Жетісу облысының дәрігерлері шалғай аудандарға барды

Талдықорған қаласындағы Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандық ауруханаларға барып, стационарлық ем қабылдап жатқан балалардың жағдайымен танысты. Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандық ауруханаларына барған дәрігерлер жағдайы ауыр пациенттерді емдеу әдісін бақылап, кеңес берді. Аталған аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Стыбаев Қамбар Дулатұлы:
-Біздің мақсатымыз — аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан кішкентай пациенттерге көмек көрсету және әріптесермен өз тәжірибемізбен бөлісу, кеңес беру. Пандемия кезеңінде тек zoom желісінде кеңес берсек, қазір тікелей пациенттің жағдайымен танысып, емдеуге мүмкіндік бар, — деді.

Анестезиолог-реаниматолог дәрігер Камбар Стыбаев тәжірибелі мамандардың бірі. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы шақыртумен келіп, жұмысқа кіріскен маман осы уақытқа дейін Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығында анестезия, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі болып 16 жыл қызмет атқарған.

Айта кетсек, Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бірқатар мамандары Қамбар Дулатұлының қатысуымен өзге де аудандық ауруханаларға баруды жоспарлап отыр.

Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле

       «Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле», «Сөз...

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...

Министрлік Қазақстан азаматтарының дербес деректерінің таралуы және олардың даркнетте тергеуі туралы ақпараттан хабардар

Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен байланыс ақпаратқа техникалық тексеру жүргізуде....

Алматы қаласы Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ақпараты

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан...