Алматыда бүгін БҰҰ Қоры (ЮНФПА) мен ҚР Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйымдастырып отырған екі күндік семинар басталды. Шараның негізгі мақсаты Орта Азияда зорлық-зомбылық жасағандармен күресудің озық тәжірибелерімен бөлісу үшін аймақтық платформа құру. Жүйе қатысушыларға адам құқықтары қағидаттарын қолдану туралы білімдерін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Орталық Азияның 5 елі қатысқан шарада мамандар пікір алмасып, халықаралық сарапшымен кеңесуге мүмкіндік алды. Мамандардың пікірінше семинар өңірдегі гендерлік зомбылыққа қарсы әрекет ету саласында, әсіресе отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агресорлармен жұмыс істеу тұрғысынан нақты іс-қимылдар тізбегін айқындауға көмек етпек.
— Қазақстан БҰҰ мен Еуропалық Одақтың, Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін әйелдер мен қыздарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық пен барлық зиянды әрекеттерді жою жөніндегі бірлескен «Жарық шапағы» жобасын белсенді түрде қолдайды. Зорлық-зомбылықпен күрес – үкіметтің басым бағыттарының бірі», — деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Айман Омарова.
Сарапшылардың пікірінше, зорлық-зомбылықпен күресудің тиімді әдістерінің бірі қылмыскерлерді жазалаудың баламалы әдістерін қолдану болуы мүмкін. Үй тирандары қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе түзету бағдарламаларынан өтуі керек, дейді сарапшылар.


