Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 1,4 тармақтарымен айыпталған Г. мен А-ның  қылмыстық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушылар Г. мен А. жәбірленуші К-ның  ұялы телефонын уақытша сұрап алып, «Kaspi kz» мобилді қосымшасы арқылы жеке кәсіпкер Ш-ның ғаламтор дүкенінен 600 000 мың теңге тауарлық несие рәсімдеп, әрі қарай, жәбірленушінің Kaspi gold есеп-шотынан тауарлық несие ретінде түскен 600 000 теңгеден жеке кәсіпкерге сыйақысын ұстатып, қалған соманы бірінің қолданып жүрген Kaspi gold есеп-шотына аудартып, жеке қажеттіліктеріне пайдаланған. Осылайша, олар бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау жолымен иемденіп, алаяқтық қылмысын жасаған.

Алайда, жәбірленуші К. келтірілген залал толық қайтарылғанын, қояр талап-тілегі жоқ екенін, сондықтан сотталушылармен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, сотқа өтініш келтірген.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес, сотталушылардың бұл қылмыстық әрекеті ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Осының негізінде сотталушылар ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық соты

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....

АПОСТИЛЬ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ СОТ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы немесе...