«Жұмыс тобымен» бірге сотталғандардың мекен жайын тексеру және олармен профилактикалық сұхбат жүргізілді

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті Алатау аудандық пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында 2024 жылыдың  қаңтар айының 11 күні. Алматы қаласы Алатау әкімдігі және Алатау аудандық прокуратурасы, жергілікті учаскелік полициясы, Алатау аудандық пробация қызметкерлерімен бірге сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерілді. Олардың әрқайсысымен профилактикалық бағытта әңгіме-сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар, жазасын өтеу кезінде жаза өтеу шарттары мен тәртібін бұзбауға, қайта қылмыс жасамауға, сотпен жүктелген міндеттерді орындауға, белгіленген бақылау тәртібін бұзбауға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға шақырды. Сотталғандар пробация қызметіне ескертпей, тұрғылықты мекен-жайы аумағынан алыс жерлерге кетуге болмайтынын айтып, бақылаудан жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны және қойылған талаптарды орындамаған жағдайда сот тағайындаған жазаны ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жіберілетіні туралы түсіндірілді.

Тексеру барысында түнгі мезгілде тұрғылықты мекен-жайында болмаған «М» есімді тұлға анықталды. Тәртіп бұзушы бөлімшеге шақыртылып, жазбаша түсініктемесі алынды. Оған сот тағайындаған жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жіберілетіні туралы ескерту жарияланды.

Алматы қаласы Алатау аудандық

                                                        ПҚБ аға инспекторы

                                                        әділет капитаны

                                                        Е.Н.Жұмағожаев

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...