Заречный кентінің ҚАЖ қызметкерлері қуғын-сүргін құрбандары мұражайына барды

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялысының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Бүгінгі күн қаншалықты қайғылы болғанменен, оның маңызы үлкен, тәрбиелік мәні зор. Қазақ айтқан, «Өткенге топырақ шашсаң, келешек саған тас лақтырады» деп. Өткенді ұмытуға болмайды. Алаштың алыптары қазақтың әр сүйем жерінің қасиетін кетірмей, бүгінгі ұрпағына қалдырды.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты​ №12 және №49 мекемелерінің қызметкерлері Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан мұражайға баруды жыл сайынғы дәстүрге айналдырды. Мұражай ескі дүниелердің көрмесі емес, ол халық​ қазынасын сақтайтын,тарих қойнауынан сыр шертетін ұлағатты орын, тарихты сақтап, насихаттаушы мемлекеттік мекеме болғандықтан, оған ерекше көзқарас қалыптастыру қажет.

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...