам. Ұзын үстелдің бас жағына келіп отырған Зарина жақын жерде орналасқан жеке меншік бала бақшадан үш жасар Асарды алып кетуге кеткен күйеуінің соншама кешккеніне ашулы. Терезеден қарап қойып, мазасызданып жүреген күтуші Жансая қақпадан ұлын жетектеп кірген үй иесін көргенде қуанып:
–О,мырза, келіп қалды ,–деп дауыстап жіберді. «Иә, маған тап болып , мырғамға батқан мырза» Зарина мырс етті. Кейінгі кезде не болса соған ілінісіп қала беретін ерлі-зайыптылар тыныш отырып ас ішсе екен деп тілеген күтуші есікке жүгіріп, күтіп алды.
–Не болды сонша, сідік шаптырым жерге ширек сағат жүріп,–деді Зарина зілденіп.
–Добы көлік жолына шығып, ұстаймын деп көлік астына түсіп кете жаздады.
–Бір полиция апа, мені құтқалып қалды.–деп бала аузын томпитты.
–Қайдағы полиция?!
–Мэри полиция екен. Ол болмағанда үлгермейтін едім…
–Қайдағы Мэри, не сандырақтап тұрсын?!
–Менің жоғалған қалыңдығым полицияда жасайды екен.
-Ол қалыңдығың емес , қызың болатын. Соған қараймын деп , есіңнен танып ,баланы ұмытып кеткенсің ғой..
–Доп домалап кетті дедім ғой.Оны сосын көрдік…
–Демек, жоғалтқаныңды
тауыпсын ғой.
–Осы кезге дейін қайда болған? Күйеуге тиіп кеткен шығар..
–Сұрамадым.
–Сұрауың керек еді.
–Ендігіде сұраймын.–Жансерік қадала қалған әйеліне ерегісе сөйледі.
–Қалай сұрамақшысың ? Қызмет орнына іздеп барамысың?
–Барсам барамын, Не болғанын білуім керек.Баламды құтқарғаны үшін алғыс айтамын.
–Одан саған келіп кетер пайда бар ма?
–Сен тек пайда жағын ойлап үйренгенсін. Сонша жыл хабарсыз кеткен қызыммен кездесіп, не болғанын сұрасам , айып па?.
–Әрине , айып емес,бірақ от басың бар адамсың , басың ауған жаққа жүре бермейтін шығарсын…Ал ол сені ұмытпаған болса ше…Соңынан еріп жүре беремісің?
–Мэри ондай ақылсыз қыз емес.
–Ақылды болса, айдың күні аманында зым-зия жоғалып, елдің бәрін әуре-сарсаңға салып қоя ма?
–Оның себебі болуы керек..
–Біл..біл..арманда қалма! Асар ,сыночек жүр ұйықтатайын. Тартыншақтап ергісі келмеген баланы итермелеп, жатын бөлмеге беттеді. Іштей» «Қайдан ғана кездесті екен қаншық. Онсыз да кейнігі кезде тіл табыса алмай ит пен мысықтай болып жүргенде, басымызға бәле болмаса еді..Өзінің «детектив жалдадым» деп ойдан шығарған құйтырқыларын біліп қалса ше?! …Жетпегені осы еді » деп күйінді. Баласын ұйықтатып, холлға шыққанда ,теледидар қараған боп ,бір орнынан тапжылмай отырған күйеуіне:
–Енді немене оған алғыс айтуымыз керек пе ?– деді.
–Артық болмас еді.
–Сенің жуықта уақытың болмайды. Ертең Ресейге жүресін. Әкемнің басын қарайтуға керекті құрылыс материалдарына тапсырыс беріп қойғанмын. Соны алып келесін. Мен ол қызға өзім соғып, алғыс айтамын.Мүмкін қымбат сыйлық алып беруім керек шығар.
–Алмайды ,–деді Жансерік орнынан тұрып жатып.
–Немене, байып кетіп пе?
–Байысын , байымасын алмайды.
–« Періште алтын көрсе, жолдан таяды » деген бар.
–Әуре болма.Ол ақшаға да, сыйлыққа да қызықпайды.
–Періштенің періштесі ме? Онда сынап көрелік.
–Өзің біл.Мен дем аламын.
Күйеуінің жатын бөлмеге беттемей, қонақ бөлмеге қарай бара жатқанына іші мұздай болған келіншек не болса да, ол қызбен кездесіп, отбасын сақтап қалу қамын жасау керек деп түйді.Ол көнбесе ше?! Жалаяң аяқ немеге өңі-түгел түсінде көрмеген ақша ұсынам. Осы уақытқа дейін ондай ақшадан бас тартқан ақыл- ойы кемісті көрген емеспін.Сонымен отбасымнан аулақ жүр деп емеурін білдіремін. Зарина аяқ астынан тап болған проблемадан қалай құтыларын білмей, түн бойы ұйықтай алмады.Оның есіне күйеуінің анасымен де ортақ тіл табыса алмай жүргені түсті.
Көңіл деген құбылмалы құрғыр ғой. Бірде көл., бірде шөл.Шынайы сезімге құрылмаған көңіл де секемшіл, не болса соған селдіреп, сөгіліп кететін көктеуі әлсіз мата тәрізді.Сәл тартып қалсаң, қақ бөлінгелі тұр. Жансерікке жасаған жақсылығын да бұлдамас еді, болашағы бұлыңғыр болмаса.
***
Зарина күйеуінің мінезінен бір өзгерісті байқап, алаңдаулы. Әуел баста, өзіне деген ыстық сезімі оянбаса да, барлықпен басын айналдырып , басыбайлы етіп тынған бизнес леди енді шынымен мазасыздана бастады. Қазір оны бизнес те қызықтырмайтын тәрізді. Қайда баратынын, қайда жүретінін айтпай, томаға тұйық күйге түскен. Бар байлығын жолына тіккен күйеуі өзін жары жолда жалғыз тастап кетсе ше?Оның үстіне ол ғашық болып тиген. Сүйгендігі сондай, ешнәрседен қолын қақпай, бизнесінің де еркіне беріп қойған.Бір жағынан жан-жағына алаңдамай, молшылықтың рахатын көрсін, өткен-кеткенін ұмытсын деген.Сонысына өзі сенген.Жақын күннен бері күйеуі жат бола бастады. Өзі осында болғанмен , ойы басқа жақта ..
Бизнесмен келіншек детективін шақырып алып, екеуі оңаша сөйлесті.
–Ізіне түсіп, бар көрген білгеніңді хабарлап тұрасын.Қайда барды, кіммен кездесті бәрін бақылайсың .Сол күннен бастап, Жансеріктің қара джипінің соңына ақ түсті Ниссан түсті.
Ол күнде таң ертеңнен бастап, ішкі істер департаментінің есігін аңдып, сол маңайдан шықпайды.Мақсаты– Мэриді бр көру..Бұл хабарды естіген супермаркеттің қожайыны қаз ашуын тырнадан аладының кебін келтіріп, қарамағындағы жұмысшылар мен кассирлердің , менеджерлердің қаққанда қанын , соққанда сөлін шығарып, баршасын тас қаяқтай қағыстырды. Бүкіл супермаркеттің ішін көшіріп , азық -түліктің орнын ауыстыртты. Оған қарсы келетін пәрмен қайда. Аз да болса , күн көрісін айырып, отбасын асырып отырғандар долы қатынның алдында құрдай жорғалады. Қазір еңбек адамының құны құлдан бетер, еш жерге барып, шындықты айтып шағына алмайды. Дыбысын шығарса , майлы жерінен бір теуіп қаңғытады. Сосын жұмыс тауып көр.Мойнында несиесі барлар қожайынның көзіне түсуге қорқады. Несие төлей алмаса ,баспанасынан айрылып, көшеде қаңғып қалмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Мұндағылардың ешбір қақаң соқаңмен, саясатпен ісі жоқ. Бәрінікі тек қана күн көріс қамы.Супермаркет иесінің көзін ала беріп кассирлер :
– Байымен ұрысып қалған ғой,–деп күбірледі.
– Ол байғұстың бұл шұбар жыланға шыдап жүргенін айт.
– Обай, үндеме құрсын. Ол бізге мәтіби.Күйеуіне лә дей алмайды. Өзінен жас және көрікті , айрылып қалам деп қорқады. Дәу де болса, күйеудің бір күнәсін сезіп қалып, секіріп жүрген болар.
– Қойшы, ол да басына қонған бақты бағалай алмай жүрген біреу ғой…Мынаның ақшасын шашып, құтырып жүр те. Біздікілер құсап вахтада азып -тозып жүрсе ,көрер едім, құтырғанын.
– Құрсын қойыңдар, осылай қарай келе жатыр. Бәледен Машайық қашыпты деген..
Зарина өзінің сыртынан айтылатын сыпсыңдарды біледі. Мынау сумақайлардың бірі болмаса, бірі күні үшін жағымпазданып, кімнің не айтып жатқанын жеткізіп кетеді.,Кімнің аузына қақпақ болады. Ал, жағдай бұдан әрі асқынып, күйеу бұлаңдасаа, ол да қарап қалмас.. екеуінің бірінің мойнын бұрап жұлып алары сөзсіз . Сонда көрер кімді мазақ қылып жүргендерін..Қазір ақшаға сатылмайтын кім бар?Ақшаның құдыреті жетпейтін не бар?!
«Екеуі кездесті » деді бір күні детектив. Жігіт жолып тосып, тоқтатты. Қыз қайрылып қарағысы , сөйлескісі келмеді. Анау болмады. Бір ауладағы орындыққа отырып, ұзақ сөйлесті.Өкінішке орай, не айтқандарын ести алмадым .
–Неге амалын тауып, тың тыңдамадыңыз! Мен сізге сонша ақшаны не үшін төлеймін?!.–Заринаның жүзі күреңітіп, жанары ызғар шашты.
–Қанша отырды?
–Шамамен жарты сағат. Жігіт жібергісі келмеп еді. Қыз сағатына қарай берді. Асығып отырған болу керек.
–Енді не болады?– детектив иығын көтерді.
–Сен ол қыз кім? Кім болып жасайды .Қайда тұрады.Қай жолмен жүреді бәрін біл.
–Сосын не істейтінімізді шешерміз.
***
Жолын тосып тұрған Заринаға селсоқ қараған тергеуші қыз көлігі жүз мың доллор , киімі бірнеше мың доллар бизнесмен-ледидің сөзін немқұрайлы тыңдады.
– Сізді мен танымаймын. Жәбірленуші болсаңыз, департаментке кіріп, ресми түрде шағым қалдырыңыз,– деді қатқыл үнмен.
– Иә, мені танымайсыз. Менің күйеуім Жансерікті жақсы танисыз.
– Ол менің бұрынғы жігітім.– Қыздың ашаң жүзіне лып етіп қан жүгірді.
– Ол менің заңды күйеуім.
– Неге келдіңіз?
– Күйеуімнен аулақ жүріңіз, ескертейін деп келдім.
– Бекер келгенсіз ,сау болыңыз.
Мэриді көргенде , Зарина өзіне-өзі көңілі көншімей, қызғаныштан кеудесі қыз-қыз қайнады.Әсіресе сол қыздың кісіге қарағанда, көңіл күйіне қарай құбылып ,біресе аспан көк, біресе қоңыр бархыт түстес түрленетін ұялы жанары ғажайып құбылыс. Қою кірпігін қаққан сайын жастық жалын ұшқынымен қатар «сен кімсің ?» деген секемшілдік еседі. Бұрын сыртынан ғана есітіп, «шөп желке қыз»деп мән бермейтін бизнесмен бұл қыздың бойында бір тартылыс бар екенін амалсыз мойындады. Кейбір адамның бойына біткен ерекшеліктері, еліктіргіш қасиеттері, ешбір байлыққа айырбасталмайтын құпия құндылық екеніне көзі жеткендей, бойын мазасыздық биледі.
Тергеуші қыздың мінсіз келбеті әр сөзін көмейінен талмап-талғап шығарып, мағынасын миға тақ еткізетін ықтияттылығы кәсіби шеберлігі екенін аңғартты. Бұған дейін талай заңның кілтін ұстағандардың тамырын басып, теке -тіресте айла- шарғысын асыратын тіс қаққан келіншек бұл жолы шынымен тұйыққа тірелді.
Аузын айға балап жүрген қалталы ханымды «осындай қыздың махаббатына айналған күйеуімді дұрыс бағалай алмай жүрмін бе?» деген ой мазалап, жанын жәй тапқызбай, көңілін күпті етті.
Мұндайларды байлық та, мансап та қызықтырмайды. Олар өмірге деген ұстанымдарын ұсынақты ұстадай ұқыптылықпен соғып алып, сол сүрлеуден шықпай, адаспай, алға қарай адымдай береді. Бір қызығы , ондайлар бақытты. Тіпті бақытты болмаса да, өздерін солай ұстайтын ерік-жігері мықтылар.
***
Сынған шөлмекті қайта құрастыруға келмейтіні сияқты , ерлі-зайыптылардың бір-біріне суыған көңілдерін жылытып, жырылғанды жымдастыру, дым болмағандай бұрынғыша өмір сүру әсте мүмкін емес екен. Жансерік Мэриді көрген күннен бастап, әйеліне деген шөкімдей сезімі болса, соның ұштығын қалдырмай, бірден ұшырып жіберген құйын құбылыстың құшағында. Қазір ол жақындаса , сөйлесе ,тұла бойы тітіркеніп, тезірек кетуге асығады. Оны Зарина да сезді. Сезген соң, шешінген судан тайынбастың күйін кешіп, «жоқ, мен ана шөп желкеге тағы барам, қажет болса , бар байлығымды берем.Тек тыныштығымызды бұзбай, отбасымды жөніне қалдырса екен, өйтпейді екен онымен басқаша сөйлесемін» деп түйіледі.
Департаменттің кіре берісіндегі кезекшіге Мэри деген тергеушіге алығыс айтуға келдім деп , құжаттарын көрсеткен соң , жол сілтеушімен екінші қатарға көтеріліп, 234 бөлменің есігін қақты.
–Тағы сіз бе? Айта беріңіз, арызыңыз бар ма?
–Мен Сізге алғысымды білдіруге келдім.
–Не үшін?
–Баламызды жол көлік оқиғасынан аман алып қалғаныңыз үшін.
Қыздың өңі қызарып , жалт қарады.
–Соншалықты мазаланатындай ешнәрсе болған жоқ.Баланың добы жолға домалап кетті.
–Әкесі сізге қарап қалған ғой.
–Ол уақытта мені байқамаған.
–Мен сізге алғысымды білдіріп, қымбат жүзік әкелдім. Әйел қол сөмкесінен қорап алды.
–Кабинетке бейне бақылау орнатылған. Мені де, өзіңізді де қылмыскер еткіңіз келмес, тез алыңыз ,–деді тергеуші қатқыл үнмен. Әйтпесе, патруль шақырамын.
–Мені тыңдаңыз ,–деді Зарина ,–дауысы дірілдеп ,–Мен оны сүйемін. Бізді жәйімізге қалдырыңыз. Қалауыңызды алыңыз.Қанша сұрайсыз? Қысылмай ата беріңіз.Сұрағаныңызды аласыз. Ол Сізді көргелі бұзылды.
–Күйеуіңізді саудаға салып тұрмысыз? Сезімнің сатылмайтынын білмейтін бе едіңіз? Егер ол сізді сүймесе ,қалай ұстайсыз?
–Менен қалауыңды ал! Тек оған тиіспе.
–Қызықсыз, сүймеген адаммен қалай тұрмақсысыз?
–Егер сен бас тартсаң, ол ешқайда кетпейді.
–Ал , мен де сүйсем ше?
–Не сұрайсың?
–Ешнәрсе.
–Енді не істейміз?
–Білмеймін.
–Мен білемін. Өмір сүргің келсе, Жансеріктен бас тартасың!
–Мені қорқытып тұрмысыз?
–Басқа амалым жоқ.
Мэри тетікті басты.
–Мына кісіні шығарып салыңыз,–деп бұйырды.
Алтыншы бөлім
11 тарау
Сөнбейтін сезім
Жеті қат көк үстінде, жеті қат жер астында жүрсең де, менің ғана құлақ кесті құлым боласын дейтін махаббат осы ма?
Мэри өткен күндерін көп ойлайды. Жаңа мөлтек ауданнан алған жайлы үй.Су жаңа көлік.Сырт қарағанда осы күнгі төрт жағы төрт құбыла ерке шолжаң бойжеткендердің бірі. Біреумен біреудің ісі жоқ заманда ауласындағылардың дені солай ойлайтын болуы керек.Ал ол болса ,соның бәрі көңілін селт еткізбейтін, үйреншікті тіршіліктің ағысымен тырбынып жүрген екі аяқты пенде. Ол мектепте жүргенде, әдебиеттен сабақ беретін мұғалімінің айтатын төрт ауызын жие есіне алады : –өзі сары , көзі көк– адамзаттың сұңқары, өзі қара, көзі көк –адамзаттың сұмпайы ,–біздің мына қыздың өзі сары , көзі көк, болашағы зор болады дейтін. Қайда сол болашағы… Сол сұңқар болатын қыз бір лабирентке түсіп кетіп , шығатын жол таба алмай жүрген жолаушыдай , тырбынып жүр , тырбынып жүр. Жақыннан бері осыған дейін бір сарынды сырығып жатқан күндерінің астан-кестені шықты. Өзі ұмыттым , ұмтылды деп жүрген, жүрегіне жазылмастай жара салған алғашқы махаббаты алдынан шыға келгенде, не істерін , не ойларын білмей депрессияға ұшырады. Оның балауса күнінде күйдіріп-жандырып , күйікті етіп кеткен бейнесі қайта жаңғырып, өше бастаған сезімін үрлеп, қоламтасын қопсытып жіберді.. Қыз әп-сәтте есалаң боп қалды. О, жасаған , тіптен де ұмытпаған екен..
Соңғы кезде анасы Рүстемді аузынан тастамайды. «мұндай жігітке тұрмысқа шыққан қыздың арманы жоқ…бай десең бай, жәй десең жәй…» Қызының қызыл көрген түлкідей, тағы да бұзылып жүргенін қайдан білсін. Оның әйелі бар.Баласы бар.Бірақ сол баяғы тартылыс заңы.Оның бар болмысы ерекше. Жүріс- тұрысы ханзаданың мүсініндей. Киім- киісі сән моделін еске түсіреді. Бұрынғыдан да тартымды , бұрынғыдан да сүйкімді. Шіркін , сол баяғы алғашқы кездескен күндеріндей , таксиге отырып, түнгі қаланы бір аралап шығар ма еді…Сол күндерді сағынып, сорлы жүрек сыздайды кеп..Мэри қанша тырыштанса да ,басқалармен сондай бақытты болып көрген емес. Болғысы-ақ келеді. Бола алмайды. Ешкімге оған еркелегендей еркелей алмайды. Ешкім де оны тап сондай еркелете алмайды. Соншама жас жүрегін улап, болашағын ұрлап кеткен жігітті жек көрейін десе де, жек көре алмайды. Еркінен тыс ынтазарлық оған байлап-матап тастағандай, өзінен-өзі қорғансыз. Жарық дүниеде жалғыз еркек кіндік сол тәрізді. Бұл сонда не? Еркін алған ессіз махаббат па? Баяғыда онымен кездесіп жүргенде, анасы «сен қыздың басыңды дуалап алған» деп ұрысатын. Шынында да, дуалап алған болса ше?! Ту… не ойлап кеттім.. Алайда, жатса-тұрса есінен шығар алмайтын ,тұла бойын жәйлап алған бұл не күш. Үш жыл деген аз уақыт па? Әйтсе де осы жылдары оны бір минөтте ұмыта аламапты. Жас болып жанасықысы келгендерден, оған ұқсастық таппаған соң бойын аулақ салыпты. Сөйтіп, әне-міне дегенше, кәрі қыздың қатарына да ілігіп қапты. Онымен кездейсоқ кездесіп қалғанда, оны әлі де сүйетінін, ол жер басып жүргенде, ешкімді сүйе алмайтынын ақи-тақи мойындады. Ал, екеуміз бірге болайық деп ишара жасаса, ойланбай соңына еріп жүре беретініне де күмәні қалмады. Соны түсінді. Түсінді де өзінен –өзі түңілді. Өзін- өзі тыңдамайтын, сезіміне бас білдіре алмайтын мұндай есуас та болады екен-ау.
Қызды кейінгі кезде бір нәрсе мазалап, құбылып жүргенін Мәдина да сезетін тәрізді. Оның көзінде «қалауыңды кездестірдің бе?»деген сауал тұрады.Иә , кездестірді. Бірақ айтуға аузы, жеткізуге жүрегі шыдамайды.Иә, тағдыр адастырған алғашқысын кездестірді. Екеуі бір-біріне жат болып кеттік деп ойлаған. Әйтсе де ,бұл дүниеде бір-біріне олардан жақын адам жоқ сияқты.Бұл қыз болып қылтың еткенде, күн сүймеген, жел тимеген жүзін алғаш рет аймалаған, ернінен емірене сүйіп, ет жүрегін елжіреткен еркек кіндік сол ғана. Оны көргенде тұла бойы бір ысып, бір суынып, өзіне-өзі келе алмай қалды.Тап сол сәтте әккі жігіт балуса қызға не істеймін десе де еркі еді, бірақ он екі де бір гүлі ашылмаған қызды аяды ма екен алысқа бармаған.Әлде түбінде мендіксін деп ләзатты түнін кейінге қалдырды ма, ол жағы да белгісіз..Әйтуір екеуі талай түнді бірге өткізіп, махаббатың буына мас болып, құлақтары естімей, көздері көрмей қалғанда, жігіт бүлдірмеді. Қыз оның сонысына таң қалған. Сүймейтін болар деп іштей кіп алып та қалатын. Сол өзі алқұлым деген жігіт бойжеткен болып бой түзегенде , кіммен кездессе де екі ортаға сына боп соғылатын. Бүйте берсем, қу тіземді құшақтап, жалғыз қалармын деп қамығатын. Сонда не істемек? Тұлыпқа мөңіреп, тұл болып өте ме?!
Рүстем бе? Ол жақсы жігіт. Бірақ оны көруге асықпайды. Сағынбайды.Тіпті звондамаса екен деп қашқақтап жүреді. Сонда ол махаббат бола ма? Кездесуге шақырса , барғысы келмейді. Кездесе қалса, әр минут жылдай көрініп, кетуге асығады. Жансерік шақырғанда, ұшып жерге, ұшып көкке түсуші еді. Ал кездескенше , уақыт өтіп болмай, сағат тілі тоқтап қалғандай көрінетін. Мойынан асылып, сол бойы буын -буын босап, боза ішкендей, сезіміне мас болып отырар еді…Егер сол сәттер қайта оралса, одан бақытты жан болмас еді-ау…Сонда бұл не , өлмейтін, өшпейтін сезім бе? Олай болса, өлердегі сөзін айтып, бәрін қайта бастайық деп жалынған Жансерікке бір мүмкіндік бере ме? Ойы онға , санасы санға бөлінген тергеуші қыз соңғы кезде көлігінің ішінде сағаттап отырып алатын болды.
***
Көктайғақ. Қаңтарда жаңбыр жауды.Аяқ киімін алмастырып, көлігіне әрең жеткен Мэри департаменттен шығып, мұздың үстімен тайғанақтап , екі қолдарын екі жақа жайып, қаз-қаздаған әріптестеріне қарап отырды. Неге сонша қорқады?! Біреуі шатқаяқтап , артында келе жатқаны оны қолтығынан сүйемекші боп ұмтылып , екеуі де оңбай құлады..
Өмір де сондай деп ойлады тергеуші қыз. Қаншама адам тура жолдан тайып , шым-шытырық оқиғаға ілініп, шақшадай басы шырғадай болып жүр. Соның көбісінен өзі жауап алуда. Тіпті кейбірінің ақ- қарасын аша алмай, заңмен заңсыздықтың шек арасын болжай алмай , дал болып шатаяқтайтын кездері жие.. Әсіресе, кеше ғана бүкіл елді дүрліктірген қаңтар оқиғасы тергеушілерді ми палауға батырып, миларын шырдай етіп жіберді. Мэри реті келсе, ол істерді алмауға тырысады.Тәжірибем аз деп тайқақтайды. Сол күні облыс әкімшілігінің ғимаратына баса көктеп кіргендердің арасында мектепте инспектор болып жүргенде, есепте тұрған бір оқушысының аты-жөнін көріп, ақтап алуға жанын салған. Бірақ қайда… ол күнге тырнақтай қатысы барлардың ісімен аса маңызды істі тергейтін аузымен құс тістеген тергеушілер айналысады.Маңына жолатпайды. Ал ана бала қосақ арасында бос кетіп, бірнеше жылды арқалап кететін түрі бар.. Мүлік бүлдіргендердің жазасын адам өлтіргендердің жазасымен бірдей етіп жібергендері, әрине, қисынға келмейтін қисықтық,заңды бұрмалаушылық. Қазақ «мал ашуы-жан ашуы» демей ме, демек , бүлдіргендері болса, оны жөндетсін, құнын төлетсін, бірақ ол жан ашуы емес қой, ол үшін ұзақ жылға бас бостандығынан айыру сорақылық . Тергеу ісіне араласқанына көп болмаған қыздың көзімен көріп, көңіліне түйгені жетерлік. Бір білетіні, әділетті қоғам құру үшін ,әділетті жаза қолдана білу керек.Қоғамда ең қымбатты адам өмірі десек, оларға істеген ісіне қарай лайықты жаза қолдану, қоғамның да, заңның да беделін бекем ететін , абыройын арттыратыны ақиқат. Мэри білікті тергеуші дәрежесіне жету жолында ізденіп, еңбектеніп, тәжірибелі әріптестерінен үйреніп-ақ келеді. Алайда , заңды қолдану мен қылмысты ашуда анау мұз үстіндегі шатқаяқтағандардай , тайғанауы, құлауы, жығылып тұруы жетерлік. Тергеу ісінің сондай құбылыстары мен бұрылыстары, сансыз соқпақтары санаға сіңіңкіремей, шешуін таптырмай сабылтады.
Заң –ол шындықтың шынайы өлшемі. Тергеуші – сол шынының жүзіндегі шындықты дәлелдеп шығушы. Оған біліктілігі, жүректілігі жетіспейтін тергеуші — тергеуші емес. Соңғы кезде Мэри жүргізген бірнеше істің тұжырымдамасы мақтауға ілікті. Бірақ , өзіні көңілі толған емес…
Мәдине көрінді.
Ол да әрең келеді. Етігінің тақасы биік.
–Мәдине Мағзұмқызы, маған отырыңыз.Көлігіңізге жеткізіп тастайын.
–Ой, сұмдық-ай,тіпті жүру мүмкін емес қой.
–Ал сен кімді күтіп тұрсын?
–Сізді күтіп тұрмын.
–Неге ?
–Бүгін бір бизнес леди келіп маған қоқан-лоқы жасады.
–Жәй ма? Іс бойынша ма?
–Жоқ. Ол менің бұрынғы жігітімнің жұбайы.
–Мм..мм…
–Қасыңа отырайын, есігіңді аш.
–Иә,алайда, мен сізге ұзақ әңгіме айтсам, осы арда тұру ыңғайсыз болар.
–Жүр, онда бір кафеге баралық. Бүгін менің де маңызды кездесуім бар. Оған дейін екі сағат уақыт қалды.
–Оо…ол көп уақыт қой…Мен сізді сонша ұстамаймын.
–Жауап аласыз ба?
–Иә, жүрегімнен жауап алам.
–Мен де сізге сол жүрегімнен жауап алудың нәтижесін айтқым келіп еді..
–Сезіп жүрмін, сені бір нәрсе мазалап жүр.
–Мен мектеп бітірген кеште бір жігітке ғашық болдым, Мәдина тәте, сізбен ресми түрде емес, өзімді қамқорлаған бауырым ретінде сөйлесейін. Шынында , сіз болмасаңыз, мен қалай өмір сүруді білмей, ескексіз қайықтай көл бетінде қалықтап тұрған болар едім.. Анам өзі оқымаған соң , бар білгені оқы, оқы деп қайыршылықпен күн көріп отырып, мені оқытуды ойлады. Ал мен ,болсам,сол киерге киім, ішерге тамақ таппаған өмірден қалайда сытылып шығудың қамын жасадым. Сол сәтте жүрегіме өзім күтпеген бір жарық сәуле құйылды. Айналам сәулеленіп, өмір өзгеріп сала берді.Өзімнің бойжеткенімді біреуді сүйе алатынымды, біреу мені де сүйе алатындығын сезіндім.Бір сарынды көңілсіз тірліктен, жастық дәуреннің жарқ-жұрық еткен тірлігін көргендей, қапастан жарыққа ұмтылдым. Жоқшылықтан жұтаң болып жүрген көңілім көкке ұшты. Тағы бір сондай сыншыл да, міншіл ортаға аттап басқым келмеді. Сол тұмақтан мені құтқаратын өзім құлай сүйген Жансерік болып көрінді. Анамды қанша ойласам да, оның алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезіне төтеп бер алмайтынымды да түсіндім.
–О жағынан анаңа ұқсағансын ғой..
–Иә ,ол өз тағдырына өзі ие бола алмай, өзін құрбандыққа салған бақытсыз әйел..Өкінішке орай, сол бақытсыздығына мені де итермеледі. Соның ешбір ақталуға тұрмайтын әрекетінен сүйгенімнен көз жаздым.Жақында сол жігітті кездестірдім.
–Оһ , шын ба ,–деді Мәдина Мэридің қолын ұстап.–Сен бақытты болуға лайықсың.Сен оны әлі де сүйесін.Мен соны сеземін.
– Иә,ол сіз мені тұтқыннан құтқарып жүргенде, бизнесмен ледиге үйленді.–Кездескеннен кездеспегеніміз жақсы еді. Біз бір-бірімізді көргеннен баяғы махаббат шоғының сөнбегенін, әлі де бір-бірімізді сүйетінімізді сездік. Ең қиыны, өзіңіз білесіз, Рүстеммен танысып, бір-бірімізді түсініскендей болып жүргенде,сол сезімімнің быт-шыты шықты. Екеуі көз алдыма алма-кезек келгенде, Жансерікке еріп кете берем.Өзіме өзім тыйым салам. Бәрібір жатсам, тұрсам, «сенің жүрегіңнің иесі сол»деген сезім жанымды қинайды.
– Иә,Мэри ,бұл сезім маған таныс. Мен Аңсарды алғаш кездестіргенде, сондай күйде болғанмын.Ол жәбірленуші мен тергеуші . Мен оған ессіз ғашық болдым. Тіпті оның өзімді өліп-өшіп сүймейтінін білсем де, жүрегіме билігім жүрмеді. Сөйтіп оған қосылып, әйел бақытының ләззатын таттым. Қысқа болса да, қисапсыз сезімге бөлендім.
– Ол қайда?
– Қайтыс болды. Ол өзінің жан-тәнімен сүйген алғашқы жарын кездестіргенде, шыдай алмады. Жүрегі сыр берді.
– Ал, сіз ше ?
– Мен бе, қос ұлды өсіріп отырмын.
– Оны әлі де сүйесіз бе?
– Әрине , сүйемін. Бірақ тіршіліктің өз заңы бар, өмір тоқтап қалмайды. Таяуда ескі танысыммен кездестім. Мектеп те жүргенде дос болғанбыз..Бүгін кездесуге барам.
– Ал, мен ше , мен не істеймін.? Ақыл қосыңызшы?
– Жүрегіңді тыңдайсын.Жүрегің кімді қаласа, сонымен өмір сүруге тиіссін..Бір жағынан сен сондай кірпияз қызсын.
– Ал кеттім..
– Сәттілік сізге,
– Саған да сәттілік.Көп ойлан ба, сүйгенің қолын созып тұрса, кейін қайыр ма! Ондай бақыт әр әйелдің басына қона бермейді.
– Ал мен ескі танысыммен дос болып қалуға тырысамын.Себебі, оны сүймеймін.
12 тарау
Күндізгі суық жел басылып, кешке қарай аяз күшейді. Мәдина Мэримен сөйлескеннен кейін, Рүстем туралы ойланып, толқып қалды.Жігітті сырттай ұнататын, бірақ Мэриден қысылатын.Араларына түспейін деп қашқақтайтын. Ал Мэридің сүйгені барлығын білгенде, үміт оты қайта оянды. Жалғыздық бір құдайға жарасқан дегендей күйеуінің қайтыс болғанына да үш жыл өтті.Қанша күйіп –жанып сүйдім дегенмен, өлгеннің оралмайтынын , орнына қайта қоя алмайтынын түсінді.Бұл күнде ауыр жүгін жеңілдеткен анасының барлығына Алласына мың сан алғыс айтып қояды. Әйтпесе, тергеудің беймаза жұмысымен, қызметті де қарақ қылып жасай алмас еді.Балаларына қарайтын адам барлығына сеніп, алаңсыз жүреді. Жігіттерге де рахмет. Үнемі жеңіл жаққа итермелейді.Кафенің жанында көлік аз екен. Адам-қара аз болса жақсы болар еді деп тілеп келе жатқанда, Асан есік алдында күтіп тұрды. Мәдинаны көргенде, күліп:
–Сізден , өлердей ұялатын едім.Бір сөз айтуға жүрегім дауаламайтын. Сол жасықтығым үшін кейін талай рет-өзімді өзім жерледім..
–Мен де , осы бала ешуақытта қызға сөз салып, үйленбейтін шығар деп ойлаушы едім. Үйленбек түгелі екі балалы болып үлгеріпсін.
–Шынында , үйленбейтін едім, маркұм зайбым Мақпал пысық адам болатын, мені өзіне үйлендірді.
–Қалай қайтыс болды?
– Ой қайдағы вирус деп мойын ұсынбайтын. Сақтанбады ғой деймін. Базарда бутигі бар еді. Сосын өзінің қызуы көтеріліп , әбден деміккенше жатпады. Ақыры салқын тиген,ем-дом жасасам жазылам деп, үйде жатып алды. Сондай бірбеткей , қасарыспа мінезі бар еді. Демалысы ауырлаған уақытта , жедел жәрдем шақырдым.. Аурухананың жан сақтау бөлмесінде бір-ақ түнеді. Екінші күні қайтыс болды.
–Қиын болған екен. Енді балаларыңызға кім қарайды?
–Мақпал біреудің маңдайға басқан жалғыз қызы. Ата-енем жер сипап қалды. Сол кісілерді аяп, балаларымды тәрбиесіне бердім. Өзім де, жұмыстамын.. Олар кәрі емес. Елудің ішінде. Қазір екеуі де жасарып, құлшынып кетті. Немерелерін неше түрлі үйірмелерге апарады, мектепке тасиды. Жеті сайын барып тұрам. Мен барғанда, кәдімгідей үргедектеніп қорқып қалады. Балаларды алып кетеді деп ойлай ма деймін ?Тіпті енем үйленудің жайын айтып, құлақ қағыс ете бастады. Өлегеннің артынан өлмек жоқ. Ер адамға жалғыз өмір сүру оңай емес деп, мазамды алады.. Бір ағайындарының үйде отырып қалған қызымен де таныстырмақшы болды. Мен ыңғай бермедім.
Менің жағдайым осы ал сен ше дегендей Мәдинаға қарады.
–Мен оқуды Ресейде бітірдім ғой. Ол жақта да қазақ жігіттері болғанмен , көңілім құлап, жүрегімді жібіткені кездеспеген соң, елге оралдым. Бірден департаментке тергеуші-машықтанушы болып қабылдандым.Бұл мен үшін күтпеген жағдай еді. Барымды салып, күндіз –түні еңбек еттім. Жігіт түгелі ұйқыны қандырып, адам сияқты дем алу дегенді ұмыттық. Осылай қылмыспен алысып жүргенде, уақыт өз дегенін істеп, кәрі қыздардың қатарына қосылып жүре бердім. Жігіттер жас қыздарға қарайды. .Кәдімгі көк етікті қарамайтын, көне етікті алмайтын жасқа келіп қалғанымды бір-ақ байқадым. Амал не, уақытты кері қайтаруға біздің дәрменіміз жетпейді. Солай жалғыздықтың зарын тартып жүргенімде , келіншегін жоғалтқан бір журналист жігіттің ісін жүргіздім. Ол қалыңдығын, дұрысырақ айтқанда, жаңа үйленген келіншегін керемет сүйеді екен. Үйінде қалдырып, өзі іс сапарға кеткенде , әйелін біреу ұрлаған. Ол –журналист. Мен-тергеуші. Екеуміз тергеуді бірге жүргіздік. Келіншек жеті қат жер астына түсіп, аспанға ұшып кеткендей, ұшты-гүйлі табылмады..Ақыры күдерімізді үздік. Ал мен болсам, сол журналист жігітке өлердей ғашық болдым. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалдым десем болады. Телефон шалса екен, тағы да жүздессек екен деп күн санап уақыт өткіземін.Ол жігіттің де менен басқа сырласары болмады ма , екеуміз жиі кездесіп, ананы-мынаны айтып , айрылысқымыз келмей тұратын күйге жеттік. .Ақыры бір күні Аңсар маған сөз салды. Мен оның , жалғыздық жанына батқан соң , өзін жұбатып , қайғысын жеңілдетуге серік іздеп тұрғанын сезсем де, өз жүрегімнің әміріне бағынып, бәріне қайыл болдым. Қолға қонған бақытымнан айрылмайын деп шештім. Екеуміз төрт жыл тұрдық. Екі балалы болдық. Бір күні көшеде кездескен, немесе ізін аңдып жүрді ме, кім білісін, мұсылман киімін киген бір келіншек қолына дәптер ұстатып кетеді. Ол Аңсардың бұдан үш жыл бұрын жоғалған келіншегі Шынар екен. Шынардың тірі екенін естіген Аңсар бірден дел-құла болып кетті. Соншалықты сүйген жанына опасыздық жасағаны жанына батты ма,бірден құлады. Бұрында да қан қысымы көтерілетін .Тосын хабарға жүрегі шыдамай, миына қан құйылыпты. Бірнеше күн жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан Аңсар есін жимай, о дүниелік болып кете берді. Біз Шынар екеуміз қайғыдан қан жұтып, қаралы жесір боп қала бердік.
–Иә, сіздің де жағдайыңыз қиын екен.Енді ана келіншектің тағдыры не болды?
–Түрлі ғажап оқиғалар болады ғой. Ол келіншекті вахабистер ұрлап шет елге алып бара жатқанда , автобус аударылып , келіншек пен бір сәби бала ғана аман қалады. Сол кезде Шынардың аяғы ауыр екен.Иранның ауруханасына түскен келіншекке , дәрігерлер аса мейрімділік көрсетіп, ондағы бір әзербайжан дәрігері баурына тартып, емдейді. Ішінде жеті айлық сәби бар екенін біліп, ота жасап ,баланы құтқарып қалады.Сол бойы баланы емізіп бағам деген әйел табылып, соған береді. Себебі,Шынарды ұзақ емдеу керек болады. Сол баланы баққан әйелдің үйіне снаряд жарықшағы түсіп, әйел баланы шешесіне тапсыруды ойлап, дәрігеріне хабарласады. Сөйтіп Шынар Аңсардан қалған баласын тауып, шексіз бақытқа кенелді. Қазір бір балбақшада еңбек етелі. Баласы қасында..
–Керемет , шытырман оқиға екен.
–Қазір біздің өміріміздің өзі шым-шытырық болып кетті ғой.
–Мәдина , шынымды айтсам, мен мектепте жүргенде, сізді қатты ұнатып едім. Сол сезімім әлі де суыған емес.. Сізді жие ойлаймын. Міне екеуміз де тағдырдың тартқан сыбағасын алып, ақыл тоқтатып, алды –артымызды ойлайтын жаста тұрмыз.Бірден сізге ерлі-зайыпты болайық деп айтсам асығыстық болар. Осылай кездесіп, әңгімелесіп, сырласып тұрсақ , мен үшін зор бақыт болар еді.
–Әрине, Асеке , сіз де жалғыз ,мен де жалғыз.Біз жалғыздықтың жарасын жазу үшін көңілге медеу іздейміз.. Ал сезімге серік тауып, бақытты болу ол басқа нәрсе.
Осы сәт жандарына келген Рүстем:
–Аға , тергеушілермен билегенді жасы көрем, рұқсат етесіз бе? – деді. Мәдинаның жүрегі атқақтап, орнынан атып тұрды.
Жұптары жарасқан екеуге қарап тұрып, Асан өзінің артық екенін сезініп, даяшымен есеп айырысып, сыртқа беттеді. Бақыттан басы айналғандар оның шығып кеткенін де аңғармады.
Жетінші бөлім
13 тарау
Өрт
Қар төгіп тұр. Түпсіз түңғиықтан қалбалақтап төгілген ақ мамыққа қолын тосып, олардың мамыражай , мұңсыз тірлігіне қызыққан қыз күрсінді. Бүгін де күндегі кептеліс.Осылай сағаттап, бірі-біріне тұмсығын сұға жылжыған көліктер көз тұндырады.Жердегі қарбалас пен кірбіңді қабақтардан хабары жоқ жапалақтап жауған қар ұшқындары , асығып келіп ,төмендегі сағынған тума- туыстарының құшағына еніп, зым-зия жоғалады. Ақ кілегейге малынған көп қабатты үйлер мүлгиді. Мынадай үлпекті жел үп еткізсе, көзге түртсе көргісіз ақбасқын соғатыны анық. Мына аспанмен астасқан зәулім заңғарлар бір-бірмен сөйлесе ала ма екен деген ой келді рөлдегі қызға. Олар да бір –бірін жек көріп, жақсы көре ала ма екен? Күн сайын бой көтеріп жатқан ғимараттар өздерін күннен көлегейлегендерге « жерден жік шықты , екі құлағың тік шықты» көркімді көлегейлемей аулақ тұр деп бақталастықпен бітіспейтін күрес аша ма екен?! Сөйтіп , жаңа үйлермен көне үйлер шайқасып жатса , масқара ғой. Қазіргі билікке таласып жатқандар сияқты.
Осы кез алдыңғы көліктің рөліндегі әйел баж етті.
– Өрт! Тағы да жандық!.Сұмдық!! Қараңыз!Жетінші қабат,–деп қолын шошайтты. Мэри жалт қарады. Балконнан жалаңдаған жалынның қызыл тілі сумаң-сумаң етеді.Қап-қара түтін.
– Күнде өртеніп жатса да, сабақ болмайды. Өткенде бір жап-жас өрт сөндіруші қаза болды. Бүгін не болатынын бір құдай білсін.Өзі жетінші қабат.Өрт сөндірушілер жетем дегенще ,жанып бітеді.Тек адамы аман болсын де,– әйелдің аузы жабылмауда …
Кептеліс жылжыды. Екі сағат жүріп, үйіне әрең жеткен қыз ауқаттанып, жуынып –шайынып теледидарды ашқанда, бүгінгі өрт туралы айтып жатыр екен.
– Қаланың орталық көшелерінің біріндегі тұрғын үйдің жетінші қабатынан өрт шығып, әрең сөндірілді.Үйдің жанынан өтіп бара жатқан бизнесмен жігіт Жансерік Мырзабергенов өртке шалынған екі баланы құтқарды. Өкінішке қарай, жігіттің өзі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде.
Мэридің жүрегі тоқтап қалардай абыржып, креслоға отыра салды. «Сол ..сол ғой..тек тірі қалса екен…тірі қалса екен..» деп күбірлей берді. Тез киініп, абыржыған анасына тіл қатпастан шыға жөнелді. Өрт сөндірушілерге телефон шалып, аурухананы сұрап алды.
***
Тұңғиықтан ақтарылған ақ мамыққа малынып маужыраған көшеде өз ойымен өзі болып келе жатқан Жансерік.
–Өйбүй , өртеніп жатыр!Жетінші қатар!–деген дауыстан селт етіп, жоғары қарағанда, болконнан кап-қара түтін атқылап жатқанын көрді.
–Құтарыңдар, үйде балалар бар !-деген ащы үнді естуі мұң екен, есікке қарай ұмтылды .
–Жедел саты жасай ма?–деп сұрады.
–Жасайды..
Подезге екі жігіт қатарласа енді. Жеделсаты жоғарыда..Жансерік баспалдақты аттап –аттап жүгіре жөнелді,Жүгіріп бара жатып:
– Өрт сөндірушілерді шақырыңдар..Тез..тез ..–деп айқайлады..
Ол жеткенде , сыртқы есіктің жан-жағынан түтін будақтап жатты. Бар күшімен есікті тепті .Көршілер жиналып қалды..
– Жас балалары бар…
– Ылғи осылай тастап кетеді.
– Біздерге тапсырып кетсе де болады ғой.
– Кілт те тастамайды..Қазіргі жастар осындай ..
– Енді тездетіп есікті ашып, сәбилерді құтқару керек.
–Есікті бұзу керек! Не бар ,біреу темір ме бірдеңені ұстата салды. Тағы бар күшімен есікті жұлқа тартқанда, топсадан ұшып түсті. Түтін . Өрт ас үйден шықса керек . Балалар қайда?! Жатын бөлмеге ұмтылды..Түтінен дым көрінбейді.Біреу арт жағынан үстіне бір шелек су құйып жіберді.–Балаларды құтқару керек! –Тек тірі болсын!– дейді жүрегі дүрсілдеп. Үстеріне одеял жамылып ,бұрышта бүрісіп отырған екі баланы тез тапты. Кішісі әлсіреп қалған екен. Үлкені жеті де, кішісі 3-4 тер шамасында .Екеуін іліп алып, кейін қарай жүгірді. Дәлізге шыға бергенде, төбеден бір нәрсе гүрс етті. Есіктен су шашып тұрған көршілер .
–Жарайсың , жігіт , үлгердің.Уже төбе құлады. Бір минут кешіккенде , шыға алмайтын едің ,Бері жүр , бері жүр, мында жедел жәрдем дәрігерлері .Балаларды әкел !– деп шулады.
Балаларды жедел жәрдем дәрігерлеріне берген Жансерік :
–Үйде енді кім бар? ,-дегенде , ересектеу бала жыламсырап :
–Ағатай, мысығым қалып қойды,– деп өксіді..
–Ойбай , баламысың деген , қарағым енді кірме , өртен шыға алмай қаласын ,–деді ересектеу кісі.
–Қайда мысығың?–деді Жансерік,–Еңіреп тұрған балаға қарап.
–Біздің бөлмеде.
–Қазір. Сол бойы жалынға сіңіп кеткен жігітті көріп , жиналғандар жағасын ұстады.
–Қасқаны ажал айдады.Жалынның қызыл тілі жан-жағынан сумаңдап, бетін қызыл шоқ қарып бара жатқандай ,балалар бөлмесіне аяғы ілінісімен –Кіш…кіш .. деп мысықты шақырды. Тап аяғының астынан әлсіз мияаулаған мысықтың үні естілді.Балапан мысық екен, қолтығына тығып жіберіп кейін жүргенде, маңдайына бір нәрсе сарт етті .Басы айналып құлап қала жаздап , тілтіректеп барып есін жиды..Бір адам..екі адым.. үш адым… құлағына адамдардың үні еміс-еміс естілді.Соларға жетсем дейді. Екі аяғы шоқ басқандай күйіп барады. Біреулер жеңінен тартып, оттан суырып алды. Ол қолтығын ашып, балаға мысықты босатып жіберді.
–Шеш!Шеш!– деп жұлқылап жатқандар, терісін сыпырып жатқандай , денесі удай ашыды. Сәлден соң құлап түсті.
Қайда жатыр? Не істеп жүр…. Әйтуір түпсіз тұңғиыққа құлап барады.Тұла бойы жеп-жеңіл. Ұшып жүр. Қандай керемет. Өзін жалықтырған күнәһар дүниеден құтылып, жұмақта жүргендей жаны тынышталыпты. Мэри көрінді. Жаным, сен де осындасын ба? Тек екеуміз ғана. Баяғыдай тек екеуміз ғана. Бәрін ұмытам. Зарина .Ақша.Теңіз.. Көргім келмейді. Тек сен жанымда болсаң болды. Бәрінен запы болдым.Құтылғым келеді. Жаным сүйген, жалғызым, кешірші мені. Жігіт наркозда жатыр.Денесінің елу пайызын күйік шалған.
–Бүгін дем алсын .Наркоздан оянғасын , ауырғанды басатын ине салыңдар. Аяғының басы қатты күйген. Өміріне қауіп жоқ ,–деді дәрігер.
–Сізді терегуші көргісі келеді ,–деп хабарлады медбике..
–Жақсы , қазір шығам.
– Саламатсыз ба? Бүгін өрттен зардап шекен Мырзабергеновтің халі қалай ?
– Ауыр. Жансақтау бөлімінде. Дегенмен, тыныс алу жолдары зақымданбағандықтан, үміт бар. Денесін елу пайыз күйік шалған. Мәселеле екі аяғында болып тұр.Қатты күйген.
– Сонда аяғын..
– Иә, екі аяғын ампутациялаумыз әбден мүмкін..
– Басқа амал жоқ па?
– Жоқ.Танысыңыз ба…әлде..
– Танысым.
– Жалпы өміріне қауіп жоқ.
– Сонда аяғын сақтап қалатындай басқа амал жоқ па?
– Оны ертеңгі күн көрсетеді. Ертең консилум болады. Сонда шешіледі. Әрине , шамаға келсе , емдеуге тырысамыз.
***
Жансерікті аяғының саусақтары ғана кесілді.Дәрігерлер жігіттің жолы болды деп ойлағанмен , Мэри қатты қобалжыды. Кезекті телефон соққанда дәрігер :
–Сіз әйелімісіз ?–деп сұрады.
-Жоқ .Әйелі бар ғой.
–Қызық.Бірде-бір рет келген емес. Жігіттің көңіл күй онша емес.Тіпті танысы болсаңызда, осындай да қолдау көрсетіп, көңіл күйіне демеу жасау парызыңыз ғой.Ол тобан аяқ болып қалдым, енді кімге керекпін дейтін сияқты. Шын досы болсаңыз, сүйеу болыңыз. Ол өзгенің өмірін сақтаймын деп, өзін құрбан еткен батыр жігіт.
–Жарайды .Адам-қара аяғы басылған уақытта барып шығам.
–Сіз тергеушісіз кез келген уақытта келуіңізге болады. «Тихий часта» келіңіз .
***
Соңғы кезде төтенше жағдайға ұшырағандарға , өрттен құтқарушыларға қамқорлық күшейіп, көзсіз ерлікке барғандарға ауруханада ерекше жағдайлар жасалды. Екі баланы оттың арасынан алып шыққан Жансерікке де айрықша күтім жасалып, арнайы медбикелер мен күтушілер бекітіліп, люкс бөлмеге жатқызылды. Тілшілер күнара келіп, жағдайын біліп жатқандықтан, есік аузына кезекші дәрігер отырғызылып, тазалық пен талап күшейтілген. Мэриге жол көрсетуші есік аузындағы ақ халатты медбикемен жүздестірді де, кері қайтты.
–Кімі боласыз ?,– деген сұраққа қызметтік куәлігін көрсеткен соң, кідіртпей есік ашты.
–Рахмет, өзім кірем ,– деді де ,керуеттің жанына жақындаған соң тамағын кенеп:
–Жаман дем алып жатпаған сияқтысыз ,–деді.
–Мэри, жаным сенбісің,–жігіттің оқып жатқан кітабы түсіп кетті. –НЕ күтсем де, осыны күткен жоқпын …Өңім бе, түсім бе, қолыңды әкелші, келгеніңе көз жеткізейін.
–Немене, Зарина ханым келмейтін болған ба?
–Өзім рұқсат етпедім. Айрылысуға арыз беріп қойғанмын. Мэри, мен оны сүймеймін. Сүйген де жоқпын. Сенен күдер үзген соң , үйлене салған екенмін.Ақымақ болғанмын ғой…
–. Анам мені жертөлеге қамап тастамағанда, мені алып қашып кететін едің…
–Шіркін, солай болғанда ғой..
–Жансерік , ұлың қандай сүйкімді.
– Ұлым сүйкімді, Алай да, сүймегенге сүйікті болып өмір сүруден жалықтым.Шынымды айтсам, сені көрген күннен бастап, оны көргім келмеді. Сені шын сүйетініме көзім жетті. Есіл-дертім сені бір көру болып ,ертеңді -кеш жолыңды тостым. Көлік алыпсың .
– Иә, Рүстем көмектесті.
– Ол кім?!
– Компьютер бағарламашысы. Бизнесмен. Жүргіншілер өтетін жолақтан бір оқушыны қағып кетіп, мен құтқардым.. Содан бері таныспыз. Айыбын шуып-шайып, көлік таңдауға қол ұшын берді.
– Мм…мм .. ұнатасың ба?
– Білмеймін, апам ұнатады.
– Апаң мені енді жаныңа жолатпайтын шығар.Мэри айтшы , жаным, мені ұмытқан жоқсың ба?
– Ұмытсам келмес едім.Ал, ұнату жағын білмеймін. Өз жүрегім өзіме бағынбайды. Сонымен күресіп жүрмін.
– Ал мен болсам, сені көрген бойда, өлгенім тіріліп, өшкенім жанғандай , өн-бойыма қан жүгіріп, өмір сүргім келді. Ендігі тағдырым тек қана саған байланысты.Мына күйімде ешкімге керек емес те шығармын.
– Жансерік, өтінем, маған ондай шарт қойма.Шар айна шарт сынса, құрастырғың келгенмен, құрауға келмес, Уақыт санаға салған сызат та бірден жазылып кете қоймас. Білем , сен шалыс бастың ,алайда оны кешіру де оңай емес.
– Аға , шай ішесіз бе, тамағыңызды ысытып жіберейін бе ,–деп құрақ ұшып жүрген бойжеткендер бұлардың әңгімесіне әдейі кедергі келтірейін дегендей ,толассыз кіріп- шығуда…
Мэри шалқасынан жатқан жігіттің кере қарыс маңдайына,атжақты ашаң жүзіне жарасатын қоңқақтау біткен мұрнына , ер кісіге тән қалыңдау қомақты ерніне , қарасы мол өткір жанарына тағы бір назар аударып қарады. Мына кіріп-шығып жүрген бикештердің бірде –бірі мұндай жігіттің ықыласы ауса, кет әрі дей қоймас. Жаратылыс кескін келбетті жарытып сыйлаған жігіттің мысы басып, өзін де бір көргеннен ғашық еткен..Енді ше.. .
Осы бөлмеде бір жақыны жатқандай , кеткісі келмейтіні несі.Жанын мүжіген жалғыздығы әдірә қалып, жан-жағын дүйім ел қоршап алғандай , жүрегі алып ұшады.«Тіпті мүгедек болып қалса да, ешкімге қимайды екем» деп күбірлейді ғаріп жүрек.Мен бәрібір одан басқа ешкімді қаламайды екем, одан басқа ешкімге күйеуге де шыға алмайды екем» деп толғанды Мэри жігіттің жүзіне қарап отырып. Өмірде сүйсе,бір-ақ рет сүйетін бейбақ мен болдым. Сен жер басып жүргенде, басқа ешкімге жүрегімде орын жоғына көзім жетті.Амал не, мүгедек болсаң, арбаңды сүйреп жүруге жаралған құлың да мен шығармын.Алғаш сені көргенен-ақ жүрегім жүрегіңмен бірге соққан. Сыңарынан айрылып, сағыныштан сары тап болған байғұс жүректі қалауынан енді айыруға күш-жігерім жетер ме? Қос мұңлық қосылып, бірге соқсын. .Сенің осындай екеніңді әу баста білген..Сен батырсың, сен батылсың, сүйе білесің, сүйдіре білесің. Сүйкімдісің.Менің ғана жанымның серігісің!
–Апай, науқас дем алу керек,– деді медбике.
–Қарындас, апаңды қатты сағындым. Отыра тұрсыншы ,–деді Жансерік жігіт Мэридің қолын босатпай.
–Әйелі болу керек, отыра берсін , деді есіктің сыртынан.
–Қайдағы. Әйелі басқа,–деді екіншісі.
–Сірә, көңілдесі шығар ,–деді үшіншісі.
–Мұндай жігіт далада қалмас ? –деді тағы бірі .Бәрі естіліп жатты.
–Әрине, далада қалмайды. –Мэри күлімсіреді.
–Мэри, не деп отырсын , жаным?
–Қартайдым.Қыздар апа дейтін болды.
–Отырған қыз орын табады дейді. Какрас менің таксиімде орын бар.
–Таксиіңде ғана ма?
–Иә, Мэри ,екеуміз баяғыдай таксиге отырамыз. Әрине, сен келіссең…
–Келіседі…келіседі. –Қыз жүрегі дүңк…дүңк….гүрс….гүрс. Кеудесінен ытқып шығуға әзір.
–Мен кетейін , жұмысқа баруым керек. Онсыз да кешіктім.
–Енді қашан келесін?
–Білмеймін.
–Келмей кетсең, құсадан өлем.
–Хабарласам.
–Сүйемісің?!
–Бұл таксидің іші емес қой…
–Мен таксимін.
–Менің таксім емессін ғой.
–Мен өмір бойы сенің таксиің болуға дайынмын.Тек бас тартпашы.
–Жүрегіме билігім жүрмейді.
–Ол не дейді.
–Ол сені сүйеді, Жансерік. Маған ырық бермейді. Мені жетектеп, желкелеп жүрген де сол жүрек.
–Менің де жүрегім тек сен деп соғады, Мэри! Қос жүрек бірге соқсын.
Қосайық.Сауабына қалайық.
Сағынысқан жүректер бір-бірінің дүрсілін анық есітті. Ыстық еріндер еріксіз бір-біріне емінді. Мэри тез есін жиып ,есікке ұмитылды.
–Күтем ,–деп дауыстады Жансерік.
Бірақ енді кездесе ме, кездеспей ме одан екеуі де хабарсыз еді.
Сегізінші бөлім
14 тарау
Соңғы дем
Бір кездегі Жансерік сияқты Зарина бес қатарлы ғимараттан қыздың жолын тосқалы көп күн. Күздің көңілсіз табиғат көрінісі көңіл күйімен астасып, жапырағынан айрылып сидиған ағаштар сүйгенінен айрылып, кеудесін күндестік пен қызғаныш күйігі жәйлаған бейбақпен бірге ызалана ызылдайды. Тап қазір оның көше бойы аяқ-жолда топырлаған тобырды да атарға оғы жоқ. Осылар жөн-жосақсыз шұбырады да жүреді. Қалталарына бір тиын түссе, соны жұмсағанша жандары жәй таппайды. Мысалы, супермаркет кассирлері жалақыларын алған күні , қолды-аяққа тұрмай безіп кетеді. Әйтуір, азғантай айлықтарының жаламға жұқ болмайтыны жақсы. Әйтпесе , орындарынан табылмай ойбайлатып жатқаны. Ылғи жарым естер. Ақшаның тиыннан құралатынын білмейді.Өзі болса жасынан қолына тиген тиын-тебенді етінен иет кесіп алса да, уысынан шығармайтын, өзімдікі дегенге өзгені жолатпайтын тастайбек қыз болып өсті.Жалғыз інісіне күн бермей, қолындағысын тартып алып, жылатып қоятын. Шешесі «Осы екеуінің орнын құдай алмастырып жіберген.Мына қыз ұл болып туғанда ,темір есікті тесіп шығатын өткір, адамның аузына қара су тамызбайтын шық бермес Шығайбай болар еді» деп жағасын ұстайтын. Ана балаға сыншы дей ме , сол айтқандай, қыз қолындағысын ғана емес, жолындағысына жан жуытпайтын, тиынның датын жалаған сараң .. Сол қара тастай қаттылығымен жүгін нар көтерген нарық заманында да, ешкімге тәуелді болмай, отбасын өгіздей өрге сүйреді….
Адам ақшаның дәмін татпайды екен, татса, балға үймелеген арадай,ол шыққан жерді белден қазып, алысқа ұзап кете алмайды екен..Байлықтың да, биліктің де , өмірдегі жақсы мен жаман атаулының барлығының да сол немеде екенін де ұғады екен…
Ертеде кәнігі ұрылар «ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім депті.» Қазіргі қоғам жемқорлармен күрес аштық деп даурығуда..Алайда, бір ақиқаты – олардың ана ұры тәрізді ақша тәтілігін қоймаса, ұрлығын қоя алмайтындығы ескерілмейді. Болмайтын нәрсені кеп бұлдайды. Қазір бәрі сатулы, ақшаң болса , қалтаңда , талтаңда да, талтаңда деген заман. Демек , сол тәтті ақшаны құртқанда ғана жемқорлықтың желкесі үзіледі. Ал ақша оңайлықпен құрымайды. Себебі ,ол құрыса , билік те құриды.Билік құрыса, шенеуніктер мен бизнесмендер, ұсақ саудагерлер құриды. Ал ақшаны қолданбайтын өркениетті қоғамның құпиясын біз түгелі әлем аша алмаған. Жуық ара да ашылмайтын да болар.
Бизнесмен қыз әкесінің арқасында ақшаның қасиетін ерте ұғынды.Әкесі бизнесін ашқанмен, қиындығына төтеп бере алмады. Мінезі жұмсақ адам еді. Ұлы соған тартқан. Ал қызы болса, ішкі тегеурінің мықтылығымен анасына тартқан. Бар қиындыққа төтеп берді. Өкінішке орай, әкесі де,анасы да ерте қайтты. Екеуі де өле-өлгенше саудагер қоғамды қарғап өтті.
Қыздың бала боп балдәурен сүруінен, бой жетіп бозбаламен бой түзеуінен гөрі, әкесі борбай еті борша , арқа еті арша боп ашқан дүкеннің азық-түлігін аш күзендей бүгіліп тасудан , одан қалды базардан зат тасып жүрген әкесі мен шешесіне , інісіне ыстық тамақ жасаудан қолы босамайтын. Сондай еңбекпен келген отбасы бизнесін ұстап қалам деп аласұрған да сол. Ол кезде институттың экономика факультетінде оқитын.Алғашқы дүкенінің дүкен деген аты ғана, есігін көшеге қарытып алған үйшік ,кейін ғой супермаркет салып алғаны .Сауданың бастауы сол болатын..Жалғыз інісі қалтасына түскен артық ақшаны түнгі клуб пен казиноға жұмсап, жарым естің күнін кешті. Сол баланың күйігіне әкесі де, шешесі де шыдас бермеді ғой… Содан бері сүргелдең өмір. Ақшаның соңына түсіп, құнығып кетсең, құлы етіп жібереді екен. Зарина оның басы байлы құлына айналды. Дипозиттегі қоры ұлғайған сайын, ұлғая түссе екен деп құнықты… Сөйтіп ақшадан басқа алаңы жоқ болып жүргенде, күйдім-сүйдім деп алдарқатып, ақшасын сыпырып, тақырға отырғызып кеткен суайт жігіттен кейін суынып қалған сезімін селт еткізіп, Жансерік пайда болды. Оған ессіз ғашық болып, айырылып қалмау үшін барын салды. Енді ақшаның емес, сүйгенінің құлына айналды. Жоғалған қалыңдығы табылмаса екен деп күндіз-түні құдайдан тіледі. Іздеген боп, детективті араластырып, өмірі көрмеген қыздың күнәсіне батып, жігіттің көңілін суыту үшін неше түрлі жаланы сол қызға жапсырды. Ақыры еңбегі еш кетпей, сүйгенінің беті бері қарады.
Бұрынғыдай дүние-мүлікке де, ақшаға да қызықпай, олардан да басқа құндылық бар екенін мойындай бастағанда, мына бір шөп желке сап ете қалды. Күйеуі оны көрді де, майдай бұзылды. Зарина оның бұрында да, өзін өліп-өшіп сүймегенін білетін. Өмірге тұңғыштары Аңсар келген соң, бар махаббатын ұлына төгіп, өзгерген. Мейлі, сол баланы мен туып бердім ғой деп оған да көндіккен.
Бизнес леди кейде соңдарынан табынушылары үзілмейтін құрбыларына қызығатын.Күйеуінің қызғанышын оятатын сондай бір әдістерді де көрмек боп, аналардан ақыл сұраған. Олар: «Сенің жан-дүниең мұз .Сен ер адамдардың ойлайтынын ойлайсың. Сол себепті, олар саған жоламайды. Оларға ақылды әйел керек емес, ақша да керек емес.Оларға жылынатын жұмсақ төсек, нәзік сезім , жылы жүрек керек » деп оған анықтама беріп тастаған..
Өзінің ию-қию өмірінен қылаң берген қимасынан айрылу қаупі туғанда, енді аянып қалатын ешнәрсе қалмағанын түсінді.Осыған дейін өмірде бәрі сатылады деп жүргенде, , сатылмайтын сезім бар екеніне де көзі жетті.Ана шөп желкенің аңсарын ақшаға аудара алмады.Тіпті өзі бай, өзі дүниенің тұтқасын ұстап тұрғандай, бұған мүсіркей қарады. Міз бақпайды. Сөзі де мірдің оғындай. Сен ақшаның күшін білмейді екенсің…Көрермін әлі әуселеңді…
Ол көшедегі бас-аяғы жоқ тобырға тағы қарады. Осылай ертелі-кеш дедектеп жүрсе де, тапқан-таянғандары күн көрісіне жетпейді.Аспан көкті өздері тіреп тұрғандай, кеуделеріне нан пісіп жүргендерін қарашы..Соның бірі ана көк көз қыз.Өзінше тоқ, тәккәпар қалтасында қара бақыры жоқ болса да, бергенді алмаймын деп ырғиды. Әне бір ақ мәшине сонікі сияқты…Дәл сол. Қақпанға түстің қақшиған неме… Жолдың ана бетінде бұйрық күтіп тұрған жігіттеріне «Шықты,айрылып қалмаңдар» деп хабар берді.
Күздің кеші ерте түседі. Әп-сәтте айналаны қараңғылық басып,жаңбыр сіркіреді. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дейді , төк жаңбыр, төк, жаңбырлы күні жол көлік оқиғасы молынан болады. Мына қыз да соның ішінде кетсін. Қара халықтың өкілі.. қапыда қаза тапсын. .. Ол да тыныш, біз де тыныш боламыз…
Ол қалтасы қалыңдаған сайын, жарлы- жақыбайдан өзін жоғары ұстап үйренді. Кеше ғана антимол шақырып «азық-түлікті неге қымбатата берсіз, онсыз да күнін шаққа көріп отырған халықтың қанын ішуді тоқтатыңыз» деген. Жылы жерде, жұмсақ креслода отырып , ақыл айтуға шебер. Халық кедей емес, сұранымпаз. Еңбек етпей, қолын байларға созып, өмір сүруге үйренген. Оңай олжаға үйір. Ал, антимол бізден сыпырып алып жатқан салықты есептемейді.
… Кетемін. Асарыма Түркиядан вилла сатып аламын. Осындағы саңырау құлақтай қаптаған супермаркеттерімді сатамын. Сол жақтан бір түрікке тиіп , шалқып жүрмеймін бе,… Мәссаған! Ақсақ қой түстен кейін маңырайды дегендей, ақылым енді кірді ғой..Тоқта.. тоқта… ана шөп желке қыздың обалына қалып не істеймін… Тіпті ол менің жолыма жуа болып бітіп , шет елге кетуіме кедергі жасар…Ту..уу …осыған дейін бұл неге басыма келмеген…Не деген ақымақ едім.
–Жігіттер! Жігіттер!
–Әллеу,Зарина ханым, біз көліктен көз жазып қалдық.Радардан жоғалды. Көліктің ішінде қыз емес, майор жігіт отырды.Сосын бізде «хвость» бар.
–Маубастар! Сендерге кеткен ақшаны желге шашып жіберу керек. Жарар. Қайтыңдар. Жоспар өзгерді.Сол бойы заңгеріне телефон соғып, тапсырма бере бастады:
–Суппермаркеттерді сатуға шығар. Тез арада хабарландыру беріңдер. Ұлым екеуміздің құжаттарымызды шет елге кету үшін дайындаңдар. Туркиядан жылжымайтын мүлік сатылатын жарнамаларды қараңдар.. Мен қазір келем…
Бірақ бизнес леди қарға адымда қарсы алдында тұрған ажалына асығып, аңқылдап келе жатқанын аңғармады..Жадына оралған жаңа жоспарының қызығымен бар назары телефонға ауысып, көлігінің қарсы жолға шыққанын аңғармай қалды. … Қас-қағымда жүрдек жипті ауыр жүк тасымалдаушы фур қағып өтті. Көлік екпінімен бірнеше аунап барып, кувидтен төңкеріліп түсті.
***
Заринаның тергеуші қыздың көзін құрту жоспарын біліп алған Мәдина Мэридің көлігіне басқа тәжірибелі тергеушіні отырғызған. Ол соңына ілескен аңдушыларды әп-сәтте адастырып, айласын асырды. Олар алақтап көздеген көліктерін таппай қалды. Сырттарынан бақылап келе жатқан Мәдина :
–Тапқан екенсіңдер, ақымақты.Зарина ханым, сіз өлтірмекші болған қыз қауіпсіз жерде .Ал біз сізбен әлі де есептесеміз,–деп күбірледі. Осы сәт МАЙ қызметкерлері оқиға болған жолдан жедел хабар түсірді. .Тергеуші жеткенде, жол полициясы жансыз денені кабинадан шығарудың әлегіне түсіп жатқан.
Мәдина төңкеріліп жатқан джипті танып :
–Япыр-ай, мынау ,Зарина ханымдікі емес пе? Біреуге « ор қазсаң, өзіңе көр қазарсын»дегеннің кебі келді-ау. Әйтсе де, мынадай қайғылы оқиғаны Мэриге қалай жеткіземіз.Ол қыздың жүрегі жұмсақ, қатты қайғыратын болды ,–деп басын шайқады.
–Қанша сигнал бердім.Сірә, телефонмен сөйлесіп, есі кетіп қалған болуы керек.. Болмаса, есі дұрыс адам,қас-қағымда қарсы жолға шыға ма? Обал болды ,менің де басқа амалым қалмады,–деп фур жүргізушісі күйзелді.
Осы сәт Заринаның «ерекше» тапсырмасымен жүрген оққағарлары да жетті.Оларды бизнесмен әйелдің қазасынан гөрі ендігі көнкөрістері мазалады. Оқиға орнына жеткен супармеркет заңгері Зарина күйеуінен заңды түрде айрылып үлгермегендігінен, жеке меншік қожайыны Жансерік мырза екенін естігенде ғана, көңілдері орнына түсті.
Зияш Телеуова