Заманауи сот жүйесі мен виртуалды сот отырысының тиімділігі

Сот жүйесі қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды енуі – халықтың сот қызметіне  барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін негізгі міндеттердің бірі.

Осындай бағыттардың бірі бейнеконференция байланысы арқылы сот отырыстарын қашықтықтан өткізу мүмкіндігімен сот отырыстары залдарын аудио-бейне тіркеу жүйелерімен жабдықтау болып табылады. Әкімшілік құқықбұзушылық, қылмыстық және азаматтық  істерде аудио -бейнежазба  арқылы сотта нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады, соттар жұмысын оңтайландырады, сот ісіне қатысушылардың қаражатын және бюджетті үнемдейді, сот  отырысы хаттамасының сапасын арттырады, сот төрелігінің ашықтығы мен айқындылығының деңгейін арттырады.

Республикамыздың  барлық өңірлері соттарының сот залдары бейне-дыбыс жазу құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Сот отырысы басталар уақытта  сот отырысының хатшысы залдағы құрылғыларды алдын-ала сот отырысына дайын екендігін тексеріп,  кейін бейне-дыбыс жазбасын алдындағы  компьютермен қосу арқылы іске асырады. Сот отырысының хатшысы  тараптардың, олардың өкілдерінің  және іске қатысты тұлғалардың  жауаптарын  белгілеу арқылы сот отырысының хаттамасы етіп толтырады.

Сондай-ақ,  сотқа қатысуышы тараптардың  басқа мемлекетте немесе  басқа қалада болуына  байланысты, сот процессіне онлайн, яғни,  қашықтықтан қатысуға мүмкіндіктері  бар. 

Қашықтықтан өтетін сот отырысы  дәстүрлі процесстен тек өткізу тәсілімен ғана ерекшеленеді. Оның үстіне қазіргі заманда  сот процесстерінің онлайн өтуі  адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сот процесстерін онлайн түрде өткізу сотқа және тараптарға ыңғайлы  түрлі ақпараттық желілер арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, тараптар Сот кабинетіне кіріп, процестің аудио-бейне материалдарымен таныса алады.

Сот кабинеті – электрондық ақпараттық сервистік қызметі- сот саласындағы  жүйелі ақапарат берудің кеңейтілген тәсілі.  Сот кабинеті арқылы  сотқа талап арыз беру, қосымша құжаттар жіберу, мемлекттік бажды онлайн төлеу сияқты түрлі электронды қызметтерді  электронды цифрлық қолтаңба арқылы үйден отырып  жасауға болады.Аталмыш сервис бүгінгі күні 50-ден астам электронды қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.

Заманнның талабы электронды түрде жұмыс жасауға алып келуіне байланысты, сот жүйесі де  ағымға ілесіп, қызметіне ақпараттық технологиялар жүйесін енгізді.  Азаматтардың уақытын  үнемдеуге және сот саласы қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру үшін қолайлы жүйені  бүгінде  көкірегі ояу жастар мен еңкейген кәріге дейін меңгеріп келеді.

Малика Кенжебаева, Орал қаласының құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

АЛМАТЫДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ ЖАҢА СЕРПІН АЛАДЫ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан...

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасының Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге...

Сот қызметкері – заңның адал елшісі

Конституциялық реформалар арқылы жаңарған құқықтық кеңістікте мемлекет пен азамат...

Сандық технологиялар – қолжетімділік кепілі

Бүгінгі таңда қоғам өмірінің кез келген саласына сандық технологиялардың...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

📍Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны азайту мақсатында негізгі...