Биыл Жетісу облысына келген туристердің саны 2 млн адамды құрады

Жетісу облысының табиғи климаттық жағдайы туризмді дамытуға өте қолайлы. Биыл 10 айда Жетісу облысына келген туристердің саны 2 млн адам болды. Оның ішінде 1,5 млн адам Алакөлдің жағалауына келген. Бұл жайында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бүгін Астана қаласында өткен брифинг кезінде айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Өздеріңіз де Алакөлді барып көрген шығарсыздар. Инфрақұрылымды дамыту үшін Алакөл мен Балхаш жағалауына апаратын жолдардың құрылысы келесі жылы толық аяқталады. Алакөлге жол салынып жатыр. Оның 90 пайызы аяқталып отыр. Жолдың бетінде шма дейді 7 см-лік үшінші қабатын бітіреміз. Балқашқа апаратын жолды 2024 жылдың қарашаның соңына дейін бітіреміз. Былтыр Үшарал әуежайы толық жөндеуден өтті. Онда үлкен габаридті ұшақтарды қабылдай алады. Алакөлдің жағасындағы Ақши ауылына Тальго пойызы қатынайтын болды.
Сонымен қатар 2024 жылы Балқаш көлінің жағасында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы басталады. Келесі жылға 2,1 млрд теңге бөлініп отыр. 2025 жылдан бастап Балқаш көлінің жағасында демалыс үйлері, қонақ үйлер салына бастайды. Биыл «Алтын емел» ұлттық паркінде құны 2 млрд теңге болатын визит орталық салынды. Осыдан 1,5 ай бұрын оның презентациясы өтті. Астанадан және басқа өңірлерден журналистер қатысты. Бәрін көрдіңіздер. Шоқан Уәлиханов музейіне баратын жол жөнделді. Музейдің өзі жаңғыртудан өтті,- деп атап өтті Б. Исабаев.

Одан бөлек Жетісу облысы құрылғаннан бері 16 елді мекен газға қосылған. Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекеннің 26-сы, Талдықорған қаласын қоса алғанда 298 мың адам газға қол жеткізген. Әзірге бұл көрсеткіш — 42,6%. Соның ішінде 16 ауыл облыс құрылғаннан кейін газдандырылған. Ал жыл соңына дейін тағы 8 елді мекен көгілдір отынға қосылады.

— 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекендер газдандырылады. Соның нәтижесінде 500 мыңнан астам тұрғын немесе жалпы халықтың 72% газға қол жеткізеді. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарын газдандыру үшін «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының ЖСҚ-сы әзірленді. 2028 жылға қарай 124 мыңға жуық тұрғыны бар тағы 66 елді мекенді газдандырамыз, — деді журналистерге өңірді газдандыру туралы баяндаған облыс әкімі.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 199,5 шақырым облыстық маңызы бар жолдар және 80 елді мекеннің ішкі көше жолдары жөнделеді деп жоспарланған. Соның нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесі 93 пайызға жетеді.

Ал орталықтандырылған сумен 358 елді мекеннің 323-і қамтылған. Жыл соңына қарай 2 ауыл орталық су жүйесіне қосылып, тағы 15 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...