Жеке құрам қасиетті айда қайырымдылық жасап алғысқа бөленді

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы қасиетті Рамазан айында кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.

Бұл жолы олар әдеттегідей, жалғызбасты, көп балалы ананың үйіне азық- түлік апарып, ораза ұстаған жасөспірімдерді құнарлы тағамдармен қамтамасыз етті.

Ал, мекеменің кадр саясат тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспекторы М.Тұрымбетов жарық көздерін жөндеп берді.

Қазақ халқы қайырымды іс жасап, тұрмыстық жағдайы төмен жандарға көмек қолын созуды ізгі қасиет санап, жетімі мен жесірін жылатпаған дана халық.

Осы ата- баба дәстүрін жалғастырып жүрген біздің мекеменің жеке құрамы әрдайым қоғамның бір бөлшегі ретінде, қолдауға зәру әлжуаз тобына қарайласып, материялдық тұрғыдан демеу көрсетуден қашпайды.

Бұл жолы да әдеттегідей жақсылық жасауға жаны құштар әділет старшинасы Тоқжолова Ақмарал Жармаханқызының бастамасына жеке құрам мен ерікті жалдамалы қызметкерлері ұйымшылдықпен қолдау көрсетті.

Нәтижиесінде, мекеме хатшысы Жұлдыз Қайратқызы белсенділік танытып, жиналған қаржыға үйелмелі-сүйелмелі 6 баласы бар жалғыз басты ананың сұранысы бойынша, бір отбасыға жетерлік азық түлік сатып алынды.

Жеке құрамның қарапайым халықтың сұранысына құлақ асып, жанашырлық танытуы, олардың бойындағы адамгершілік ар-ұжданның жоғары болуын танытады.

Бұндай іс-шаралар ҚАЖ қызметкерінің қоғамдағы имидждік сыйпатын арттырады — дейді, кадр саясат тобының қызметкері М.Тұрымбетов.

Біз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Күйеуіммен айырылысып кеткенмін. Жұмыс жасамаймын. Кішкентайым екіге де толған жоқ. Балалар сабаққа барады. Жоғарғы сыныптағы ұлдарым ораза ұстады. Бүгінгі погондағы азаматтардың әкелген азық түліктері үшін алғыс айтамын.

Тергеу мекемесінен келгендер бізге осымен екіншірет көмектесіп отыр. Бұл жолы да, үйіп-төгіп әкеліпті. Әділет капитаны елгезек жігіт екен, жарық көздеріндегі ахауларды жөндеп берді. Еңбектеріңізді жемісін көріңіздер – деп, аналық ақ тілегін айтып жеткізді.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...