12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заң талабына бағыну міндет

Қазақ халқы қашаннан билерін құрметтеген. Соған орай, заманауи сот төрелігі  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету жолында дала данагөйлері қалыптастырған құқықтық нормалар сабақтастығын жоғалтпай, билер сотының озық үлгілерін қазіргі өмірімізге лайықтап алуда.  

Сот билігі мемлекет атынан жүзеге асырылатындықтан, елде заң үстемдігін қамтамасыз ету соттардың басты міндеті. Судьялар Конституция мен заңға ғана бағынады.  Сотта тек жоғары білімді заңгерлер ғана өкілдік ететіні заңмен бекітілді.  Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, ешкімге артықшылық берілмейді. Сотқа жүгінушілердің құқықтары барлық жағдайда теңдей сақталады.

Осы ретте халықтың құқықтық сауатын көтеру қашан да маңызды десек,  азаматтық іс жүргізудің міндеттері азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, сондай-ақ, заңды мүдделерін қорғап, қалпына келтіру, осы арқылы қоғамда заңға және сотқа құрметті қалыптастыру болып табылады. Осыған сай, азаматтардың заңмен қарастырылған міндеттері бар. Мәселен, олар сот процесі барысында тәртіп сақтау,  соттың шақыртуына келу, судья өкiмдерiне бағыну сынды тағы басқа заңмен бекітілген қағидаттарды бұзбауы тиіс. Сот шақыртуына келе алмайтын жағдайда, дәлелді себебін көрсетіп, алдын ала хабарлау керек.

Сот пен судьяға құрметтемеушiлiк танытқандар заң алдында жауап береді. Соттардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптары мен соттың заңды күшіне енген актiлерiн барлық мемлекеттiк органдар, лауазым иелері, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сондықтан, әрбір адам сотқа келген күннен бастап, талапкер, жауапкер, өкілдер, адвокат болсын  жауапкершілікті сезінулері керек. 

Еліміздің әрбір заңы халықтың құқығы мен заңды мүддесін қорғау мақсатын көздейді. Сот саласындағы әрбір жаңашылдық осы бағытта жүзеге асырылады. Бүгінде жүйе жұмысы біртіндеп қағазбастылықтан арылып келеді, электронды сот төрелігі еніп, сот істерін тиімді шешудің жаңа тетіктері қалыптасуда.

Азаматтармен кері байланыс орнату шаралары, судьяларды іріктеу, олардың кәсібилігін арттыру, соттардың құрылымын жетілдіру жұмыстары, дау шешудің баламалы тәсілдерін егізу заман талабына сай жанданып жатыр. Адам тағдырын таразылау кімнен болса да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тура төрелік  айтуға кепіл болатын судьялар бұл жоғары міндетін  атқару үшін үлкен сыннан өтеді. Сондықтан, халық сенетін, әділдікті шешеді деп үміт артатын сотты құрметтеу азаматтардың парызы.

Судьялар бүгінде өздері қабылдаған сот актілерін, яғни, не үшін ондай шешім қабылдағанын нақты дәлелдермен, қарапайым тілмен тараптарға түсіндіреді. Бұл шын мәнінде еліміздің құқықтық саласының заманға сай жаңғырып жатқанының айғағы.

  Халқымыздың «Өзгеге жасаған ізетің – өзіңе жасаған құрметің» деген сөзіне жүгінсек, дамыған мемлекетте өмір сүргісі келетін  әрбір адам өзінің құқықтық білім-білігі мен мәдениетін жетілдіруге міндетті. Сол себепті, әрбір басқан қадамымыз бен жасаған іс-әрекетімізге немқұрайдылық танытпай, айналамызға құрметпен қарау адамдық борышымыз. Бұдан шығатын қорытынды, заң сотты құрметтеуді талап етеді, ал азаматтар заң талабына бағынуға міндетті. 

Айжан Устенова,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...