ЖПШ басталғаннан кейін жазаны ауыстыру туралы үш материал сотқа жіберілді

Ағымдағы жылдың 13-18 наурыз аралығында СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының ПҚБ қызметкерлері АПБ-мен бірлесіп бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстарды алдын алуға бағытталған «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шара шеңберінде қызметкерлер тұрғылықты жері бойынша бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталғандардың барлығын тексере отырып, рейдтер жүргізеді, көршілері мен туыстарынан сұхбат алады. Жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған адамдарға заңнамалық тәртіппен ықпал ету шаралары уақтылы қолданылатын болады, ал қасақана бұзылған жағдайда материалдар бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстыру үшін сотқа жіберілетін болады.

Қазіргі уақытта СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының ПҚБ есебінде бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған 75 адам тұр. Олармен құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстарды алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелер тұрақты негізде жүргізіледі.

ЖПШ басталғаннан бері Тайынша аудандық сотына бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы 3 материал жіберілді.

Тайынша ауданының ПҚБ

аға инспекторы

әділет капитаны

Д.Шарипов

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...