12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықпен күресте жауапкершілік керек


Сыбайлас жемқорлықпен күрес ешқашан да өзектілігін жоймайтын
мемлекеттік маңызы бар мәселе. Себебі, ол елдің дамуына, экономиканың
өсіп-өркендеуіне, нақты айтқанда, мемлекеттің болашағына кері әсерін
тигізеді.

Қазақстан алғаш рет «Сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес туралы» заңды
1998 жылы қабылдады. Онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған
қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары бекітілді. 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында да осы мақсат
көзделді. Өйткені, барлық заңсыздыққа азаматтардың құқықтық мәдениеті
арқылы ғана тосқауыл қоюуға болады.
Өкінішке қарай, жемқорлық көрінісі көбінесе мемлекеттік қызметкерлер
тарапынан орын алады. Сондықтан, 100 нақты қадам ұлт жоспарында
«Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» міндеті жүктелді. Соған орай,
мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталып,
мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуі олардың іскерлік
қасиеттерінің негізінде жүзеге асыру міндеттелді.
2020 жыл Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осы заңмен
мемлекеттік қызметшілерге, парламент депутаттарына және судьяларға
шетелдік банктерден шот ашуға, бұған қоса депутаттар мен мемлекеттік
қызметкерлерге, ұлттық компания басшыларына, олардың отбасы
мүшелеріне жеке немесе заңды тұлғалардан сыйлық алуға, сондай-ақ, беруге
тыйым салынды. Мұндай іс-әрекетке барғандар жауапкершілігі күшейтілді.
Сонымен қатар, жедел іздестіру мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру
қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттеріне жаза қатайды, нақты
айтқанда, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы
бекітілді.
Елімізде мемлекеттік қызметкерлерді іріктеудің ашықтығы мен таңдаулы
кадрларды алға жылжытуды қамтамасыз ететін Мемлекеттік қызмет туралы
заң бар. Сот өндірісіндегі заманауи технологиялар жемқорлықтың жолын
кесуде тиімді тетікке айналды. Қазіргі таңда сот саласындағы құжат
айналымы электронды түрде жүзеге асырылады. Азаматтардың сыбайлас
жемқорлық фактілері туралы оның ішінде мемлекеттік органдардың сенім
телефондары мен веб-сайттары арқылы кедергісіз ақпарат алуына барлық
жағдай жасалған.
Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
қалыптастыруды мектеп табалдырығынан бастаған жөн. Өйткені, жас
ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті бала кезден сіңіру, оларды
отансүйгіштікке тәрбиелейді. Өз құқығын жақсы біліп өскен адамның
жауапкершілігі жоғары болады және ол ешқашан да заңсыздыққа жол
бермейді.
Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үндейтін тиімді тетіктер
ретінде оның зияны мен мемлекеттің дамуына, ішкі және сыртқы
қауіпсіздігіне келтіретін қауіп-қатерін ұдайы насихаттау жолдарын атауға
болады. Ол үшін қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, барлық
мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік
танытуы тиіс. Конституциямен нақтыланғандай, заң мен соттың алдында
жұрттың бәрі тең болғандықтан, заң нормаларын бұлжытпай орындау
биліктің барлық деңгейінің алғы шарты болып саналады.
Мұхит Мұқашев,
Маңғыстау облыстық мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...