12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зайырлы қоғамда азаматтардың еңбегі бағалануы тиіс

Сотта еңбек даулары жиі қаралады. Бұл түсінікті де. Себебі, еңбек қарым-қатынасы бар қоғамда келіспеушіліктердің орын алуы заңдылық. Әрі оның сот арқылы реттелуі – өркениетті, құқықтық мемлекеттің белгісі.

Мұндай арыздардың басым бөлігі жұмыс берушілерден түседі. Азаматтар өз шағымында жұмыс берушінің еңбек келісім шартын жасамағанын, немесе атқарған жұмысын дұрыс бағаламағанын, артық жүктемемен жұмыс істесе де үстемеақы төлемегенін, сондай-ақ, жұмыстан негізсіз қысқартқанын, болмаса заңсыз шығарғанын алға тартып, соттан әділдік күтеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай мұндай қолайсыздықтардың орын алуына жұмыс берушілердің жауапсыздығы, азаматтардың құқықтық сауатсыздығы мен келісім-шартпен толық таныспауы, жекелеген жағдайларға мән бермеуі, кейде тіпті шарасыздығы түрткі болып жатады. Қарапайым ғана мысал. Біздің құқықтық мемлекетте кейбір азаматтар жұмысқа қабылданарда еңбек келісім-шартын жасау қажеттігін білмейді, талап етпейді. Әсіресе, күндік жұмыс істейтіндер, белгілі бір қызметті соңына дейін атқару міндетін алғандар келісім-шарт жасауға көңіл бөлмейді. Ал екіжақты еңбек келісімшарты жасалмаған соң жұмыс берушінің түрлі сылтау айтып келісілген қаржыны бермеуі, қысқартып беруі жиі кездеседі. Тіпті кей жағдайда азаматтар өзінің жұмыс істегенін дәлелдей алмай да жатады. Міне, осындай жағдайлардың алдын алу үшін азаматтардың құқықтық сауатын көтеру бағытында ауқымды жұмыс жүргізуіміз керек. Сонымен қатар, өндіріс барысында жарақат алу, еңбек алаңында көз жұму, денсаулығынан айрылу деректері де сот алаңында ара-тұра таразыға салынып жатады.

Бір өкініштісі, құқықтық сауатының аздығынан азаматтар құзырлы орындарға арызданып, өзінің еңбек құқығын қорғауға немқұрайдылық танытады. Бірақ, зайырлы қоғамда азаматтардың еңбегі бағалануы тиіс. Сот процесі кезінде де судьялар осы принципті басшылыққа алады.

Еңбек саласында құқығы бұзылған азаматтар келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгінетінін ескеруіміз керек. Еңбек кодексінде оның мерзімі көрсетілген. Бүгінде еңбек дауларын барынша тиімді, жедел, сапалы шешу үшін арыз-шағымдарды алдымен келісу комиссиясының қарауына беру көзделген. Келісу комиссиясы қос тараптың уәжіне көңіл бөліп, дауды ортақ мәмілемен шешуге басымдық береді. Ал дау келісу комиссиясында реттелмеген жағдайда, немесе тараптар келісу комиссиясында бекітілген шешімді орындамаған жағдайда іс азаматтық тәртіппен сотта қаралады.

Б.Амиркулов,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...