12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЗАҢДЫ БҰЗЫП, ҚАЙТА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасасты Келес аудандық пробация қызметінің есебіне түрған Ерхан есімді азамат сот жүктеген міндеттерді біле тұра, заңды қаскөйлікпен бұзған. Енді ол жазасының өтелмеген бөлігін темір торда өтейтін болады.
Пробация қызметінің бақылауына алынған адамдардың арасында заңды қаскөйлікпен бұзып, абақтыға қамалатындар жиі кездеседі. Олар өздеріне берілген санаулы мерзімді бостандықта жүріп өтей алмай, қамауға алынатыны өкінішті-ақ.
Қамауға алынған азаматтар жастар болса түсіністікпен қарауға болар еді. Ал, қырықтан асқан азаматтың құқық бұзушылыққа барғаны, әрине, өкінішті. Балалары мен інілеріне, немерелеріне ақыл айтып отыратын азаматың сот жүктеген міндетке салғырт қарайтыны қынжылтады.

  • Келес аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат жаза өтеу шарттарымен және сот жүктеген міндеттерді біле тұра бұзған. Кешкі уақытта тексеруге барғанда үйінде болмаған, пробация қызметіне міндетті тексерілуге келмеген. Сондықтан, заңмен белгіленген тәртіпті өрескел бұзған азаматтың мәселесі Келес аудандық сотымен қаралып, ол енді бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін темір торда өтейтін болды.
    Бұл азаматқа пробация қызметіне тіркеуге алынған күні сот жүктеген міндеттер түсіндірілген болатын. Егер заңға бағынбаған жағдайда сот бойынша қамауға алынатыны да ескертілген.
    Өкінішке, орай бұл азамат заң талаптарын орындамаған. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмысынан сабақ алғаны абзал. Өзінің артынан ерген ізбасарларына әрбір әке үлгі болуы керек. Себебі, бала біздің болашшағымыз, — дейді Келес аудандық пробация бөлімінің бастығы Нұрдәулет Әшірбаев.
    Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жиырмаға жуық пробация қызметі бар. Бір пробацияда кем дегенде жүзге жуық сотталған есепте тұр.
    Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі. Бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзады. Сөйтіп, өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тартылып жатады. Бұл әрине өте өкінішті жәйт. Келес аудандық пробация қызметімен сараланған мұндай оқиғалар қайталанбаса екен дейміз.
  • Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...