12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке өмір құпиясына қол сұғуға болмайды

Адам үшін ар-намыс пен абырой барлық уақытта жоғары тұрады. Өйткені, ар-намыс пен абырой, іскерлік бедел кез келген мемлекет пен қоғам үшін ең маңызды әлеуметтік-құқықтық құндылық саналады. Аталған құндылықтарды қорғау тәртібі елімізде Конституциямен, Азаматтық кодекспен жан-жақты қарастырылған. Осы кодекстің 143-бабына сай, ар-намыс пен іскерлік-беделге, қадір-қасиетке нұқсан келтіретін ақпараттардың шындығын  дәлелдеу міндетін оны таратқан адам көтереді. Өзі туралы жағымсыз ақпарат таратылғандар шындыққа сай келмейтін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап ете алады. Тек өзі жөніндегі мағлұматтардың жауапкер тарапынан шыққандығын дәлелдеу керек.

Қадір-қасиетті қорлайтын мәліметтерді таратқан БАҚ-тар олардың жалғандығы туралы жауапты тегін жариялауы тиіс. Бұдан бас тартқан  жағдайда іс сот тәртібімен қаралады. Теріс ақпараттар ұйымнан шыққан құжаттарда болса, олардың жалғандығы тиiстi адамға хабарланып, құжат алмастырылады. Бұдан басқа жайттарда терiске шығару тәртiбi сотпен белгiленеді.   Мұндай ақпарат жеке тұлғаға қатысты таратылса, сол азамат өзіне келтірілген залалмен қатар моральдық зиянды да өтетуге құқылы. Бұл норма заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғау барысында да қолданылады. Бірақ, заңды тұлғалар моральдық зиянды өтету туралы талап қоя алмайды. Бұлар үшін іскерлік беделді қорғауда залалдың орнын толтыру көзделген.

Кез келген заңсыз әрекеттің жауапкершілігі бар, яғни, соттың шешiмiн орындамаған тәртiп бұзушыға айыппұл салынады, сонымен қоса оған сот шешiмiн орындау мiндеттеледі. Азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намыс, қадiр-қасиетiне, сондай-ақ, iскерлiк беделiне дақ түсіретін мәліметтерді таратқан адам анықталмаған жағдайда зардап шегуші таратылған мағлұматтардың шындыққа жанаспайтындығын тану туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

Ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел туралы айтқанда жеке өмір құпиясына тоқталамай кете алмаймыз, себебі, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Көп жағдайда адамдар бір-бірінің қадір-қасиетін жеке бас құпиясын ашу арқылы түсіріп жатады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 144-бабында жеке бастың құпиясын сақтау құқығы айқындалған.  Адамның  тек өзіне қатысты хат жазысу, телефонмен сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, интимдік өмір, бала асырап алу сынды өмірлік құпияларын жария етуге заңмен тыйым салынған. Сол сияқты адвокаттық, медициналық, банктік құпиялар да қорғалады. Ел заңдарында тікелей белгіленген жағдайларда ғана жеке өмір құпиясын ашуға болады. Тіпті, қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал қайтыс болған жағдайда — мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға да ешкiмнiң құқығы жоқ.

Бабаларымыз «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы» дегенді бекер айтпаған. Тәуелсіз елімізде адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайтыны,  әркімнің жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы мен ар-намысы, сондай-ақ, қадір-қасиеті қорғалатыны Конститутциямен бекітілген.

Айгүл Медетова,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

В Алматинской области осужденные встретились с медиатором

В рамках реализации Дорожной карты по оздоровлению обстановки в...

Алматы облысында сотталғандар медиатрмен кездесті

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын...

Тәлімгермен кездесу

IІO алғаш қабылданған қызметкерлердің кәсіби денгейін арттыру мақсатында ҚР...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...