Жеке құрам қызметкерлері «Лейтенант» шенді атағын алды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Есенкелдиев Шәймерден Тәжіқұлұлының қатысуымен күн тәртібіне сәйкес аппараттық жиналыс өтті.

Аппараттық мәжілісте Қылмыстық-атқару жүйесі саласында бірнеше жыл қызмет атқарған ардагерлер мен арнайы шенді атағын алуға келген жас жеке құрам қызметкерлері және департамент қызметкерлері қатысты. Жиында ардагерлер алқасы сөз сөйлеп мәжілісті ашты. Сонымен қатар, департамент басшысы ҚР ерең еңбек етіп келе жатқан жас жеке құрам қызметкерлеріне яғни, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылық жасау тобының аға инспекторы әділет капитаны Исмайлова Жадыра Жанибекқызы арнайы атаулы «Майор» шенін алса №37 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет кіші сержанты Оразалина Азиза Асылханқызы мен ҚАЖ департаментінің басшылық жасау тобының инспекторы әділет сержанты Төребек Айдос Қалдыбекұлы арнайы атаулы «Лейтенант» шенін алды.

ҚАЖ саласының қиыншылығы мен ауырлығына шыдап, ер адамдармен иық тірестіре қызмет атқарып келе жатқан жандарды департамент басшысы Шәймерден Тәжіқұлұлы  арнайы атаулы атағымен құттықтады. Әрбір қиыншылықтың артында бір жақсылықтың тұрғанын, сондай-ақ, қызметтеріне абырой мен береке тілеп өз сөзін аяқтады.

Жаңа Азаматтық кодекс – құқықтық жүйені жаңғыртудың маңызды қадамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи...

Ата-ана құқықтарын шектеу және бала мүддесі

Ата-ана құқықтарын шектеу – ең алдымен баланың мүддесін қорғауға...

Денсаулық – басты құндылық: №68 мекемеде вакцинация жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеменің жеке...

Упор – на ранее выявление

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА ПРЕСТУПЛЕНИЯ СОВЕРШИЛИ ОКОЛО СЕМИ ТЫСЯЧ...

Аллея генералов

В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД РК ИМ. МАКАНА ЕСБУЛАТОВА СОСТОЯЛОСЬ...