Зейнетақы жинағын алу: неге жеткілікті шек мөлшерлемесі өзгеріссіз қалдырылды?

Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының талдау және бағалау басқармасының басшысы Руслан Мәулетұлы 2024 жылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алудың жеткілікті шегі неге 2023 жылғы деңгейде қалдырылғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәулетұлының айтуынша, Үкімет қаулысымен бекітілген әдістемеге сәйкес шекті мөлшерлемені есептеу кезінде ең төменгі жалақы мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері, зейнетақының ең төменгі мөлшері, базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ескеріледі. Бұл көрсеткіштердің барлығы 2024 жылы өскені белгілі.

«Бұдан басқа, бірқатар өзге көрсеткіштер ескеріледі: зейнетақы активтері кірістілігінің жылдық пайыздық мөлшерлемесі, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі, міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жасы және басқалар. Әдістемеде қолданылатын көрсеткіштер шекті мән мөлшеріне әр түрлі әсер етеді, ал кешенді түрде салымшылардың әр жасына талап етілетін зейнетақы жинақтарының қажетті сомасын есептеуге мүмкіндік береді.

Шекті мәнді 2023 жылмен салыстырғанда ұлғайтпай сақтау ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен байланысты. Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған шекті мөлшерлеме бұрынғы деңгейде сақталады», — деп түсіндірді Мәулетұлы.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады