ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК — МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЛА

Әділет министрлігіне жүктелген бағыттың бірі зияткерлік меншік құқығын сақтау және қорғаумен байланысты. Зияткерлік меншік мемлекеттің экономикалық дамуына серпін беретін маңызды сала. Содан болар Мемлекет басшысы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты жолдауында жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселесіне ерекше назар аударды. Ал креативті экономиканы ілгерілету, зияткерлік меншікті құқықтық тәсілдермен қорғау арнайы заңсыз жүзеге аспайды.

Осыған орай Әділет министрлігі заң жобасын дайындап, онда авторлардың және өзге де құқық иеленушілер құқығын нақтылау; көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған туындыларға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында авторлар құқығына шектеуді толықтыру (тарату, жалпыға бірдей назарға жеткізу, көпшілік алдында орындау); қызмет алушылар өтінімі бойынша тауар белгісін жедел тіркеуді енгізу; патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызмет саласын саралау және тиісті салалар бойынша патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттаудан өткізу; тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін ауырлататын мән-жайларға байланысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамын ажырату жөніндегі жауапкершілік шаралары қамтылған. Жалпы, бұл салаға мемлекет деңгейінде мән берілуде. Бұған ел Президентінің биыл зияткерлік меншік саласына қатысты екі заңға қол қойғаны дәлел. Оның бірі «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң. Бұл келісімнің мақсаты – авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту. Ал екіншісі «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілері мен географиялық нұсқаулар ды пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң. Келісімде тараптарға жалған тауар белгілері мен географиялық нұсқаулары жазылған тауарларды өндіру және өткізу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ мұндай тауарларды ТМДға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар көзделген. Қазіргі уақытта Парламент Сенатында «1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңның жобасы қаралуда. Бүгінде елімізде патенттерді, тауар таңбаларын және өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің ұлттық жүйесін жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, қызметті цифрландыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және авторлар мен пайдаланушыларды оқыту бойынша да іргелі істер қолға алынуда. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының қолдауымен Қазақстанда технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары (ТИҚО) ашылғанынан жұртшылық хабардар. Қазіргі уақытта 23 орталық жұмыс істейді. Мұндай орталықтар саны арта береді. Сондай-ақ, Алматыда ДЗМҰ-ның екінші жазғы мектебі өтті. Бұл іс-шара студенттерге және басқа да мүдделі тараптарға зияткерлік меншік құқықтары бойынша білімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жыл сайын «Антиконтрафакт» акциясын өткізу республикада әдемі дәстүрге айналған. Акция шеңберінде республикалық сурет, қысқа бейнеролик пен ұрандар конкурсы, семинар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Зияткерлік мен шіктің маңызын түсіндіруде мұндай шаралардың пайдасы орасан. Елімізде 2022 жылғы 20 маусымнан бастап зияткерлік меншіктің жаңа объектісі ретінде «географиялық нұсқама» енгізілгені белгілі. Бұл өнімнің өндірілген жеріне байланысты тауар сапасын ажыратуға бағытталған. Жалпы, 2023 жылдың нәтижесі бойынша зияткерлік меншік объектілеріне берілген қорғау құжаттарының саны шамамен 12 000 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық (10 663). Авторлық құқық объектілеріне құқықтар туралы мәліметтерді енгізу бойынша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық. Өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде мобильді роботтарды басқару, велостроение, энергетика, нанотехнология және медицина саласындағы жаңа өнертабыстарды атап өтуге болады. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде үй-жайға жарық және дыбыс ағындарын реттеу және шаң жинау үшін терезеге орнатылған күн панельдері бар құрылғы жасалды. Биыл 1311 шарт (лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар, басқаға беру, франчайзинг, Кепіл шарттары, қосымша келісімдер) тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға артық (921). Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтың мемлекеттік тізіліміне 9389 мәлімет енгізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17,6%- ға артық (79870). Министрлік жанындағы апелляциялық кеңес 11 отырыс өткізіп, 83 шешім қабылданды, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 29 (2022 ж. – 17), бас тартылғаны – 49 (2022 ж. – 33), ішінара қанағаттандырылды – 4 (2022 ж. – 15), қараудан бас тартылды – 1 (2022 ж. – 0). 83 шешім бойынша сотқа шағым түсіргені – 18 (2022 ж. – 9). Бірінші сатыдағы соттың қарау нәтижелері бойынша 9 шешім күшінде қалды. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның биыл 3 отырысы өткізілді. Соның нәтижесінде «КРУЖКА СВЕЖЕГО», «ФРАНЦУЗСКИЙ ДОМ, fig» тауар белгілері Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылды. Ал «Карагандинское» тауар белгісі бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Аумақтық әділет органдары құқық иеленушілердің өтініші негізінде Қазақстанда қорғалатын тауар белгілерін пайдалану мәніне жоспардан тыс 161 (2022 ж. — 2 тексеру) тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша 143 құқықбұзушылық анықталды (2022 ж. — 2 құқық бұзушылық). Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабы бойынша 145 іс қозғалып, 128 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (соттардың қарауында 17 іс қаралуда). Сотпен тоқтатылған істер жоқ. Мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 10 млн теңге өндірілді. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 60 млн теңгеден астам (60 356 523 теңге) соманың 35 мыңнан астам контрафактілік өнімі алынды. Тексеру шеңберінде «Chanel», «Apple», «ZEPTER», «Levi`s», «Louis Vuitton», «LEGO», «PUMA», «TOYOTA», «LEXUS», «Наурыз», «Ассам», «Prachka» сияқты және т.б. белгілі тауар таңбалары иелерінің құқығы қорғалды. Тек Apple компаниясының өтініші бойынша 49 тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 45 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 мың контрафактілік өнім (құлаққаптар, смарт-сағаттар, зарядтағыштар, сымдар, ұялы телефондарға керек-жарақтар) тәркіленді. Осы аралықта құны 5 млн теңгеден астам (5 675 480 теңге) 520 бірлік контрафактілік (1736 литр) өнім тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады