ЖИТС дерті бойынша профилактикалық жұмыстармен қарсы күрес

2023 жылдың 28-ші қараша күні №79 мекемесінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай АИТВ «Көшбасшылық қауымдастықтарға» атты мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматшалар арасында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу қызметкерлерімен бірлескен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында «ҮМІТ-НОРЕ-НАДЕЖДА» жеке орталығының қызметкері сотталған азаматшаларға » ВИЧ- ИНФЕКЦИЯ. ПУТИ ПЕРЕДАЧИ. ПРИНЦИПЫ ПРОФИЛАКТИКИ ВИЧ ИНФЕКЦИИ тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық материалдар таратылды. ЖИТС дерті бойынша профилактикалық жұмыстармен қарсы күрес туралы қойылған сұрақтарға жауап берілді. Медицина қызметкерлері сол бойда сотталғандарға өз қалауымен сараптамадан өтуге мүмкіндік жасады. Аталған шара барысында сотталған азаматшалар тақырып аясында суреттер насихаттап, көрініс көрсетіп, әуендер шырқады. Мекеме бастығының атынан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлеріне алғыс хат ұсынылды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...