Инспекторға ақша аударғаны үшін астаналық пробация қызметіне жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталушы ағымдағы жылдың наурыз айында инспекторға ақша аударған, ол бұл фактіні дереу Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығына жеткізген.

Одан кейін елордалық өзіндік қауіпсіздік тобы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде пробация қызметіндк есепте тұрған азмат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни 200 айлық көлемінде айыппұл салынды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің басшылығы, жеке қауіпсіздік тобының қызметкерлері және пробация басшылығымен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру бойынша тұрақты негізде профилактикалық іс-шараларды жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің, жауапты лауазымдарды атқаратын адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтерді қабылдауына тыйым салу туралы хабарланады.

«Әрбір қызметкер өзінің мінсіздігі тексеріліп жатқанын біледі, сондықтан олар барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы жеке қауіпсіздік қызметіне дереу хабарлайды», — деп Астана қаласы Қылмыстық атқару департаментінің басшысы Дәулет Рақымбеков атап өтті.

Кассациялық сот жүйесі – азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың басты қағидаттарының бірі - әрбір азаматтың...

ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ – КӘСІБИ БАСҚАРУШЫЛАР

Қазіргі кезеңде өңірлердің тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру...

Изменение состава учредителей в некоммерческих организациях и изменение руководителя юридического лица

Изменение состава учредителей (участников, членов) некоммерческой организации, а также...