spot_img
spot_img

Зейнеткердің атынан ірі көлемде несие рәсімдеген 3 әйел анықталды


Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Егде жастағы ер адамның айтуынша, оның атынан белгісіз біреулер несие алып 4 миллионнан астам теңге шығын келтірген. Зейнеткер орын алған жайттың мән-жайын анықтап, тексеру үшін тәртіп сақшыларынан көмектесулерін сұрайды.
Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Жәбірленушінің шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары қажетті іс-шараларды жүргізді. Атқарылған тиянақты жұмыс нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар 3 күдікті әйел анықталды. Олар жұмыссыз, жергілікті тұрғындар болып шықты.
Анықталғандай, күдіктілер қарияның үйінде күтушісі болып жұмыс жасап, сеніміне кірген. Содан ұялы телефонындағы банк қосымшасын пайдаланып, ірі көлемде несие рәсімдеген.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...

Код рода: возвращение к корням

ЕСЛИ БЫТЬ ЧЕСТНЫМ, КАЗАХСКИЙ НАРОД НИКОГДА НЕ РАССМАТРИВАЛ РОДСТВО...

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...