Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды?

Жыл басынан бері 4,5 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4 пайыз) Өзбекстаннан, 19,3 пайыз — Қытайдан, 6,3 пайыз — Түрікменстаннан, 5,3 пайыз — Моңғолиядан, 13 пайыз — Ресейден және 3,7 пайыз басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен, Алматы (27,9 пайыз), Маңғыстау (13,9 пайыз), Түркістан (6,8 пайыз) және Жамбыл (5 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0 пайыз), Астана (11 пайыз) және Шымкент (6,5 пайыз) қалаларына қоныстанды.

Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны — 69,1 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші — 22,3 пайыз және зейнеткерлер — 8,6 пайыз. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5 пайызы жоғары білімді, 39,9 пайызы орта кәсіби білімді, 36,7 пайызы жалпы орта білімді және 4,8 пайызының білімі жоқ.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.