12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заманының Заңғар тұлғасы еді…

Жалпы, қай қоғамның да бұлжымас тұтастығы мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің тамыршысы – заң.Заң талапқа сай болмаған жағдайда, не жүзеге асу функциялары ішкі мүмкіндікпен сәйкестендірілмеген кезде ол тек қағаз жүзінде қалып қоймақ.

Ал, заңның өміршеңдігі — оны түзген авторлар біліктілігіне тікелей байланысты екендігі белгілі. Осы орайда, Қазақстан заңгерлерінің білім-парасаты мен өзіндік деңгейі көрініс береді. Біздегі заңгерлер қауымының сондай биік талап-үрдісінен шыға білгендігі баршаның көз алдында. Міне, бүгінгі тілге тиек етіп отырған, сол тұтас бір заңгерлер буынын қалыптастыруга орасан зор үлес қосқан мемлекетіміздің көрнекті заңгер ғалымы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, заң ғылымының докторы, профессор Сартаев Сұлтан Сартайұлы туралы болмақ.

Расында, Сұлтан Сартайұлы есімі көрнекті заңгер ретінде бұрыннан-ақ өзіміз түгілі өзге елдерге де белгілі бола тұра, оның азаматтық тұлғасының жан-жақты айшықталып, толысуы еліміздің тәуелсіздік алуымен тығыз байланысты. Егемен ел тізгіні алғаш қолға тиген тұста халық қалаулысы ретінде мінберге көтерілген Сұлтан Сартайұлының кейбіреулерге заң тілімен қайтарған орнықты жауабы мен мемлекет құрылымына қатысты пікірлері әлі күнге халық жадында. Сұлтан Сартайұлының өміржолы да өзгеге өнеге болғандай. Ол 1945-49 жылдары Алматы мемлекеттік заң институтында  оқыды. Оны бітіргеннен кейін өзінің ғылым жолын Мәскеуде Мемлекеттік заң институтында 1949-52 жылдарда аспирантурада жалғастырды..

1952 жылдың қазан айында аспирантураны «Қазақ Советтік Атвономиялық Республикасының құрылуы және қалыптасуы» деген тақырыпқа кандидаттық диссертациясын табысты қорғаумен аяқтаған соң Мәскеу заң институтының ғылыми кенесі ол кісіге заң ғылымдарының кандидаты дәрежесін беруді бір ауыздан бекітті. 1952 жылдың қараша айынан 1955 жылдын 30 маусымына дейін Алматы Мемлекеттік заң институтының аға оқытушысы, доцент, мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.1970 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Социалистік мемлекеттілікті құру және Қазақстанда халық өкілдері жоғарғы органдарының проблемалары» деген тақырып бойынша заң ғылымдарының докторы» атағын алуға арналған диссертациясын табыспен қорғады. 1975 жылдан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 1996 жылдан Қазақстан Республикасынын әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі болып сайланды. Жоғары білікті заң мамандарын тәрбиелеудегі, мемлекет және құқық тарихының келелі мәселелері мен Қазақстан Республикасының конституциялық құқық саласындағы аса маңызды кейбір проблемаларды зерттеудегі еңбектері мен теориялық-практикалық жетістіктері үшін оған Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер атағы берілді. Сұлтан  Сартайұлы атағы Қазақстан мен ТМД елдерінде, Еуропа мен Азияның да біраз елдерінде белгілі болған, есімі әйгілі заңгер ғалым. Сұлтан Сартайұлының тәлімін алып, тәрбиесінен өткен көптеген шәкірттері қазір белгілі заңгерлер. Олар жоғары заң оқу орындарында, мемлекеттік қызметтерде, құқық қорғау органдарында белді-белді қызметтер атқаруда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

мемлекет және құқық теориясы мен

тарихы, конституциялық және әкімшілік

құқық кафедрасының аға оқытушысы,

заң ғылымдарының кандидаты Құсайнов Д.О.,

аға оқытушы Тәуекелов Н.Б.

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...