Жетісуда үш жыл бойы тоқтап тұрған «Ақсу» қант зауыты іске қосылды

Үш жыл бойы тоқтап тұрған «Ақсу» қант зауыты биыл жөндеуден өтіп, қайтадан жұмыс істей бастады, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыстың бүгінгі қарқыны жөнінде айтты.

Оның айтуынша, биыл Жетісу облысында 3 жылдан бері тоқтап тұрған «Ақсу» қант зауыты іске қосылды. Нәтижесінде биыл елімізде қант қоры жеткілікті болды.  

Қызылшаны субсидиялау тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. 15 мың теңгесін зауыт береді. Сонда бір тоннаға 40 мың теңге субсидия беріліп отыр. Соның нәтижесінде биыл себілген қант қызылшасының көлемі екі есе көбейіп, 8 мың гектарды құрады. Биыл қант зауыттарына 330 мың тонна тәтті түбір өткізіп, жыл соңына 42 мың тонна қызылшадан қант өндіруді жоспарлап отырмыз. Қант құрағын қосқанда 29 мың тонна қант өндіріледі. Сонда екеуін қосқан кезде облыста барлығы 71 мың тонна қант өндіреміз. Облыстың қажеттілігі – 11 мың тонна. Қалғанын басқа аймақтарға жеткіземіз, — деді Жетісу әкімі.

Бейбіт Исабаевтың сөзінше, биыл өңірде дәнді дақылдар 324 гектарға себіліп, 874 мың тонна астық жиналды. Гектардың орташа өнімділігі 25 центнерден, бұл республикалық аймақ бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Мал басының барлық түрі, ет, сүт өнімдерінің өсімі қамтамасыз етілді. Облыстағы төрт түлік малдың саны 3,2 млн басқа жетті. Жетісуда 120 ауыл шаруашылығы өнімін өндейтін кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 айда 70 млрд теңгеге азық-түлік өнімін өңдірді, — деді Исабаев.

Әкім Жетісу облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 32 млрд теңге бағытталса, оның ішінде 25,5 млрд теңгесі субсидия екенін атап өтті.

Мировое признание: предметы ЕНУ признаны лучшими в Казахстане по версии рейтинга QS

По результатам ежегодного предметного рейтинга QS World University Rankings...

ЕНУ вошел в топ-300 вузов мира по версии QS

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева подтвердил статус...

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндеті

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің мәртебесі елдің негізгі заңымен бекітілген....

Дербес кассациялық сот құрудың маңызы

Қазіргі құқықтық мемлекет жағдайында сот жүйесінің тиімділігі мен әділдігі...

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтің тиімділігі артты

2025 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы...